(Коротков әдісі)
Артериялық қысымды өлшеудің кең таралған әдісі – Н.П. Коротков әдісі. Ол манжетамен қысылған артерия арқылы қанның өтуі кезінде пайда болатын дыбыстарды тыңдауға негізделген.
Ресейлік хирург Н.С.Коротков қан қысымын анықтаудың дыбыстық (аускультативті) әдісін жасап, оны 1905 жылы Императорлық әскери-медициналық академиясында ұсынды. Кейін бұл әдіс «Коротков әдісі» деп аталып, 1935 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдады.
Қанның артериялық қысымы (АҚ) – бұл жүректің жұмысы кезінде қанның тамыр қабырғасына түсетін қысымы. Қан қысымы жүрек қызметі және артериялық қабырға тонусына байланысты. Осы негізгі факторлардан басқа, қан айналымының көлемі, қанның тұтқырлығы және т. б. қан қысымының мөлшеріне әсер етеді.
(Қан қысымын 5 минут аралықпен екі рет өлшейді. Екі көрсеткіш бойынша орташа нәтижесі тіркеледі).
Достарыңызбен бөлісу: |