Тірек-қимыл аппараты, оның жасқа байланысты дамуы. Бұлшық ет жүйесі



бет21/26
Дата27.12.2023
өлшемі5,17 Mb.
#144483
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Тірек-қимыл аппараты, оның жасқа байланысты дамуы

Өсу барысында балалардың көмірсу қажеттілігі жоғары, себебі ыдырау қарқыны бұл кезде үздіксіз жоғары деңгейде болады. Және жас өспірімдерде көмірсу белок пен майдан өте аз мөлшерде түзіледі, сондықтан оның қоры көп болмағандықтан жылдам жұмсалады.Ал,жалпы алғанда, бала денесінде көмірсу тиімді түрде сіңеді. Дене массасының 1кг-ы шаққанда көмірсуының мөлшері емшектері нәрестеде 10-12г, 1-3жаста-12-13г, 4-7жаста-13-14г, 8-13жастағы балаларда-10-11г болады. Ересек адамдарда оның мөлшері 3г/кг-нан аспауы керек.

Су мен тұздардың организмдегі маңызы мен мөлшері, жас ерекшеліктері

Тұздардың организмдегі маңызы мен мөлшері,жас ерекшеліктері. Тұздар адам тамағына қажетті. Бірақ олар қуат көзіне жатпайды, клеткалар мен организмнің сұйық ортасының құрамында кіреді,сөйтіп ішкі ортаның тұрақтылығын және тіршілікті сақтауға қажет ұлпаларда, әсіресе сүйекте жеткілікті болуы тиіс. Тұзсыз нервтің, еттің қозу белсенділігін мүмкін емес. Организмдегі ұлпалардың құрамында 3,45%кальций,1,58% фосфор,0,65% калий,0,45% хлор,0,1% магний болады. Бұларға қосымша иод, темір, бром, мыс, цинк сияқты микроэлементтер бар. Олар қан өндіруге, гомондардың түзілуіне қатысады. Тұздар денедегі осмостық қысымды реттейді, қанның сілтілі-қышқылды реакциясын бір қалыпта сақтауға қатысады, катализаторлық қызмет атқарады,сүйек,шеміршек т.б. ұлпалардың құрамына кіркп, олардың беріктілігін қамтамасыз етеді. Фосфор мен күкірт мидың құрамына кіреді, натрий мен калий жүйке жүйесінің қызметінде маңызды орын алып, электрофизиологиялық жағдайын қалыптастырады. Темір гемоглобиннің құрамына қажет. Фосфор, күкірт, натрий, калий, кадьций т.б. организмге айтарлықтай шамада қажет.

Молибден, мыс, кобальт қан өндіру қызметіне қатысады,йодқалқанша безінің гормонының құрамына кіреді, фтор тіс ұлпасының,әсіресе эмалінің дұрыс қалыптасуына қажет. Бұлар организмге аз мөлшерде қажет болады, сондықтан микроэлементтер деп аталады.

Жалпы алғанда микроэлементтер зат алмасуын реттейді.Көптеген микроэлементтер белокпен қосылып ферменттер, гормондар мен витаминдердің түзілуіне қатысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет