Қуық (орыс. мочевой пузырь, ағылш. vesica urinaria, лат. vesica - көпіршік, лат. urina — зәр, несеп) — бүйректе түзілген зәр несепағар арқылы ағып келіп, уақытша жиналатын, пішіні алмұрт тәрізді қуыст
Қуық (орыс. мочевой пузырь, ағылш. vesica urinaria, лат. vesica - көпіршік, лат. urina — зәр, несеп) — бүйректе түзілген зәр несепағар арқылы ағып келіп, уақытша жиналатын, пішіні алмұрт тәрізді қуысты мүше.
Қуық (орыс. мочевой пузырь, ағылш. vesica urinaria, лат. vesica - көпіршік, лат. urina — зәр, несеп) — бүйректе түзілген зәр несепағар арқылы ағып келіп, уақытша жиналатын, пішіні алмұрт тәрізді қуысты мүше.
Қуық негізінен дененің жамбас қуысында орналасады. Зәрге толған кезде ғана құрсақ қуысына қарай шығады. Ол қуық төбесінен, қуық денесінен және жіңішкерген қуық мойынынан тұрады.
Қуықтың қабырғасы үш қабықтан:
ішкі — кілегейлі қабықтан
ортаңғы — етті қабықтан және
сыртқы — сірлі қабықтан (адвентициядан) құралған.
Бүйрек — зәр түзе отырып, қаннан шығатын бөлінділерді сүзетін, арқа жотадан төмен орналасқан, асбұршаққа ұқсас үлкен мүше. Оның жоғары полюсінде эндокрин бездері -қыртысты және ми қабатынан тұратын бүйрек асты бездері орналасқан.Адам бүйрегінің массасы-150 г. Бүйрек ұлпасы сыртқы қоңырқай түсті қыртысты қабаттан және ішкі бозғылт түсті ми затынан тұрады.Ми затында ұштары бүйрек астауына бағытталған пирамидалар орналасқан.
Зәрағар немесе Несепағар (лат. ureter) — бүйрек түбегінен басталып, құрсақ қуысының бел аумағы арқылы жамбас қуысындағы қуыққа дейін созылған түтікше мүше (несепағар деп те аталады). Ол құрсақ қуысындағы қысқа қатпарға ілініп, оның бүйір қабырғасында орналасады.
Тері, оның құрылысы мен қызметінің жас ерекшеліктері
Тері адам денесінің сыртқы жабын мүшесі.
Теріде,морфофункциялық бірлікте тұратын эпидермисті,дерманы,тері асты шел майын бөледі.
Терінің пайда болуы ұрықтың 1 апталығында эктодерма мен мезенхимадан басталады.