Қалыптастырушы бағалау және кері байланыстың түрлері: 1.Құрастыр, сосын жауап бер Шарты: Оқушыларға жауап бергенге дейін өз ойларын жинақтауға мүмкіндік беріңіз–
Сіз жаңа тақырыпты оқыған кезде не туралы білгіңіз келді?
Білімді бағалау үшін мұғалімнен немесе басқа оқушылардан сұраңыз;
Сіз өз біліміңізді бұдан әрі жақсартқыңыз келген білім/түсінбеу саласын көрсетіңіз.
Сыныпта сұрақтарға арналған қорапша қоюға болады, оқушылар оған сабақ аяқталғаннан кейін өз сұрақтарын салады.
Немесе арнайы сабақ ұйымдастыруға болады, онда оқушылар бүкіл сынып болып жұмыс істейтін немесе келесі сабаққа негіз болатын сұрақтарды құрастырады.
3. «Күту уақыты»Күту уақыты оқушыларға ойлануға және жауап беруге мүмкіндік береді. Сыныптағы барлық балалар бір бағытта және бірдей ойлай бермейді – күту оқушыларға өз ойын жинақтауға және берілген сұраққа жауапты ойластыруға мүмкіндік береді. Күту уақытының 2 түрі:
-Мұғалім айтады, содан кейін оқушылар өз жауаптарын бергенге дейін үзіліс жасайды. -Оқушы жауап беруді аяқтайды және мұғалім оның жауабына қатысты әрекет еткенге дейін кідіріс жасайды. Бұл амал оқушыға ойын толықтыруға және жалғастыруға немесе басқа оқушыға жауап беруіне мүмкіндік береді.
4. «Көршіңізге айтыңыз» «Көршіме айтамын» әдістемесі оқушылардың өз ойларын ауызша білдіруі үшін қолданылады.
- Сұрақ қойыңыз, ойлануға уақыт беріңіз, содан кейін оқушылардан өз ойларын көршісімен бөлісуін сұраңыз
- Оқушыға жаңа тақырыпты атаңыз және оларға аталған тақырып бойынша ненің мәлім екені туралы бәрін көршісіне айтуын сұраңыз.
5.«Идея туралы пікір» Сіз сұраққа жауап алған болсаңыз, бұл ой туралы басқалардың пікірін сұрай отырып, ойлау логикасын дамытыңыз.
Мысалы: “Сіздер _________идеясы туралы не ойлайсыздар?
6. «Түйінді сәттер» Ауызша тапсырмалармен қатар, жазбаша тапсырмаларды әзірлеген кезде бұларды орындау оқушылар оқып жатқан тапсырмалардың түйінді сәттерін түсінуге және дамытуға әкелетін болсын.
7. «Топтық кері байланыс»Сыныптастардың жұмысын бағалауға қатысты топтық кері байланыс мұғалімге оқудағы қажеттіліктерді қарапайым түрде анықтауға көмектесе алады. Егер топ кері байланыс ұсынатын болса, бұл мәселеге назар аудартып, жүйелендірілген, талқыланған тапсырмаларға қатысты ақпарат береді (сонда мұғалім қайталауға арналған жаттығуларды азырақ бере алады).
8. «Сыныптастарды бағалау»Оқушылар бағалау критерийлеріне сәйкес бір біріне жұмысы үшін баға қояды. Бұл оқу туралы ойлануға және түсінуге көмектеседі, бұл оқушыларға үздік жұмысты көруге және орын алған түсінбеушілікті шешуге мүмкіндік береді. Аталған құрал жеке сабақтарда және жұмыс схемаларында қолданылуы мүмкін.