Тірек-қимыл аппараты, оның жасқа байланысты дамуы. Бұлшық ет жүйесі



бет24/26
Дата27.12.2023
өлшемі5,17 Mb.
#144483
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Тірек-қимыл аппараты, оның жасқа байланысты дамуы

Қоректік заттар денедегі ұлпалардың клеткаларында ферменттердің қатысуымен тотығады. Клеткада ядро мен протоплазманың құрамындағы белок, май, көмірсу ыдырайды. Мұнымен қатар қажетті заттар клеткада өндіріліп,ыдыраған заттардың орынын басады. Сөйтіп организм мен сыртқы ортаның арасында зат алмасуы үнемі болып тұрады да, клеткалар жаңарып отырады.

Организм бүйрек,тері,өкпе және ас қорыту жолдары арқылы денеде жиналған қажетсіз заттарды ыдыраған түрде сыртқа шығарылған мочевина,фосфор қышқылы,көмірқышқыл газы,азот,аммиак т.б заттарды сыртқы ортада өсімдіктер пайдаланады да күн сәулесінің қуатын пайдаланып олардан жасыл жапырақтарда белоктар,май, көмірсу түзіледі. Мысалы, организмде белок түгел тотықпайды, оның тотығуының нәтижесінде мочевина, креатин, креатинин, аммоний тұздары сияқты заттар пайда болады.

Организмдегі тотығатын қоректік заттың түрі тамақтың құрамына байланысты.

Денеге сіңген 1л оттегінің жылулық эквиваленті әртүрлі болады.Оттегінің к а л о р и а л ы қ э к в и в а л е н т і деп 1л О2 сіңген кезде шығатын жылуды айтады.

Зәр шығару жүйесінің физиологиясы, оның жасқа байланысты дамуы. Тері, құрылысы мен қызметі, жасқа байланысты дамуы. Тері күтімі

жоспары:

1.Зәр шығару мүшелерінің құрылысы мен қызметі.

2.Тері, оның құрылысы мен қызметінің жас ерекшеліктері

3.Тері гигиенасы

4.Балалар киімдеріне қойылатын гигиеналық талаптар

Зәр шығару мүшелерінің құрылысы мен қызметі

Зәр шығару жүйесі — адамның ағзасында, дәлірек, қанда, болатын зат алмасу процесі кезінде бөліп шыққан сұйық күйдегі соңғы қалдық заттарды сыртқа бөліп шығарып, ағзадағы су мен тұздың балансын (қалыпты жағдайда болуын) қадағалайтын жүйе.

Зәр шығару жүйесіне кіретін бүйректе жаңадан қан түзетін гемопоэтин гормоны мен қан қысымын реттейтін ренин гормоны түзіледі. Егер зәр шығару жүйесінде ақау пайда болса, салдары ауыр болуы ғажап емес. Асқынған түрі кейде адам өліміне әкеп соғады.


1
2
3
4


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет