Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!



Pdf көрінісі
бет69/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   150
§ 2. Себепшілдік пен мұратшылдық.
Себеп пен түсіндіру ғылымдық түсіндіру
Жоғарыда айтылғаннан – бір-бір құбылысты, әсіресе қоғам 
өмірінің құбылысын түсіндірмек болғанда, аумастан се-
беп пен түсіндіретіндігіміз көрінеді. Мұратшылдық жолмен 
түсіндірудің түбі дінге барып тіреледі.
Сонымен жаратылыстағы, қоғам өміріндегі құбылыстардың 
мөлшерлі заңға бағынуы неден? – деген сұрауға дұрыс жа-
уап – жаратылыста да, қоғам өмірінде де, біздің тілегімізде 
де, түсіндіруімізге де бағынбайтын, өз бетімен болатын, 
құбылыстардың себепке байлаулы мөлшерлі заңдары бар де-
ген жауап болмақ.
Себептік заң деген немене? Бұл керекті, дәйім, әр орында 
болатын құбылыстардың байламы: егерде, мысалы, заттың жы-
луы көбейсе, көлемі де көбейеді; сұйық нәрсені ысытса, буға ай-
налады; қағаз ақшаны керегінен артық жасап шығарса, бағасы 
кемиді; капиталшылық дәуірінде уақыт-уақыт соғыс болып 
тұрады; уалаятта ірі кәсіп те, ұсақ кәсіп те болса, ірі кәсіп ұсақ 


кәсіпті жайлап жұтады; жалшылар табы капиталға шабуыл 
жасаса, капиталшыл түрлі айламен бас сақтайды; жасау жемісі 
өссе, баға төмендейді; адам қанына мөлшерлі у құйса, адам 
өледі; тағы осы сияқтылар.
Қысқасы, әрбір себептің законы мынадай түрге бағынады: 
егер пәлендей құбылыстар болса, дерегінде төлендей басқа 
құбылыстар болады. Бір құбылыстың себебін тауып түсіндіру 
– бұл құбылысқа себеп екінші бір құбылысты табу. Яғни, 
құбылыстардың себептік байламдарын табу. Бұл байлам та-
былмай тұрғанда, құбылысты түсініп болмайды. Бұл құбылыс 
табылғанда, дұрыстығы тексерілгенде, баяндылығы тексеріліп 
анықталғанда – біз ғылымдық (себептік, ғылым тілімен 
айтқанда – «каузалдық» – ?) түсінісін табамыз. Бұл түсінісін жа-
ратылыс құбылыстарында да, қоғам өміріндегі құбылыстарда 
да ғылымдық дұрыс түсініс. Бұл түсініс түрлі кереметті істен 
шығарады. Түрлі ескі, шірік жолдар адамның, жаратылыстың 
күштеріне қожа болуына, өзінің қоғамдық күшімен пайдалану-
ына бөгет бола алмай, серпіліп жол ашады.
«Закон солай бұйырады» деген сөз «күн шықты» деген 
сияқты (бір шақта адам күн шығады деп те ойлаған ғой) әдет. 
Себеп пен салдардан бөтен түк жоқ.
(Жалғасы бар)
V.
«Қызыл Қазақстан» журналы,
1925 жыл, № 2(38), 23–25 бет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет