Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында мұғалімді бейіндеп даярлау мәселелері



Pdf көрінісі
бет14/26
Дата09.03.2022
өлшемі0,76 Mb.
#27361
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
Пікірталас әдісі. Пікірталасқа деген тұрақты қызығушылық ХХ-ғасырдың

30-жылдарынан  басталады.  Оның дамуына  швейцар  психологы  Жан  Пиаже

еңбектері ықпал еткен. Пікірталас – түйткілді мәселе жайлы еркін пікір алмасу.

Ондағы басты нәрсе – айтар ойды фактілерге сүйене, логикаға сыйғыза отырып

дәлелдей  алу,  жай  эмоцияға  берілу құпталынбайды. Өйткені  ол  дәйек,  дәлел

емес.


Пікірталасты ұйымдастырушы  ортада  дұрыс,  жағымды,  іскерлік  ахуал

орната  алуы  тиіс. Ол үшін: қысқа-нұсқа  сөйлеу,  айтылған  ойды  сынға  алмау,

әзілге айналдырмау,  тақырыптан  ауытқымау,  нақты,  адал, әділ  ой  айту,

басқаларды  тыңдай  білу  сияқты

қарпайым  ережелердің

орындалуын

қамтамасыз етуі  керек.  Пікірталас тақырыбы  оның мақсатына  сай,  көкейтесті,

қатысушылардың

қызығушылығын

тудыратындай, 

теориялық

және


практикалық тұрғыда талдауға келетіндей болғаны дұрыс.

Пікірталастың кезеңдері:

мәселенің көкейкестілігі жайлы кіріспе сөз;



қызықты, қарама-қайшылыққа негізделген фактілерді келтіру;

аудиторияда пікірлер, көзқарастар қарама-қайшылығын тудыру;



оларды ортаға салу, «ақтау», «даттау»;

талдаудың шырқау шегі (айтысу, салыстыру, дәлелдеу т.б.) ;




40

финал  (өзіндік  көзқарас,  пікірлердің пайда  болуы, ұйымдастырушының



сұрақтарына жауап беруі, қорытындыға келу).

Пікірталас өткізу алдын-ала  дайындықты қажет ететін  жұмыс. Әдетте  ол

курстық жұмыстың соңғы  аптасында, талданып  жатқан  тақырып  төңірегінде

біраз  жұмыстар  жүргізілген  соң  ұйымдастырылады.  Оқытушы  бұл  жұмыстың

нәтижелі болуы үшін  алдымен  пікір  талас тудыратын  мәселені  дұрыс  таңдай

білуі  керек.  Ол  «ия»,  «жоқ» деп  беретіндей  проблемалық сұрақ түрінде

жұпталады. Содан соң «ақтаушылар» мен «даттаушылар» болып кіші топтарға

бөлінеді. Топтардың тақырыптың өздері таңдап алған позициялары шеңберінде

дәлелдер  мен  дәйектер  келтіру

үшін  уақыт

беріледі.  Топ  атынан

сөйлеушілерден  талап  етілетін  басты  шарт  дәлелдердің нақты  фактілерге

цифрларға  негізделуі,  мәселе  шеңберінен  шықпай  сөйлеу,  пікірталасты  дау-

дамайға айналдырмау, қарсы жақтың пікірін құрметтеу т.б.

Біліктілікті арттыру  аясында ұйымдастырылған «Мектеп  директоры



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет