130
АЛҚА
1
Табалдырық
Қазақ әдебиеті тоғыз жолдың торабында тұр. Артында бір
жол, алдында мың жол. Мың жолдың ішінде өзен өрлегені де,
шөлге улегені де, барса келері де, барса келмесі де бар. Қазақ
әдебиетін мынау мың жолдың тарауына алып келіп, аңыртып
тұрған – тұрмыс. Қазақ тұрмысы орыс тұрмысымен, орыс
тұрмысы арқылы Ауропа [Еуропа] тұрмысымен соқтығуы қазақ
әдебиетінің орыс әдебиеті екпініне, орыс әдебиеті арқылы Ау-
ропа әдебиеті екпініне кез келуі тас пен жапалақтың жапалағы
өлмек, әрине,
қазақ тұрмысы қирамақ, әрине, қазақ әдебиеті
еліктемек.
Бірақ бізге молда болатын Ауропа әдебиетінің өзі бір мол-
да емес, мың молда. Алыстағы анау Ауропаны қоя-ақ қоялық,
көршіміз орыс әдебиетін алалық. Оның өткен дәуірлерін,
осы күнгі дәуірін алалық. Осы күнде пролетариат төңкерісі
дәуірінде, кеңес өкіметінің өзіне орыс әдебиетінің мың бағыты
тұр. Бәрінің де жалауы – қызыл, ұраны –
төңкеріс алды,
ортақшылдық сықылды. Алайда ескүстыба [искусство] әм оның
бір саласы болған әдебиет туралы түрлі жақтың түрлі ұғымы
бар. Ескүстба бар әм болмақ деген бағыттан бастап, ескүстба
жоқ әм болмақ емес, бұрын болса да, бұдан былай болмақ емес,
болуға тиісті емес деген бағытқа шейін бар.
Оның үстіне біз – дүние астан-кестен болған заманның ада-
мымыз. Жұмыр жердің бетіндегі шірік қауды өртеп, ертең
өртең шығару үшін қылыш-найзаны қолдан түсірмей майдан-
да жүрген әскеріміз. Әйеліміз, еріміз, саясатшыларымыз, шару-
ашыларымыз, әдебиетшілеріміз – тегіс әскерміз. Әскер болуға
1
«Алқа» – Алаш кезеңіндегі шығармашыл
ұлт зиялыларының ба-
сын біріктірген тарихи құжат. Профессор Д. Қамзабекұлы аталған құжатты
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мұрағатынан (Алма-
ты) тауып, алғаш рет республикалық «Өркен» газетінің 1992 жылы 13 маусым
күнгі санында жариялады. Сондай-ақ осы материал ғалымның «Руханият»
кітабына енді («Білім», 1997 ж.).
131
міндеттіміз. Төңкеріс те осыны тілейді. Тұрмыс осыны тілейді.
Бірақ майдандағы әскердің әрбір тобының, әрбір табының да бес
міндеті болмақ. Әр тап өз міндетін дұрыс атқарса ғана, жалпы
әскер соғысы ұтып шықпақ. Болмаса, тап өз міндетін ұмытып,
көптің дүрмегімен, айқай-аттанның желімен лап қойып кете
барса, майдан құр ойранға айналмақ.
Қазақтың жазушылары да – аз әскердің кішкене бір қанаты,
үркердей бір тобы. Бұлардың мойнында жалпы әскерлік
міндеттен басқа міндет бар. Жазушылықтың, ақындықтың өз
міндеті бар. Жазушыларымыз әскерлік міндетін біліп, ақындық
міндетін білмесе, атқара алмаса – ақын емес. Ақындықты біліп,
әскерлікті білмесе – әскер емес.
Қазақ елі Ауропа мәдениеті
көзінен қарағанда мәдениет
қоры, әдебиет қоры жоқ, кедей ел болғандықтан, біздің жа-
зушыларымыз не әскерлік, не
азаматтық міндетін ұмытып,
құр ақындыққа қамалып қалуға мүмкін, әсіресе ақындық
міндетін біле алмай, жалпы айқайдың екпінімен кетуге мүмкін.
Әдебиетті айқай ғана деп, ақындықты үлгі насихат қана деп
ұғуға мысал: әдебиет не діншілдіктің бәдуәмі («әліппе»
деген
мағынада – Д. Қ.), не дінсіздіктің бәдуәмі. Әйтеуір, бәдуәм деп
ұғуға мүмкін... Үлгі боларлық орыс әдебиетінің түрлі тарауының
тұрақсыз бір тарауына, не барса келмесіне, не ұзамай құрып
кететін сиырдың шұбырындысына түсіп кетуі мүмкін.
Осы мүмкіндіктердің шет бүшел
ғып көріп, әдебиет
қазанының бір құлағына жармасып жүрген біз тоғыз ойланып,
тоқсан толғанып, төмендегі пікірлерді ортаға салуды өзіміздің
борышымыз деп білдік. Бұл құрғанымыз – сегіз қанат боз орда,
алты қанат ақ отау емес – абылайша. Майдан, ойран, жорық
дәуірінде дағарадай орда, айдай
ақ отау құрып отыруға бол-
майды. Аттан дәуіріне абылайша керек. Жорық басылар, жаңа
тұрмыс орнар, абылайша қалып, бәріміз сиятын боз орда
тігілер. Бұл – келешек. Әзірге баспана – абылайша.
Оқушы! Жақсы келдің. «Табалдырықты» аттап, төрге шық.
«Алқаға» кір.