156
Әңгіме Азиядағы сияқты біз малтығып ішінен шыға алмай
жүрген «мәдениетсіздіктің» үстінде болу керек.
Дұрыстап
ұмтылсақ, бұл мәдениетсіздіктен шығуымыз оңай. Неге десеңіз,
жер жүзінде біздің Ресейдегі бейнетқордай мәдениетке ынта-
лы, мәдениетке жалпағынан ұмтылған халық жоқ.
Мәдениет мәселелері Ресейдегідей ешбір жерде тесе
қаралмайды; Ресейде басқа
ешбір жерде мәдениетінің
төмендігін мойындап қайғыратын, белгілі жұмысшылардың
қолында тұрған мемлекет жоқ.
Мәдениет арттыру жолында
Ресейдегідей аянбай еңбек сіңіретін елі бар ешбір мемлекет
жоқ.
Бірінші орында не болу керек?
Жылдық мемлекет шығынын орындаған уақытта алдымен
бастауыш оқу жұмысын мұңсыз қылатын шара бізде бек аз жа-
салулы.
Оқу комиссариатының өзі де баспасөз бөлімін де керек деп,
бір топ адамды асырап отыр.
Алдымен кітап басып шығару
емес, басылған кітаптарға саяси өріс табудың керек екенін
ұғыну жөн.
Кітап басып шығару сияқты қарапайым жұмысқа бұрынғы
жаман дағдымызша біз күш әм уақытты көп жұмсап, елге хат
таныту жұмысын жеңілге сайып отырмыз.
Жоғарғы мектептерді, басқаратын бөлімге келсек, мұнда да
«аса жоғарылап», жалпы бейнетқор елді ағарту жұмысынан
іргесін айырып кеткен жерлері көп, сығалап қарап мінегенде,
бұл бөлімде алып тастайтын артық жерлер көп.
Жұмысшы бейнетқорлар мемлекетінде үнемдейтін,
үнемделетін нәрселер көп: қазіргі
уақытта бізге артық керегі
жоқ орындар, мекемелер, тоқтатып қоя тұрсақ үйіміз үстімізге
жығылмайтын жұмыстар бар, бұлардың орнына сайын
көргенде адам шошитын сауатсыздықты жою жұмысын ілгері
бастыруымыз керек. Үнемдеу деген осы болады.