Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында мұғалімді бейіндеп даярлау мәселелері



Pdf көрінісі
бет8/26
Дата09.03.2022
өлшемі0,76 Mb.
#27361
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
біріншіден – мұғалімдердің мақсаткерлігі,  яғни  сабақтың мақсатын қою

дамыта 


оқыту

қағидаларына 

сәйкестендіріледі. 

Сабақ


мақсаттарын

тұжырымдауда 

бұрынғыдай 

«түсіндіру, 

білдіру, 

меңгеру, 

тәрбиелеу,

дағдыландыру,  дамыту»  сияқты  етістіктерді қолдану  азайды.  Шығармашыл

мұғалім  сабақтағы  оқушылардың мақсаттарын  да  анықтап,  олардың  өздерін-

өздері дамыту әрекетіне  басшылық жасайтын  болғандықтан,  ол  жоғарыдағы

шаруаларды  тек өзі  атқармайды.  Олардың орындалуына  жағдай  жасайды.  Бұл

оның жаңа фасилитаторлық қызметімен байланысты.



Екіншіден – сабақтағы  мұғалімнің позициясы өзгереді.  Оқушылардың

субьектілігін  дамыту үшін  мұғалім  олардың  әрекетін ұйымдастырушы,  бағыт

беруші,  дер  кезінде  көмектесуші  ролінде  болуына қарай  нақты қадамдар

жасалады.



Үшінші

өзгеріс


деп,  сабақты

өткізу


әдістері  мен  формаларының

жаңашылдығын айтқан  болар  едік. Сабақта  парталардың басқаша қойылуынан

бастап,  сабақтың дидактикалық элементтерінің тұтастай  жаңаруы,  соған  сай



35

оқушылардың

танымдық

белсенділігінің

артуы,

сабаққа 


деген

қызығушылықтарының,  коммуникативті  мәдениеттері  мен  сыни  ойлауының

жоғарлауы орын алады.

Мұғалімдерде  болған



төртінші

өзгеріс


олардың  әдіснамалық

мәдениетінің деңгейлерінің жоғарлауы.  Оны  біз  мұғалімдердің зерттеушілік

әрекеттердегі

сауаттылықтарының

артқандарынан 

байқадық.

Оқыту


технологияларын  енгізу  барысында  оқушыларды  зерттеу, өз  тәжірибесінің

жетістіктері  мен  кемшілік  тұстарын, өзінің болашақтағы  жұмыс  бағыттарын

айқындай  алуы,  соған  сәйкес  түзету әрекеттерін  таңдай  білуі,  жұмысының

нәтижелерін  жинақтай  алуы  сияқты  сапаларынының  өскенін  анықталды.

Мұғалімдер  рефлексия  жасауға  машықтанады. Өздерінің кәсіби өсу  дәрежесін

анықтаудың құралдарын меңгереді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет