Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында мұғалімді бейіндеп даярлау мәселелері



Pdf көрінісі
бет17/26
Дата09.03.2022
өлшемі0,76 Mb.
#27361
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
III Нобайлаудан кейінгі кезең;

1) обьектіні

зерттеу  кезіндегі  кездескен

қиыншылықтардан

шығу

шешімінің табылуы;



2) нобайға сүйене отырып жаңа білімнің қалыптасуы;

3) нобайлауды ретке келтіру;

4) нобайлауды қалыпқа келтірудегі қиындықтар.

Біліктілікті  арттырумен  айналысқан  көп  жылдық тәжірибемізде жиі

қолданылатын өзара белсенділік жағдайында жүретін жұмыстың бірі- шеберлік

кластары.  Курс мұғалімдердің кейде біліктілікті  арттыру  институттарының

әдіскерлері мен  оқытушыларының  өз  жетістіктерін  және  тәжірибесін  ортаға

салу мақсатында ұйымдастырылатын іс-шара.

Білім алудың әр түрлі жолдары бар десек, солардың бірі мұғалімдердің бір-

бірінен үйренуі,  тәжірибе  алмасуы.  Шебер  кластары  осы  мақсатты  тиімді

шешетін,  оны өткізуші  мұғалім үшін  де, қатысушыларға  да  шеберлікті

шыңдауға  ықпал  ететін  жаңашылдық бағыттағы  игі қадам  деуге  болады.

Сондықтан өзінің шығармашылық шеберлігін  шеберханада  ортаға  салатын

мұғалім алдында:

- Өз тәжірибемнің қандай қырларын шеберханада көрсеткенім дұрыс?

- Оны қандай тәсілмен жарыққа шығаруым керек?

- Практикаға  көңіл  бөлу  керек  керек  пе,

әлде


оның

теориясына

тоқталғаным жөн бе?» - деген сұрақтар төңірегінде дұрыстап ойлану тұрады.

Ақыл-кеңес

беретін

әдіскерлер  де  осы  бағытта  толғанып,  шебер-

кластарының  құрғақ есепке  айналып кетпеуіне  көңіл  бөлген  дұрыс. Шебер

кластарында шебер – мұғалім өз  тәжірибесінің тереңіне  тағы  бір  бойлап,

ондағы

теориялық-сарпатамалық,



сипаттаушылық-әдістемелік

түйіннің


үйлесімді болуын ойластырған жөн.

Шығармашыл мұғалім оқушыға дайын білім бермейді, оның өзінің табиғи

нышандарын  және  ойлау жүйелерін  саналы  түрде  дамытуға әсер  ететін

мотивтерін қалыптастырады.  Сол  себепті де  мұғалімнің шығармашылық

әлеулетін дамыту бүгінгі  біліктілікті  арттыру  жүйесі  алдында  тұрған өмірді

шығармашылықпен өзгерте алатын тұлға қалыптастырудың негізгі кілті болып

табылады [14]. Семинарлар  мен  практикалық жұмыстар да  біліктілікті

арттырудың формалары  болып  табылады.  Бұларда мұғалімдердің дәріске

қатысу барысында  алған  мәліметтеріне әрі қарай тереңдей  түсу,  ол  білімдерді

өз бетінше  толықтыру, өз тәжірибесімен  салыстыру  сияқты мәселелер

шешіледі.  Семинар  барысында мұғалімнің белсендірудің жолдарын  іске

асырудың  құралдарын тиімді  пайдалана алуы өте  маңызды болып  табылады.

Оның барысында  білім  алушылардың

алдын-ала  берілген

тапсырмалар



42

бойынша өз  жұмыстарын қорғау ұйымдастырылады.  Мұндай  жұмыс  кезінде

оқытушы  мәселе  бойынша жанды  пікір  алмасуды қамтамасыз  еткені  жөн.  Ал

практикалық жұмыстар аудиториялық және  білім  мекемелеріндегі болып

бөлінеді.  Аудиториялық жағдайда техникалық  құралдар  (бейне  сабақтар,

компьютерлер,  т.б.)

қолданылса,  оқу  орындарында

өтетін  практикалық

жұмыстар  алдын-ала үлкен  дайындықты  талап  етеді. Бұл  кезеңде тақырып

обьектілер, анықталады, жоспар жасалып, жауаптылар белгіленеді, ақыл-кеңес,

нұсқаулар  беріледі.  Негізінен  4-6  сағатқа  созылатын  практикалық жұмыста

білім  көтеруші  мұғалім  теориялық білімнің практикадағы  көрінісін байқай

алады, қосымша  мәліметтер  жинақтайды.  Бұл жұмыста  да  жаңаша  мына

төмендегідей етіп ұйымдастару өзінің тиімділігін  көрсетті.  Мысалы;  алдында

ғана талданған  «қазіргі  дидактика»  тақырыбындағы ұжымдық дәрістен  кейінгі

семинарда  тыңдаушылар  топтарда әр  түрлі  сабақтардың  үлгі  жоспарларына

талдау  жасайды.  Ал практикалық жұмыс әдеттегідей білім  мекемелерінде

немесе институттың бейне сабақтар қорында қортындыланады.

Семинарлық және  практикалық жұмыс  барысында  мұғалімдердің өз

тәжірибесінен  хабарламалар  жасау,  панорамалық

сабақтар


өткізу,  т.б.

жұмыстарды ұйымдастыру  мұғалімнің өз шығармашылығымен  бөлісуін,

басқалардың идеясымен  толықтырылуын,  талдау, өзіндік талдау қабілеттерін

қалыптастыруға мүмкіндік  береді.  Біліктілікті  арттыруды  технологияландыру

байырғы лекция (дәріс) оқыту формасы ретінде мүлдем қолданылмайды деген

жаңа  ақпаратқа  негізделген,

ғылыми  тұжырымдамалар  философиялық

заңдылықтар 

жайындағы, 

психологиялық

ойлар 

турасындағы



тың

мағұлматтарды  көсіле қызықтыра  баяндау  тиімді  екенін айтқан  жөн  болады.

Мұндай дәрістердің де өн бойына қызықты деректер, проблемалық жағдаяттар,

диалог 


элементтерін 

енгізу 


мұғалімдердің

танымдық


белсенділігін

арттыратындығы сөзсіз.

Мұғалімнің  өзін  ойландыруға  бағытталған қазіргі  дәрістерді ақпараттық

технологияларды  пайдалану  арқылы өткізу  тиімді. Мысалы өз  тәжірибемізде

қолданылып жүрген мультимедиялық презентациялар түрінде ұсынылған дәріс

өзінің дамытушылық әлеуетінің мол екендігін көрсетті. Әрине, бұл дәріскерден

үлкен теориялық тереңдікті, әдістемелік  шеберлікті,  шығармашылық ізденісті

әсіресе компьютермен жұмыс жасай білуді талап етеді.



Дәріс – білім  алушыларды  білім, ғылым  саласындағы  жаңа  бағыттар

жайлы  түсініктер  беру үшін  жаңа  идеяны  насихаттау,  жаңа  хабарламалар

жасау,  жаңа  тәжірибені  жеткізу  мақсатында қолданылатын  кең тараған  оқыту

әдістерінің бірі.  Бұл – жоғары оқу  орындары  мен қосымша  білім  беру

мекемелерінің оқу үрдісінде қолданылады.  Дәрістің маңызды  сапасы  оның

ғылымилығы, өмірмен  байланылыстылығы, өміршеңдігі.  Дәріс  барысында

ақпараттың  ғылымилығы,  оның дәйектілігі  мен  дәлелдігі қамтамасыз  етілуі

керек. Мүмкіндігіне қарай  аудиовизуалдық  құралдар қолдану  оны  тартымды

етеді.  Дәріс  мақсатына қарай:  кіріспе,  жинақтау, қалыптастыру;  мазмұнына

қарай:  ақпараттық

шолу,  авторлық;

ал

әдісіне



қарай:  репродуктивті,


43

жинақтаушы, проблемалық болып бөлінеді. Соңғы  уақыттарда оқытудың жаңа

технологиялары,  белсенді  оқыту  формасы  деген  көзқарастар  пайда  бола

бастады.


Дәстүрлі  дәрістің тағы  бір  кемшілігі,  онда мұғаліммен кері  байланыс

жоқтың  қасы.  Дегенмен  бұл  формада  ақпаратты  таратудың ең жылдам  жолы

болғандықтан, дәрістен бас тартуға болмайды. Екінші жағынан қазіргі уақытта

білім  алушылардың

дайындық

деңгейлерін  есепке  ала  отырып,  оны

ұйымдастырудың формасы, әдісі  мен  мазмұнын өзгертуге  болатындығын

айтқымыз  келеді.  Ол  дәріскерлердің мына  факторларды  есепке  алуын  талап

етеді:  мұғалімдердің дәрісті  тыңдауға  дайындығын,  олардың ынта-ықыласын

арттыруға әсер  ете  алу,  дәріскердің айтқалы  тұрған  ойына өзінің толық

сенімінің болуы,  басқаларды  сендіре  алуы, мұғалімдердің көзқарастарына өз

эмоциясын білдіре алуы.

Мұғалімдердің біліктілігін  арттыру,  оларды қайта  даярлау  курстық

жұмыстар  барысында мұғалімдердің өзін белсенді  жағдайға қоятын  дәріс

түрлерін 

кеңінен 


пайдаланған 

жөн. 


Мысалы:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет