Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!


«Қоғамның адамдардан құрылатыны даусыз



Pdf көрінісі
бет70/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   150
Байланысты:
e0be8266bf1c310cf368d6fe2d998af0

«Қоғамның адамдардан құрылатыны даусыз. 
Қоғамдық құбылыстардың, ағып жатқан дара-да-
ра адамдардың сезімінен құрылатыны да даусыз; 
еріктен, амалдан құрылатыны даусыз. Қоғамдық 
құбылыстарды өзгертіп айтқанда, дара адамдардың 
бойында болатын құбылыстардың нәтижесі. Дұрыс 
мысал – баға: базарға [сатып] алушылар мен сату-
шылар шығады. Бұлардың әрқайсысы пайда іздейді, 
тартысады. Бұл базардағы ит сілікпенің нәтижесі 
базар нарқы [?] болып шығады. Бұл бөлек алушының 
я сатушының ұялғаны емес, бұл қоғамдық құбылыс 
түрлі «еріктердің» тартысының нәтижесінде 
шыққан құбылыс».
Н. И. Бухариннен


180
ДЕТЕРМИНИЗМ, ИНДЕТЕРМИНИЗМ
(КЕРЕКТІК ПЕН ЕРІК ЫҚТИЯРЫ)
(Бухарин кітабынан аударылды)
§ 3. Адам еркінің ықтиярлы, ықтиярсыздығы туралы
Жаратылыстағы сияқты қоғам өмірінде мөлшерлі заңның 
болатынын көрдік. Үйте тұрса да бұл туралы сенімсіздіктер бо-
луы мүмкін. Шындықта қоғамдық құбылыстарды адам жасай-
ды ғой. Қоғам ойлайтын, сезетін, өзіне мұрат қоятын, іс жасай-
тын адамдардан құрылады ғой. Біреу бір жұмыс, біреу екінші 
жұмыс жасайды ғой, нәтижесінде қоғамдық құбылыс болып 
шығады ғой. Адамсыз қоғам, қоғамсыз қоғамдық құбылыс бол-
мас еді. Мұнан не шығар екен? Мұнан шығатын:
Егер қоғамдық құбылыстар мөлшерді заңға бағынса, егер 
олар адам жұмыстарының нәтижесі болса, әрбір адамның 
жұмысы өзінше бір нәрсеге бағынулы болмақ. Олай болса, адам, 
адамның еркі ықтиярлы емес, ықтиярсыз, өзінің заңбарына 
бағынулы болмақ.
Егер олай болмаса, адам, адамның еркі еш нәрсеге бағынбаса, 
қоғам құбылыстарындағы реттілік, дұрыстық қайдан шығар 
еді? Ешқайдан шыға алмас еді. Ол дұрыстық болмас еді. Бұл 
әркімге түсінікті. Егер әрбір адам ақсақ болса, бүтін қоғам да 
ақсақтардың қоғамы болар еді: аяғы сау адамның шығатын 
жері болмас еді. Аяғы сау қоғам да болмас еді.
Екінші жағынан адам еркінің ықтиярсыздығын, бір нәрсеге 
байлаулы екенін қалай мойындамақшымыз? Адам тілегенін 
жасауға ықтиярлы емес пе? Су ішкім келеді – іштім. Жиылысқа 
барғым келді – бардым. Қолым бос күні бірқатар жолдастар 
Сәрсенбайдың тойына барайық деді, бірқатары аңға барайық 
деді. Ойладым-ойладым да аңға бармақ болдым. Аңға кеттім.
Адам таңдауға ықтиярлы емес пе? Адам тілеуінде, ұмты-
луында ықтиярлы емес пе? Адам қалай тартса, солай ауа тын 
қуыршақ па, киіз қарақшы ма? Әркім тәжірибесінен қай амал-
ды қалауына, қай ойды ойлауына ықтиярлы екенін білмей ме?


181
Пәлсәпәда бұл мәселе адам еркінің ықтиярлы, ықтияр-
сыздығы туралы мәселе деп аталады.
Адам еркі ықтиярлы деп түсіндіретін жолды пәлсәпә «ин-
детерминизм» (Индетерминизм) дейді... Адам еркі ықтиярсыз, 
байлаулы дейтін жолды «детерминизм» (Детерминизм) дейді. 
Бұл екі көзқарастың қайсысының дұрыс екенін бірге шешу ке-
рек.
Ақырына дейін сарқа ойласақ, индетерминизм жолы не бо-
лып шығар екен? Адам еркі ықтиярлы, ешнәрсеге бағынбайтын, 
байланбайтын болған күнде, себепсіз болуы керек. Олай бол-
са, не болып шығады? Ескі діни жол болып шығады. Дүниеде 
кішкентай бүргенің секіруінен үлкен күн ұрпағының қозғалуына 
дейін законге, себепті законге [заңға, заңдылыққа] бағынады. 
Кішкентай адам баласының еркі бұл себепті заңға бағынбайды. 
Ықтиярлы адам «аты озып келген» бір неме [?]. Бұл жерде адам 
жаратылыстың бір бөлшегі емес, дәрежесі артық құдай. Олай 
болса, индетерминизм жолының діннің жолынан бөтендігі 
жоқ, түкке тұрмайтын өтірік жол.
Бұл жерде кішкене бір жұмбақ бар. Бұл жұмбақты шешу 
үшін ақырақ тоқтау керек.
Көбіне ықтиярлықты сезу (ощущение) мен ықтиярлықты 
айыра алмай қаламыз. Мысалы, жиылыста шешенді көресіз. 
Ол ыстолдан ыстақанға құйған суды алып ішеді. Ыстақанға 
қолын созғанда ол не сезеді? Ол су ішпек болады, ешкім оны 
итермейді. Ол ықтиярлығын толық сезеді: су ішудің керектігін 
ол өзі шешті; би билеуге ұмтылмады, тілемеді. Ықтиярлықты 
сезу онда бар. Бұдан оның суға ұмтылуының себебі жоқ. Оның 
еркі ықтиярлы деуге бола ма? Болмайды. Әзір есі бүтін адам 
түсінеді де шешеннің тамағының құрғақсығаны ыстақанға 
ұмтылуға себеп болды дейді. Бұл не? – Бұл себеп. Бұл тамақтың 
құрғақсуы адамды ыстақанға итерген уақыттағы адамның 
ықтиярлықты сезуін адам тілегінің, амалының жекелігін ша-
тастыру. Бұл екеуі екі түрлі ұғым. Осы шатастырудан индетер-
минизм жолын малданушылардың барлық шатасулары туады. 
Адамның жанын, рухын құдайлық етіп шығару туады.


182
Индетерминизм жолына түсу адамның өз амалының 
себептерін түсінуі: өзі мен жаратылыстың арасындағы байлам-
ды сезінуі.
Дұрыстығында, адам шеккен тәжірибесі арқасында ерік 
ықтиярлы деген жолдың өтірік екенін түсінулі. Адам еркі 
ешнәрсеге бағынбаса, амал жасаудың керегі болмас еді. Неге 
десең, олай болған күнде тәжірибелерге, байқауға да мүмкін 
болмас еді. Мәселен, саудагер базарға шымықты. Ол сауда жа-
сайтынын, саудаласатынын, алушының аз беретінін, сатушының 
көп сұрайтынын біледі. Бірақ ол базардағылар еңбектеп жүреді, 
итше ұлиды деп ойламайды. Мысалды қолайсыз табушылар 
да болар. Қолайсыз емес, тергеп қаралық. Неліктен базардағы 
ел еңбектеп жүрмейді. Бұл әдеті емес. Неге? Ағзалары олай 
құрылмаған. Сирктегі [цирктегі] ойнаушылар еңбектейді ғой! 
Иә, онда жағдай басқа түрлі: еңбектемесе ойынша ақша таба 
алмайды.
Сиркке [циркке] баратын саудагер ойыншының жараты-
лысына қарсы еңбектейтінін біледі, алушылар неліктен арзан 
алуға ұмтылады? Олар алушылар, олардың мақсұты арзан алу. 
Олардың тілегі арзан іздеуге себеп болады. Егер сол адам са-
тушы болса, қымбат сатудың ретін іздер еді. Олай болса, ерік 
ықтиярлы емес, көп себептерге байлаулы; ерік ықтиярлы бол-
са, адам амалға кірісе алмас еді.
Екінші жағынан қаралық. Мәселен, мас адамның түсініксіз 
тілегі болады. Амалы да түсініксіз болып шығады. Оның еркі сау 
адамның еркінен басқаша қозғалады. Неге? Себеп – арақ. Адам 
денесіне мөлшерлі арақ енсе, ерік әулиенің басынан аттайды. 
Тағы мысал. Адамға тұзды тамақ жегіземіз (ықтиярымен). Су-
сынды көп тілейді. Мұндағы себеп те анық. Ал сол адам[ды] 
дұрыс аспен асыраса, сусын ішуі де дұрысталады. Бұл реттерде 
ерік себептерге байлаулы.
Адам денесі піскен уақытта ғашық болады. Адам азған 
уақытта қайғыға батады. Қысқасы, адамның сезімі, ерік денесінің 
тұрмысына, жағдайға байлаулы. Адамның еркі барлық басқа 
нәрселер сияқты себептерге байлаулы. Адам жаратылыстан 
ешбір де айырыла алмайды. Адам құлағының түбін қасыса, 
оның бір себебі болмақ. Адам азап шегіп мұхит жүзсе, оның да 


183
бір себебі болмақ. Дұрыс, кейде себептердің барлығын таба ал-
маймыз, жаратылыста да табылмаған себептер көп, бірақ бұған 
бола себептен безуге болмайды.
Себептің заңға бағынбайтын құбылысы жоқ. Ең дұрыс мы-
сал: жынды аурулар. Олардың сөздерінде, амалдарында ешбір 
рет, тәртіп жоқ. Болуға керек еді. Өйтсе де бұл аурулардың 
себептері бар. Бір себеппен ауырған адам бір түрлі, екінші се-
беппен ауырған адам екінші түрлі ауырады. Жын ауруында 
себептің заңға бағыну жолы ауырмай бір қалыпта болады.
Біз жорыта түрлі оқиғаларды алдық. Қалайда болса адам 
сезімі, еркі себепке байлаулы болып шығады.
Индетерминизм жолының көретін жарығы жоқ: айналып 
келгенде ол дін жолы. Ерік ықтиярлы емес. Жалғыз дұрыс жол 
– детерминизм жолы. Ерік ықтиярлы емес дейтін жол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет