Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!


§ 4. Нық ұйымдаспаған қоғамдағы дара адамның



Pdf көрінісі
бет71/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   150
§ 4. Нық ұйымдаспаған қоғамдағы дара адамның 
бойындағы құбылыстардың нәтижесі
Қоғамның адамдардан құрылатыны даусыз. Қоғамдық 
құбылыстардың, ағып жатқан дара-дара адамдардың сезімінен 
құрылатыны да даусыз; еріктен, амалдан құрылатыны даусыз. 
Қоғамдық құбылыстарды өзгертіп айтқанда, дара адамдардың 
бойында болатын құбылыстардың нәтижесі. Дұрыс мысал 
– баға: базарға [сатып] алушылар мен сатушылар шығады. 
Бұлардың әрқайсысы пайда іздейді, тартысады. Бұл базардағы 
ит сілікпенің нәтижесі базар нарқы [?] болып шығады. Бұл 
бөлек алушының я сатушының ұялғаны емес, бұл қоғамдық 
құбылыс түрлі «еріктердің» тартысының нәтижесінде шыққан 
құбылыс. Бағадағы болған рет басқа қоғамдық құбылыстарда 
да болады. Өзгеріс уақытынан мысал алайық: бір адамдар 
артықша жігерлі, екіншілері жігерсіздеу, біреулері бір жаққа, 
екіншілері – екінші жаққа тартады. Адамдардың бұл тарты-
сы өзгеріске ауып жаңа тұрмыс орнатады – «белгілі қоғамдық 
құбылыстар кенеп, астық, балта сияқты адам табысы, адам 
еңбегі» деген Маркс («Пәлсәпә мешеулігі» деген кітаптың 72–
155-інші беттерінде).


184
Мұнда түрлері басқа екі оқиға болуға мүмкін: 1-іншісі, қоғам 
ұйымдаспаған, тәртіпсіз болған күнде (капиталдық, тауарлық); 
2-нші – қоғам ортақшылдық болған күнде. Алдымен әуелгі 
оқиғаны талдайық.
Базарда шыққан нарық пен сатушы, алушы жеке адамдардың 
тілектерінің арасында қандай байлам бар? Базар нарқының 
бұлардың тілегіне байланбайтыны анық. Көп адамдарға нарық 
залалды, тілектеріне қарсы болады. Бірқатары ешнәрсе сатып 
ала алмай ақшасын сылдырлатып, бірқатары тауарларын сата 
алмай арқаланып үйлеріне қайтады. Ұсақ кәсіп жасаушылар, 
ұсақ саудагерлер базарда ірі кәсіптің, ірі саудагердің пардасы-
на [?] бара алмай, күші үздігіп жұтайтыны әркімге-ақ мәлім 
болса керек. Ірі капиталшы көп тауармен базарды жаулап 
жібергенде, ұсақ саудагерлер шаңдағында адасып өледі.
Жоғарыда капиталшылар байлық арттырамын деп ел 
қанап, қаналған ел өзгеріс жасайды, өзгеріс капиталшылардың 
мақсаты емес еді дедік.
Бұл нені көрсетеді? Бұл ұйымдаспаған, жасау тәртібіне 
салынбаған, тартысатын таптары бар, жұмыс планмен [жос-
пармен] жасалмай, апатша жасалатын қоғамда жасалатын 
жұмыстардың мақсұтқа, тілекке қарсы нәтиже, керексіз 
жеміс беретіні (жұмыстар деп қоғамдық құбылыстарды айта-
мыз), я болмаса, Маркс пен Энгельстің айтуынша, қоғамдық 
құбылыстар адамның ақылына, сезіміне, еркіне байлаусыз 
болатыны. «Бұл «ерікке байлаусыздық» қоғамдық өмірдегі 
оқиғалар адамның араласуынан тыс болады деген сөз емес, 
ұйымдаспаған қоғамда, тәртіпсіз өсім уақытында еріктің 
қоғамдық жемісі бөлек-бөлек адамдардың тілегіне қарсы, пай-
дасыз, көбіне залалды болып шығады (адамның байығысы 
келіп еді, жуатып қалды) деген сөз (Бұл ерікке бағынбайды, қай 
бағыну екенін жақсы ұқпай марксизмге қарсы адамдар айқай 
салған ғой. Бұл мәселе туралы Энгельстің «Людовик Фейербах» 
деген кітабының 44–45-інші беттерінен оқу керек).
Олай болса, ұйымдаспаған қоғамда да қоғамдық оқиғалар 
қоғамдық еріктің сыртында болмайды, осы ерік арқылы бо-
лады. Бірақ, мұнда жеке адамның еркін еріктердің жемісі 
апатшылдық құлы етеді (ақылға бағынбаған өсім).


185
Енді мынаны қаралық. Бөлек еріктерден қоғамдық нәтиже 
құралған соң, бұл нәтиже бөлек адамның қылығын билейді. 
Бұл ретті анықтаңқырау керек.
Тағы бағаны мысалға алайық. Базарда картоптың килогра-
мы, мәселен, пәлен тиын. Сатушы да бұл бағаны күні бұрын ша-
малап келеді, бұл бағаға қарай өздерінің шаруашылық есебін 
жасайды. Басқаша айтқанда, қоғамдық құбылыстар (баға) жеке 
құбылыстарды билейді. Өмірдің басқа реттерінде де дәл осылай 
болады. Жаңа үйреніп келе жатқан шебер бұрынғы шеберлер-
ден өрнек алады, мұның үстіне қоғамның сезімімен, тілегімен 
де есептеседі. Саясат көсемі айналадағы ретке қарай әдіс жасай-
ды. Мезгіліндегі реттерді нығайтса да, қиратса да жағдаймен, 
сүйенген табының тілегімен санасып жасайды. Көсемнің ерген 
қоғамдық жағдайлар билейді.
Жоғарыда ұйымдаспаған қоғамда адамның тілегіне қарсы 
нәтижелер шығады дедік. Мұнда қоғамдық құбылыстар адам-
ды құл етеді, билейді. Адамның қылығын билегеннің үстіне 
адамның тілегіне қарсы түзетеді.
Сонымен, ұйымдаспаған қоғам туралы біз мынадай реттер 
шығара аламыз:
1) қоғамдық құбылыстар дара еріктердің, сезімдердің, 
амалдардың, тағы басқалардың араласуынан шығады;
2) әрдайым қоғамдық құбылыстар дара адамның еркін 
билейді;
3) қоғамдық құбылыстар дара адамдардың еріктерінен 
құрылып, жеке еріктерге қарсы түзеді, зорлап қожалық 
жасайды; дара адам қоғамдық құбылыстардың қыспасына 
түседі (мәселен, өктәбір өзгерісінен кейін қаңғып қалған капи-
талшылар, молдалар...).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет