Өсімдік ұлпалары
Ұлпа дегеніміз
-шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы
Өсімдіктердегі ұлпаның түрлері
-6 (түзуші, жабын, негізгі, тірек, өткізгіш және бөліп шығарушы)
Түзуші ұлпа
-сабақтың, тамырдың ең ұшына орналасқан. Ұдайы бөлінуге қабілетті, бір-біріне тығыз жанасқан тірі жасушалардан тұрады. Басқа ұлпалардың барлығы осы ұлпадан түзіледі
Жабын ұлпа
-өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап, кеуіп кетуден, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайды. Өң, тоз, қыртыс деп 3-ке бөлінеді
Өң
-жасушалары тірі, бір-бірімен тығыз жанасқан.Суды артық буландырудан, зақымданудан қорғайды.
Өсімдік сыртындағы түктер
-өңнің өсіндісі
Тоз
-көп жылдық өсімдіктерде өңнің орнын басатын қабат. Су мен улы газдарды, жылуды, дыбысты ішке өткізбейтін, шірімейтін тығыз көп қабатты болады.
Қыртыс
-ең соңынан түзілетін қабат
Негізгі ұлпа
-өсімдіктің барлық мүшелерінде кездеседі. Атқаратын қызметіне байланысты фотосинтездеуші, қор жинаушы, су жинаушы, ауа жинаушы деп бөлінеді.
Фотосинтездеуші ұлпа
-жасушаларының қабығы жұқа, жасушааралықтары кең, хлоропластары көп болады.
Қор жинаушы ұлпа
-өсімдік сабағында, пиязшығында, жапырағында, жемтамырында,тамырсабақта кездеседі.
Су жинаушы ұлпа
-жасушаларының қабығы қалың, ірі болады. Вакуолінде желімтек, созылғыш заттар бар, ол ылғалды сақтап тұрады (кактус, бозкілем, семізот, алоэ, агава, сораң. сарсазан)
Жапырақтары шырынды су қорын жинақтайтын өсімдік
-бозкілем
Ауа жинаушы ұлпа
-жасуша арасындағы кеңістіктер ауаға толы борлады. Олар ұлпаларды оттегімен қамтамасыз етеді. Су өсімдіктерінің жапырағын көмірқышқыл газымен байытып, суда қалқуын жеңілдетеді.
Тірек ұлпасы
-жасушаларының қабығы қалың, қатты, өсімдіктің сабақтарында,жапырақтарында, жемістерінде болады.
Алмұрт, шетен, беже (айва), жемістерінің жұмсақ етіндегі қатты қиыршық жасушалар
-тірек ұлпасы
Өткізгіш ұлпа
-қоректік заттарды өсімдіктің бір мүшесінен екінші мүшесіне өткізеді
Сүзгілі түтіктер
-жапырақта түзілген органикалық заттарды барлық мүшелеріне жеткізетін тірі жасушалар
Минералды тұздардың судағы ерітіндісі
-сүректегі түтікшелер арқылы қозғалады.
Бөліп шығарушы ұлпа
-өсімдік мүшелерінің әр жерінде шашыранды орналасқан. Ішке бөлетін және сыртқа бөлетін ұлпалар деп екіге бөлінеді.
Заттарды ішке бөліп шығарушы ұлпалар
-шайыр жолы, эфир майы өзегі, сүт жолдары.
Заттарды сыртқа бөліп шығарушы ұлпалар
-домалақ басты түктер, жабысқақ (безді) түктер, жабысқақ (безді) қабыршақтар, шірнеліктер
Безді жасушалар көп
-шайқурай, эвкалипт, дәмжапырақ, магнолия жапырақтарында, шүйіншөптің тамырларында, қабықта
Достарыңызбен бөлісу: |