Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі қабаты эндокард, ортаңғысы — миокард, ал сыртқысы - эпикард деп аталады.
-Эндокард жүректің ішкі бетін жауып жаткан жұка қабыкша.
-Миокард — жүректің ет қабаты. Оның қалыңдығы жүректің әр бөлігінде әр түрлі және жүрек камераларының аткаратын кызметтеріне байланысты. Қарыншалар кабырғасы жүрекшелер кабырғасымен салыстырғанда қалындау, ал сол карыншаның миокарды оң карыншаның миокардынан қалындау. Онын себебі қанды үлкен шенберге қуалау үшін сол қарыншаға үлкен күшпен жиырылуға тура келеді.
-Эпикард — жүректің сыртын жауып жатқан, жұқа қабықша. Ол жүрек табанында жүректің сыртын қаптап жататын берік дәнекер тканьнен түзілген жүрек кабына — педикардқа айналады. Перикард пен эпикард аралығындағы куыста сұйықтық болады. Ол жүрек жүмысы кезінде қабықшалардың өзара үйкелісін азайтады. Перикард жүрек еттерінің шамадан тыс босаңсуына мүмкіндік бермейді.
Жүректің қызметі
Жүректің негізгі қызметі организмдегі қанды кан тамырларына қуалау. Ол бұл жұмысты еттерінің жиырылуы мен босаңсуы арқылы аткарады. Жүрек еттерінің жиырылуын систола, босаңсуын — диастола деп атайды. Жүрек еттерінің бір рет жиырылып босаңсуын және тыныштық кезеңімен өтуін жүрек айналымы немесе Жүрек циклі дейді. Жүрек циклі жүрекшелердің жиырылуынан басталады.
Қан айналу жолдары
Қанайналым жүйесі — денедегі қан немесе гемолимфаның үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ететін тамырлар мен қуыстардың жүйесі. Көптеген омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталмаған, яғни қан тамырларының аралықтарында қан құйылатын саңылаулы қуыстар болады. Адам мен барлық омыртқалы жануарларда және кейбір жоғары сатыдағы омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталған, яғни қан тек бір-бірімен толық байланысып жалғасып жатқан қан тамырлары арқылы ғана қозғалады.
Қанайналымның қызметі
-тасымалдау (қан тамырларын бойлай ағып, организм үшін көптеген қызмет атқарады. Ол оттекті жасушаларға тасып, көмірқышқыл газын тыныс алу мүшелеріне жеткізеді);