Бұл заттардың бір-бірімен қосылыс жасау мүмкіндігі 4 түрлі, соған байланысты адамдардың қанын 4 топқа бөліп АВО жүйесі деп атаған:
1. Эритроциттерінде агглютиногендер жоқ, бірақ плазмасында екі агглютининдері ά, β де бар кісілер. Мұндай адамдар 40%, олар І-топқа жатады;
2. Қанының эритроциттерінде агглютиноген А, плазмасында агглютинин β бар адамдар 39%, олар II-топқа жатады;
3. Эритроциттерінде агглютиноген В, плазмасында агглютинии ά бар кісілер 15%, олар Ш-топқа жатады;
4. Эритроциттерінде агглютиноген А және В бар, плазмасында агглютининдер жоқ кісілер 6%, олар IV-топқа жатады.
Осы агглютиногендер мен агглютининдердің бір-бірімен кездеспеуін көздеп, донор мен реципиенттің қандарын тексереді. АВО жүйесінен басқа түрлі адамдар топтарында кездесетін қанның қорғаныс жүйелері бар екені анықталды. Оның ішінде алғаш рет макака-резус маймылдарының қанынан табылған резус-фактор деп аталған заттың маңызы күшті. Бұл зат адамдардың 85%-ында бар, ал 15%-ында жоқ. Резус-факторы бар адамдарды оң-резусты (RҺ+), жоқ адамдарды теріс-резусты (Rh-) деп атайды. Егер Rһ- кісіге RҺ+ адамның қанын құйса, ол реципиентте сол факторға қарсы антидене пайда болады. Ал екінші рет сондай қан құйылса, бұрын пайда болған арнайы аглютиногендер эритроциттерді бір-біріне жабыстырып, кызметін тоқтатады да, адамның өміріне қауіп төнеді. Осы резус-факторға байланысты Rh- жүкті әйелдердің ұрығына Rh+ әкесінің факторы тұқым қуалап ауысқанда жүкті әйелдің қанында ұрықтың факторына қарсы антидене пайда болып, түсік түседі. Сондықтан жүкті әйелдердің канында Бұл фактор болмаса, оның күйеуінің қанының факторын тексереді де, ол Rh+ болса, түсік болмаудың камын ойлап, арнайы емдейді. Сонымен, қанды құю үшін реципиентің қанының АВО және Rh-факторын міндетті түрде тексеру қажет.
Жүректің құрылысы мен қызметі, гигиенасы
Жүрек - көкірек қуысында орналасқан қан айналу жүйесінің орталык мүшесі. Жүрек еті, қаңқа еттері сияқты, көлденең жолақ ет талшықтарынан құралады. Бірақ қаңка еттерімен салыстырғанда, оның морфологиялык және физиологиялық ерекшеліктері бар. Калың ет пердесі оны оң және сол бөлімге бөледі. Көлденең пердемен жүрек жүрекше мен карыншаға бөлінеді. Сонымен, омыртқалы жануарларда жүрек төрт камерадан: екі жүрекшеден және екі қарыншадан тұрады. Жүрекшелер мен қарыншалар арнаулы тесік аркылы қосылады да, бұл жерде жармалы какпақшалар тек карынша бағытында ашылып, қанды жүрекшеден қарыншаға өткізеді. Қарыншалар жарылған кезде бұл қақпақшалар жабылады да, канның кері — жүрекшелерге өтуіне мүмкіндік бермейді. Жүректен кіші және үлкен шенберлердің басталар жерінде (өкпе артериясы мен қолқаның басталар жерінде) тек тамырлар бағытында ғана ашылатын жарты айшық какпақшалар болады. Жүрек босаңсыған кезде бүл какпақшалар жазылып, тесіюі жабады да, канның кері карыншага отуіне бөгет жасайды. Сонымен, кдқпакшалардың арқасында кан жүректен тек бір ғана бағытқа — вена тамырларынан жүрекшелерге, жүрекшелерден қарыншаларға, ал қарыншалардан артерияларга өтеді.