Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!


Мұғалім кеңесті тұрмыстың тіреуі болуға тиіс



Pdf көрінісі
бет63/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   150
Мұғалім кеңесті тұрмыстың тіреуі болуға тиіс
Бізде оқытушылардың бұрын да, осы күні де, басқа капи-
тал дәуірінде тұрған мемлекеттерде болмаған биік орында 
тұруының керектігі дәлел тілемейтін ақиқат.
Бұл ақиқатқа бүтіндей даярланып ұмтылуымыз керек. Және 
ең алдымен оқытушының шаруа тұрмысын мұңсыз етуіміз тиіс. 
Оқытушыларды ұйымдастыру жұмысын күшейту аса қажет: 
оқытушылар бүгінге дейін капиталшылар тұрмысына тіреу бо-
лып келді; Капиталшылар мен шаруалардың (мұжық) арасын 
достастыратын бітуәжа [?] болып келді. Бұдан былай оқытушы 
жалпы бейнетқорлар тұрмысының тіреуі болуы және шаруа-
лар мен жұмысшылардың арасына дәнекер болуы тиіс.
Бұлай ету үшін ауылмен қатынасты бүгін де жасап тұрмыз. 
Бірақ бұл қатынас жеткіліксіз. Қатынасты реттеу, жиілету және 
бұл қатынас жолында жоқ нәрсеге шашып жатқан ақшаны ая-
мау тиіс.
Қала – ауылға
1922-нші жылы декәбірде [желтоқсанда] 10-ыншы кеңестер 
тобында баяндама жасау үшін даярланғанмын. Ондағы сөйлейін 
дегенім: қаладағы жұмысшылардың ауылдағы шаруаларға 
өкіл ата ретінде (орысша – шеф) жәрдемші болуы туралы еді. 
Бірақ бұл тілегім орындалмады: топта сөйлеуге тура келмеді. 
Сондықтан бұл мәселені жарыққа шығару үшін жолдастардың 
алдына тартпақпын.
Бұл жерде маңызды саяси мәселе қала мен ауылдың 
қатынасы, бұл қатынас өзгерістің тағдырын шешеді: капитал 
дәуірінде өкіметтің, байлардың баспасөзі жұмысшылардың 
басын айналдырып, ауылдағы бауырлары – шаруалармен 
арасын ашып ұстаса, біз бар күшімізді, бар ыждаһатымызды 
жұмысшыларлың көзін ашып, білімін көбейтіп, ауылдағы 
шаруаларға ортақшылдық жолға түсуге сенімді жолбасшы 
етуге, араларын жақындастырып, достықтарын нығайтуға 
ұмтылуымыз керек.


158
Негізгі мақсұтымыз
Жоғарыда ортақшылдық жолы дедім. Теріс ұғыныс бола 
ма деп қорқып, анықтамақшы боламын. Ауылға бірден 
ортақшылдықтың таза жолын бүтіндей орнатамын деген 
пікірден алыспын, бұл болмайтын іс.
Ауыл ортақшылдық дәуіріне кәміл дайындалғанша
ортақшылдықты ауылда орнатамын деу ортақшылдық үшін 
үлкен залал. Алдымен ортақшылдыққа негіз керек.
Жұмысты ауылда ортақшылдық орнатудан бастау керек 
емес, ауылда қаламен қатынастырудан, араластырудан бастау 
керек. Олай етпесек, мақсұтқа жете алмаймыз, жұмысымызға 
залал келеді.
Жұмысшылар мен шаруалардың арасын қосу, достығын арт-
тыру, жолдастастыру біздің табымыздың, біздің өкіметіміздің 
бірінші және негізгі міндеті.
Бұл 
үшін 
фабрик-зауыт 
жұмысшыларының 
ұйымдасушылары керек; ұымдасқаннан кейін ауылға жәрдем 
жасау жұмысына, ауылдың мәдениетін арттыру жұмысына 
кірісу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет