Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында мұғалімді бейіндеп даярлау мәселелері



Pdf көрінісі
бет12/26
Дата09.03.2022
өлшемі0,76 Mb.
#27361
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
Тренинг – маманды кәсіби әрекеттің нақты әдістері мен процедураларына

кезеңмен,  практикаға  сүйене  отырып үйретуді қолдау.  Тренингте  оған

қатысушылардың өзара әрекеттесе отырып  мәселені әрқырынан  талқылау

қамтамасыз етіледі.  Мұндай  тұлғааралық  қарым-қатынаста өзіне-өзі баға беру,

өзіне басқалардың көзімен қарау, өзгенің пікірін  тыңдау,  келісе  алмаса  да

түсінуге тырысу, басқа да көзқарас-пікірлерге деген төзімділік және әр адамның

шығармашылық жекелігі қалыптасады.  Алдына қойған  мақсат-міндеттеріне

қарай тренингтер әртүрлі  аталады  және ұйымдастырылуы  да әрқалай  болады.

Мысалы:



креативтілік  тренингі мұғалімдердің шығармашылық ойлауы  мен

шығармашылық елесін дамытуға бағытталады;



қарым – қатынас тренингі әр түрлі  адамдардың тілдік қарым-қатынас

стилін  жасау, өзара әрекеттестікті  тиімді  ететін  коммуникативтік  біліктерді

жетілдіруге қызмет етеді;

әр түрлі  педагогикалық жағдаяттарды  шешуге  бағытталған  тренингтер



мұғалімдерде оқушылармен ынтымақтасу дағдыларын қалыптастырады.


39

Тренингтер  топтық және  жұптық жұмыстарды ұйымдастырып өткізу

мақсатын алға қоятын болғандықтан, ондағы дәріскерлердің ролі мен орны аса

маңызды. Ол  мұндай  жұмыстарды фасилитатор,  модератор  ролінде немесе

супервизия  жасау  арқылы  жүзеге  асырады. «Модератор» ұғымына  тоқталсақ,

ол – білім  алушылардың ішкі  мүмкіндіктерін  ашуға  бағытталған  еркін

коммуникация,  ашық ой  пікір білдіре  отырып сауатты  шешім қабылдауды

ұйымдастырушы.  Ол  білім  алушылардың ойының бұғаудан  босауына,  еркін

болуына  көмектеседі.  Супервизия

тәжірибелі  маманның



бақылаусыз,

бағалаусыз, психологиялық жағымды жағдайда білім көтерушіге кеңес беруі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет