Тірек-қимыл аппараты, оның жасқа байланысты дамуы. Бұлшық ет жүйесі


Балалар мен ересек адамның минерал заттарына мұқтаждығы әртүрлі. Минерал заттарының тамақта жеткіліксіз болуы бала организміндегі зат алмасуын бұзады,олай болса баланың өсуі мен дамуы кешігеді



бет22/26
Дата27.12.2023
өлшемі5,17 Mb.
#144483
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Тірек-қимыл аппараты, оның жасқа байланысты дамуы

Балалар мен ересек адамның минерал заттарына мұқтаждығы әртүрлі. Минерал заттарының тамақта жеткіліксіз болуы бала организміндегі зат алмасуын бұзады,олай болса баланың өсуі мен дамуы кешігеді.

1жасқа дейінгі балалар үшін кальций көп мөлшерде қажет, бұл кезде оның қажет мөлшері 2жастағыдан 8есе артық. Кальций мен фосфор тұздарының ара қатынасы мектеп жасына дейінгі балаларда 1:1.8-10жаста 1:1,5жас өспірімдер мен жоғарғы сынып оқушыларында 1:2. Мұндай арақатынаста қаңқа дұрыс өсіп, жетіледі. Кальций мен фосфордың ара қатынасы сүттің құрамында өте жақсы теңестірілген, сондықтан балалардың тамақ мәзіріне сүтті міндетті түрде енгізу қажет.

Денедегі судың маңызы, жасқа байланысты мөлшері . Организмнің тірлігі үшін аса маңызды заттардың бірі-су. Ол организмнің ішкі ортасын құрады.Ересек адамның дене салмағының әрбір килограмм массасына 0,4л су қажет. Ал нәрестелерде бұл мөлшер 5есе артық. Егер баланың денесінде су жетіспесе, оның өсуі тежеледі. Жалпы ер адамның денесінің 61% әйел адамның 50%судан тұрады.

Денедегі судың маңызы, жасқа байланысты мөлшері . Организмнің тірлігі үшін аса маңызды заттардың бірі-су. Ол организмнің ішкі ортасын құрады.Ересек адамның дене салмағының әрбір килограмм массасына 0,4л су қажет. Ал нәрестелерде бұл мөлшер 5есе артық. Егер баланың денесінде су жетіспесе, оның өсуі тежеледі. Жалпы ер адамның денесінің 61% әйел адамның 50%судан тұрады.

Физиологиялық тұрғыдан судың екі түрін айыру керек: ішкі және сыртқы. Сыртқы суға адамның ішетін шайы, сұйық тағамдарының құрамындағы,түрлі сусындар жатады. Әрбір тағамның құрамында белігілі бір мөлшерде су болады. Ішкі суға дененің ұлпаларының құрамындағы су жатады. Мысалы, денедегі 100г май толық тотыққанда 107мл су шығады. Ішкі су организмнің тірлігін сақтауға жеткіліксіз,сондықтан ересек адам тәулігіне 2,0-2,5 л сыртқы суды,яғни сұйық тамақтың,сусының құрамындағы суды қабылдауы тиіс.

Адам су ішпесе шөлдеп,тіршілігі төмендейді,қаны қойылып, тандайы кебеді. Адам толық ашығып, бірақ су ішсе 55-60 күн өмір сүреді, ал су ішпесе, 8-10күн ғана өмір сүре алады. Су келесі қызметтерді атқарады: ферменттердің қоректік заттарды ыдыратуына қатысады, тағы да қан мен лимфаға қоректік заттардың сіңіуіне,газ алмасуы, зат алмасу қалдықтарын тазалап, сыртқа шығаруға,дене жылуының тұрақтылығын сақтауға қатысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет