Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында мұғалімді бейіндеп даярлау мәселелері



Pdf көрінісі
бет6/26
Дата09.03.2022
өлшемі0,76 Mb.
#27361
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
«Мұғалімнің

шығармашылығы – нәтиже  кепілі» деген тақырыпта өткен  педагогикалық

кеңес  мысал  бола  алады.  Оған  дайындық екі  кезеңнен  тұрады.  Ең алдымен

педагогикалық кеңес  мүшелері  төмендегі  тақырыптар  бойынша  жұмыс  жасау

үшін 7 топқа бөлінді:



1-топ «Шығармашылық» ұғымның мәні, белгілері, деңгейлері.

2-топ «Мұғалім шығармашылығының көзі неде?»

3-топ «Шығармашылықтың шарттары»

4-топ «Мұғалімнің қандай сапалары шығармашылыққа әкеледі?»

5-топ «Педагогикалық шығармашылықтың формалары»

6-топ «Мұғалімнің шығармашылық әлеуетінің дамуының факторлары»

7-топ-«Шығармашыл мұғалімнен шығармашыл оқушыға» [14].

Педагогикалық кеңестің табысты өтуі  оған  дайындық жұмысының

нәтижелілігімен  тікелей  байланысты.  Дайындық кезеңінде  топтарға кеңестер

беріледі,  мектеп  кітапханасында әдебиеттер  жинақталады.  Кейбір  зерттеуді

талап  ететін  мәселелер  бойынша  оқушылар  мен  мұғалімдер,  ата-аналар

арасында  сауалнамалар,  тестер  жүргізіліп  деректер  жинақталды.  Топ

мүшелерінің таңдап алған тақырыптары бойынша дайындалу үшін 2-3 аптадай

уақыт  беріледі.  Топ  жұмысына  басшылық жасайтын  мектеп  басшыларының

өкілі немесе  мектептің  ғылыми  жетекшісі  кеңестер  беріп  отырды, қажетті

әдебиеттер табуға  көмектесті.  Жұмыс  барысында  негізінен  топтың тақырыпты

өз бетінше зерттеуі,  мәнін  ашуы, қорғауы,  талқылайтын  мәселе  бойынша

педагогикалық кеңестің шешімін  тұжырымдау  тапсырылды.  Мұғалімдердің

ұжым болып  ойлауы  кеңестің жүру  барысында  жүзеге  толық асты  деуге

болады. Ол үшін кеңес өтетін лайықты орын дайындалып онда топтар бойынша

отыруға  жағдай  жасалады.  Бірлесіп  жұмыс  жасау,  мәселені  бірлесіп  талқылау

үшін жағымды  психологиялық ахуал  орнату қатысушылардың көңіл-күйлерін

көтеріп,  іске  деген құлшыныстарын  тудыратындай,  сонымен қатар  бүгінгі

талдануға тиісті мәселенің көкейкестілігін сезіндіретіндей психологиялық ойын

жүргізілді.  Топ  атынан  сөйлеушілерге  жарыс  сөздің  қандай  бағытта  болуы

жөнінде  алгоритмі  тағы  бір  рет  түсіндірілді.  Мысалы:  мәселені  теориялық

тұрғыдан  негіздеу;  практикадағы  жай-күйіне  нақты  талдау  жасау  (жетістіктер,

кемшіліктер);  осы  мәселе  дұрыс  шешімін  табу үшін  мектеп әкімшілігіне,




32

педагогикалық 

ұжымға 

берілетін

ұсыныстар. 

Шығып 


сөйлеушілер

көрнекіліктер,  сызбалар,  графикалық бейнеулерді қолдануларына  мүмкіндік

берілді.  Топ  мүшелері  көтерген  мәселелер ұжымда  талқыланды,  түскен

сұрақтарға  жауаптар  берілді.  Педагогикалық кеңестің шешімі әр  топтың

ұсыныстарынан түзілгендіктен, оларды қайта қарап редакциялау сарапшыларға

тапсырылды.  Кеңеске қатысушы әр  мұғалімнің оған қатысымшылдығы,

жауапкершілігі  артып, өздері қабылдаған шешімді  жүзеге  асыруға  деген

қызығушылықтары бар екендігі сезілді.



Тірек  мектебі  (ресурстық орталық) жағдайында мұғалімнің кәсіби

шеберлігін  жетілдіру  мақсатында өз  бетінше  білім  көтеру  жолдарының бірі –

мұғалім портфелін (Портфолиосын) жинақтау болып табылады.

Портфолионың мақсаты: мұғалімнің кәсіби  дамуының нәтижелерін

көрсету. Бұл әдіс педагогикаға саясат, бизнес салаларынан келген.

Портфолио – белгілі  бір  мерзімде – мұғалімнің жетістіктерін  жинақтау,



бағалау тәсілі.

мұғалімнің  өзі  таңдаған саладағы  еңбектері  бойынша  нәтижелерін



көрсететін жұмыстарының коллекциялары.

мұғалімнің өзі үшін де, тексерушілер мен басқарушылар үшін қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет