Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында мұғалімді бейіндеп даярлау мәселелері


-қосымша Педагогикалық кеңесті өткізудің үлгісі



Pdf көрінісі
бет24/26
Дата09.03.2022
өлшемі0,76 Mb.
#27361
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
3-қосымша

Педагогикалық кеңесті өткізудің үлгісі

Педагогикалық кеңесті инновациялық тұрғыда дайындап өткізу белгілі бір

ережелер мен ұстанымдарды басшылыққа алуды талап етеді.

Олар:  педагогикалық кеңестің әрбір мүшесінің  құндылығын  ескеру,

ынтымақтасу, 

бірлескен 

шығармашылық,

жеке  бастамашылдық,

жеке

шығармашылық  үлес, әр  көзқарастың мәнінің болуы.  Мұндай үлгідегі



педагогикалық кеңестерді өткізуге мектеп басшыларынан бастап, директордың

орынбасарлары,

әдіс 

бірлестік 



жетекшілері, 

педагогикалық

кеңес

субьектілерінің



шығармашылық

зертханасы  деуге  болады.  Бұл

әрекет

рефлексивті,  бағдарламалық, теориялық, зерттеушілік,  талдау,  жобалаушылық,



ұйымдастырушылық-басқарушылық, 

өнімді-шығармашылық,

түзетушілік

сипатта болуы тиіс.



Рефлексивті.

Педагогикалық

кеңесті

ұйымдастыру 

мен

өткізу


барысындағы  модель  сыни  бағалау,  мәселені  шешудің мүмкін  жолдарын

ұсынуға бағытталған.  Сонымен қатар  педагогикалық  ұжымның белгілі  бір

мәселені шешу тәжірибесіне өзіндік баға беру арқылы жаңа белестерді белгілеу

болып табылады.



Бағдарламалық. Бұған  сәйкес  мектеп  басшылары  кезекті  педагогикалық

кеңесті  дайындап өткізетін  топты  анықтайды,  олар өз  кезегінде  кеңестің

мақсатын,  міндеттерін,  мазмұны  мен  жоспарын әзірлейді  ақпарат  жинақтау

тәсілдерін анықтайды, оны талдау мен сараптаудың құралдарын таңдайды.



Зерттеушілік. Бұл  жобада ұйымдастырылған  педагогикалық кеңеске

арнайы  шақырылған ғалымдар,  психологтар  мен  педагогтар  арнайы  дәрістер,

басқа да танымдық іс-шаралар өткізеді. Ал шығармашылық топтар:

1) педагогикалық кеңестің күн тәртібіндегі мәселеге орай психологиялық-

педагогикалық, әдістемелік әдебиеттер, нормативті құжаттарға шолу жасайды;

2) қарастырылып  жатқан  мәселе  бойынша  біріңғай  терминдер  сөздігін

немесе глоссарий жасайды;

3) теориялық семинарлар өткізеді;

4) педагогикалық кеңес тақырыбының өзектілігін негіздейді;

5) әріптестерінің тәжірибелерін талдайды, көрсетеді;

6)  мектептің  құжаттарын  зерттейді,  сабақтағы  оқушы  мен  мұғалімнің

әрекетін бақылайды;

7) мұғалімдермен оқушылармен әңгімелер өткізеді;

8)  ата-аналар,  оқушылар,  мұғалімдер  арасында  сауалнамалар  жүргізіп,

оларды қорытындылайды.

Сараптамалық

педагогикалық

кеңесте  барлық

ақпарат  талданып

жинақталады  (мәліметтер,  сауалнамалар,  бақылау  нәтижелері  т.б.).  Шешілген

және әлі  шешімін  таппаған  мәселелер  анықталады.  Шешілмеген  мәселелердің




64

себептері  айқындалып, қосымша  мүмкіндіктер қарастырылады.  Нәтижелер

сараптамалық кестеге, сызба-нұсқаларға, диаграммаларға түсіріледі.

Жобалаушылық бағыттағы  педагогикалық кеңестерде шығармашылық

топтар қарастырылатын  мәселенің негізгі  бағыттарын,  формалары  мен  шешу

әдістерін алдын-ала жобалап, көпшілік назарына ұсынады.

Ұйымдастырушылық-басқарушылық

бағытындағы 

педагогикалық

кеңестерді  дайындауда  мектеп  басшылары  кафедра  аралық  (әдіс  бірлестік

аралық) шығармашылық топтар құрады.  Топтардың міндеттері:  ақпараттарды

жүйелеу,  библиография  жасау,  картотека әзірлеу,  пікірталасқа  сұрақтар

дайындау, педагогикалық кеңестің өтілу формасын таңдау.

Өнімді – шығармашылық мақсаттарын  алдына қойған педагогикалық

кеңесті өткізуге  жауапты  адамдар қарастырылатын мәселе  бойынша ұжымдық

ойлау әрекетін (ой қозғау т.б.) ұйымдастырады. Бұған сондай-ақ хабарламалар,

баяндамалар,  экспресс-ақпараттар,  авторлық бағдарламаларды  талдау  жатады

және  оппоненттердің зерттеу  нәтижелеріне  байланысты  талдаулары  енеді.

Педагогикалық кеңестің нәтижесі  ретінде  талданған  мәселені  кафедралардың

(басқа да құрылымдардың) ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қорғауы танылады.

Түзетушілік іс-әрекет педагогикалық кеңес  біткен  соң жүзеге асады.

Шығармашылық топ  педагогикалық кеңестің шешімі  бойынша  педагогикалық

ұжымның жұмысына өзгерістер  енгізіп,  кемшіліктерді  түзету  барысында

мұғалімдерге жеке нұсқаулар мен кеңестер ұйымдастырады.

Мұндай

үлгідегі 



педагогикалық

кеңестер


өткізудің

мұғалімнің

шығармашылығының дамуына әсері  мол  екені  түсінікті.  Инновациялық

бағыттағы  педагогикалық кеңестерде  жалпы  алғанда  мәселенің обьективті

шешімін табу үшін демократия, диалог, полилог, пікірталасты тиімді қолдануға

жағдай жасалады; жеке адамға-қатысты қарастырсақ, шығармашылық әрекеттің

тетіктерін  меңгеру,  шығармашылық кеңістікке  шығудың мүмкіндігі, әдіс

таңдау  мен  ішкі  күштерді  жұмылдырудағы  еркіндік, өз  бетіндік әрекетті,

бастаманы, тапқырлықты ынталандыру жүзеге асады.

Педагогикалық кеңестерді  бұлайша ұйымдастырудың екінші  ерекшелігі

әр түрлі жастағы, психологиялық-педагогикалық дайындық деңгейлері әрқалай,

қарастырылып отырған  мәселені  шешуге  деген қажеттіліктері  бірдей  емес,

оның

практикалық



маңыздылығы

әр 


текті 

түсінетін 

педагогтардың

шығармашылық жұмысқа  даралай  және  саралай  тартылуымен  сипаттталады.

Бұл үлгі әр  мұғалімге  теориялық білімнің және  практикалық біліктің  қажетті

минимумын  алуды қамтамасыз  етеді.  Сонымен қатар  шығармашыл  мұғалім

үшін

ол  минимумның



мөлшерін  арттыра  отырып,

өзін-өзі


таныту,

шығармашылық  әлеуетін  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді.  Сипатталып

отырған

үлгінің  үшінші  ерекшелігі  оның  ұйымдастырылуындағы  және

әдістемелік жағындағы икемділік.



65



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет