Тірек-қозғалыс аппараты зақымданған тұлғаларға физиологиялық-педагогикалық сипаттама



бет3/5
Дата24.03.2023
өлшемі113,84 Kb.
#75860
1   2   3   4   5

Церебралды сал ауруын емдеудің кешенді шараларына дәрі-дәрмекпен емдеу, түрлі массаждар, емдік дене шынықтыру, ортопедиялық көмек, физиотерапиялық процедуралар жатады. БЦС-ға шалдыққан балалармен жүргізілетін коррекциялық-педагогикалық жұмыстардың бірнеше негізгі принциптері бар:

  • Церебралды сал ауруын емдеудің кешенді шараларына дәрі-дәрмекпен емдеу, түрлі массаждар, емдік дене шынықтыру, ортопедиялық көмек, физиотерапиялық процедуралар жатады. БЦС-ға шалдыққан балалармен жүргізілетін коррекциялық-педагогикалық жұмыстардың бірнеше негізгі принциптері бар:
  • 1. Баланың үздіксіз даму динамикасына сәйкес, қозғалу, сөйлеу және психикалық кемістіктерінің бір-біріне әсерін үнемі есепке алып отыру коррекциялық-педагогикалық жұмыстың кешенділік сипатын анықтайды. Бұл бала дамуындағы коррекциялық жұмыс нәтижелерінде кері кетушілікке жол бермеу үшін қажет.
  • 2. Баланың аман қалған функцияларына сүйене отырып онтогенетикалық әсер етуді неғұрлым ертерек бастау принципі. Бала өмірінің бірінші айларында-ақ кейбір патологияларды диагностикалауға болатынына қарамастан БЦС-ны емдеуді тек 3-4 жастан кейін ғана бастайтын жағдайлар аз емес, бұл жағдайда мамандарға алдын алу жұмысын емес, қалыптасып үлгерген сөйлеу және психика дефектілерін емдеу жұмыстарын жүргізуге тура келеді. Неғұрлым ерте анықталып, ертерек жүргізілген коррекциялық-педагогикалық жұмыс көп жағдайда балалардың сөйлеу және психикалық кемшіліктерін мейлінше азайтуға, тіпті кей жағдайларда толықтай жоюға мүмкіндік береді.

3. Коррекциялық жұмысты жетекші іс-әрекет аясында ұйымдастыру:

  • 3. Коррекциялық жұмысты жетекші іс-әрекет аясында ұйымдастыру:
  • • 1 жасқа дейін жетекші іс-әрекет - үлкендермен эмоциялық қарым-қатынас;
  • • 1-ден 3 жасқа дейін – заттық іс-әрекеттер;
  • • 3 пен 7 жас аралығы – ойындық іс-әрекет;
  • • мектеп жасында оқып-үйрену іс-әрекеттері.
  • 4.Психологиялық және сөздік дамуын динамикада үнемі, үздіксіз бақылау;
  • 5. Баланың ата-анасы және жақын ортасымен тығыз қарым-қатынас, бірлескен іс-әрекет.
  • Соңғы жылдары қимыл-қозғалысында дефектілері бар балалар жалпы білім беретін мектептерге бұрынғы уақыттарға қарағанда көптеп келе бастады. Бұлар, көбіне, сколиозбен, жамбас сүйегінің туғаннан шығып кетуімен, БЦС-мен зардап шегетін балалар. Мұндай балалардың сырт адамның көмегінсіз жүріп-тұруға, киінуге, өзін-өзі күтуге шамасы келе бермейді. БЦС-мен ауыратын балалардың қолдары жұмыс жасамауы мүмкін, жүрістері де орнықсыз, тіпті қатты толқыған немесе қорыққан кезде олар құлап та қалуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет