Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында мұғалімді бейіндеп даярлау мәселелері


-қосымша «Бейінді  оқыту  және  болашақ



Pdf көрінісі
бет23/26
Дата09.03.2022
өлшемі0,76 Mb.
#27361
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
2-қосымша

«Бейінді  оқыту  және  болашақ

мұғалімді  даярлаудың»  арнайы

курстың жоспары:

Кіріспе


1. Білім – мәдениеттің элементі ретінде.

1.1 ХХІ ғасырдағы білімдегі мәселелер.

1.2 Қазақ тілі  мен әдебиеті  білім  саласының мәселелері. Қазақстандағы

қазақ тілі және әдебиеті білім саласының даму тарихы.

1.3 Мұғалім – білім беру үдерісіндегі басты тұлға.

2. Оқытудың жаңа технологиялары.

2.1 Проблемалық оқыту – дамыта оқытудың элементі ретінде.

2.3 Қазақ тілі мен әдебиетін саралап оқыту.

2.4 Қазақ тілін оқытудағы жобалау әдісі.

3. Бейінділік идеясы және оны жүзеге асыру.

3.1 Білімді бейімдеу.

3.2  Түрлі  бағыттағы  сыныптарда қазақ тілі  материалдары  мазмұнын

талдау.

3.3 Элективті және тереңдетілген курстар бағдарламаларын әзірлеу.

3.4 Қазіргі қазақ тілін  оқыту  барысында  оқушыларды  оқу-танымдық

әрекетке ұйымдастыру.

3.5 Бейімдеу саяхаттарын ұйымдастыру.

4. Оқушылардың ҰБТ тапсыру дайындығын ұйымдастыру.

5. Қорытынды сабақ.

Кіріспеде  курстың мазмұны,  мақсаты  мен  міндеттері,  оның мұғалімді

кәсіби-әдістемелік дайындаудағы рөлі қарастырылады.

1.1-1.3  дәрістерінде  мынадай  мәселелер қарастырылады:  ХХІ ғасырдағы

Қазақстандағы білім  жүйесінің  қазіргі  жай-күйі,  тарихи  экскурс. Әртүрлі

тарихи кезеңдердегі оқытудың мақсаттары. Білім жүйесіндегі реформалар, даму

болашағы мен бағыттары. Өзге елдердегі оқыту үдерісінің ерекшеліктері. Қазақ

тілін  оқыту  саласындағы қазіргі  зерттеу  еңбектері.  Мұғалім  мәдениеті. Қазіргі

мұғалімнің

бейнесі.  Педагогикалық  қызметтің

стильдік  ерекшеліктері.

Құзыреттілік туралы түсінік. Мұғалімнің жеке қасиеттері.

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін, мысалы, қазақ

тілін оқытудағы педагогикалық жаңа технологияларға, проблемалық оқыту, іс-

әрекеттік оқыту,  саралап  оқыту  секілді  технологияларды қолдану  кезінде

танымдық  әрекетті құру ерекшеліктеріне  байланысты.  Осы  технологиялар

бойынша  оқушыларға  мына  мазмұндағы  дәрістер ұсынылады:  проблемалық

оқыту  негізінде  білім  алушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру  ерекшеліктері:

проблемалық сабақ жоспарлау,  нақты  материалдарды  талдау,  материалдың

дидактикалық

мазмұнын

құру,  мәселелердің

шешімін  табу  бойынша

оқушылардың  өзіндік

әрекетін

ұйымдастыру,  проблемалық

оқытудың



61

технологиялық

сызбасы,  проблемалық

жағдаяттар

құрудың  әдістемелік

тәсілдері.



Саралап 

оқыту:

психологиялық-педагогикалық

негіздер, 

түрлері.


Саралаудың екі  түрі:  ішкі  және  сыртқы.  Оқушыларға  жеке әдіс  жүргізу

әдістемесі.  Мектепте қазақ тілі  бойынша  сыныптан  тыс  жұмыс  түрлері.

Факультативтік  сабақтарды  жүргізу әдістемесінің

ерекшеліктері.  Таңдау

курстары.

Жоба  түсінігі.  Жобалау әрекетін ұйымдастыру  ерекшеліктері.  Тақырып

таңдау,  міндеттер қою,  мәселелерді  тұжырымдау,  шешу  жолдары. Қазіргі

мектепте жобалау әдісін қолдану ерекшеліктері.

Осы  секілді  дәрістерді  оқып  болған  соң, оқушылар  теориялық білімдерін

практикалық-семинар сабақтарында қолданады.

1.  Проблемалық

сабақты  жоспарлау  және  оны

өткізу

әдістемесі:



материалдарды  іріктеу,  оның мазмұнын құру;  проблемалық жағдаяттар құру;

мәселелердің шешімін  табу әрекетін ұйымдастыру.  Рефлексия  түсінігі,  оның

түрлері.  Проблемалық сабақта  рефлексияларды ұйымдастыру  тәсілдері  мен

әдістері.

2.  Мақсат қою;  материалдар  іріктеу,  сабақта қалыптасатын әрекеттерді

анықтау;  оқушылармен  бірге  жұмысты ұйымдастыру;  топтық жұмыс  тәсілін

қолдану; рефлексия ұйымдастыру.

3.  Саралап  оқытуды ұйымдастыру әдістемесі. Оқушылардың ақыл-ой

мүмкіндіктерін, қызығушылықтарын  ескере  отырып,  жеке әдістерді  жүзеге

асыру. Бейінді сыныптарға арналған әртүрлі деңгейлік тапсырмаларды іріктеу.

Бейінді  оқыту  идеясын  дамыту.  Бейінді  оқытуды  енгізуге  сүйенетін

нормативтік құжаттар, қаулылар.  Жаратылыстану-математика  және қоғамдық-

гуманитарлық бағдарлардың ерекшеліктері.  Тереңдетіп  оқытатын  сыныптарда

қазақ тілін оқытудың ерекшеліктері. Түрлі бағыттағы сыныптарға арналған оқу-

әдістемелік құралдар.

Осыған байланысты мұғалімдер төмендегідей білім мен білікті меңгереді.

1.

Әртүрлі  бейінді  сыныптарда



қазақ

тілі  материалдарын  оқыту

ерекшеліктері. Бөлімді, тарауды ғылыми-әдістемелік талдау, базалық материал;

бөлімде оқытылатын негізгі түсініктер мен ережелер. Әртүрлі бейінді сыныптар

оқулықтары  бойынша  таңдаған  тақырыптарын  салыстыру  және  талдау,

түсініктерді анықтау тәсілдері мен әдістері.

2.  Элективті  курстарға  арналған  материалдарды  талдау  және  дайындау.

Құжаттамаларды ресімдеу  және  бекіту.  Элективті  курс  бағдарламаларын

әзірлеу. Түсінік хаттар мен элективті курсқа тақырыптық жоспарлар құру.

3. Әрекет  түрін  анықтау  бойынша  оқушылармен  танысу, ұйымдастыру

жұмыстары.  Жаңа  ақпараттық технологияларды қолдану  арқылы қазақ тілі

мәселелерін баяндауда мұғалім жұмысының ерекшеліктері.

4.  Экскурсия  міндеттері.

Өңірлік  компоненттерді  ескере  отырып,

экскурсия  тақырыптары.  Экскурсияның  қазақ тілі  курсымен  байланысы.

Экскурсияға алдын ала дайындау.




62

Курсқа оқушыларды ҰБТ-ға дайындау тақырыбы енгізілген. Өйткені ҰБТ

қазіргі мектептердің ажырамас  бөлігі  болып  табылады,оқушылар үшін ҰБТ

ұйымдастыру жөнінде  ақпарат  алудың маңызы  зор.  Бұл  дәріс  мынадай

мазмұннан тұрады:

ҰБТ


жүргізу 

ерекшеліктері.

ҰБТ-да

қолданылатын



қазақ

тілі


тапсырмаларының типтері. ҰБТ-ға дайындау  тәсілдері.  Жаттығулар  мен

тапсырмаларды  типтері  мен  күрделілік  деңгейіне  байланысты  жіктеу. Өте

күрделі тапсырмаларды шешу әдістемесі. Тестерді мұғалімдердің өздері құрып,

пән сабақтарында көрсетуі тиіс. Онда олар тест сұрақтары мен тапсырмаларын

талқылап, кемшіліктерін анықтайды, содан соң түзетулер енгізіледі.

Оқу үдерісін  осындай  курстар  арқылы ұйымдастыру  бейінді  оқыту

жағдайында қазіргі  мектептерде  студенттердің жұмыс  істеуге қажетті  білім,

біліктерді  алуына  мүмкіндік  береді,  ал  бұл өз  кезегінде  тірек  мектебі

(ресурстық орталық) мұғалімінің кәсіби  даярлығын  арттыруда үлкен  рөл

атқаратыны сөзсіз.




63



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет