230
Ақымақ қуанды: «Тағы осындай көзге көрінбейтін жіңішке
жіп иіріп бер» деп, ақшасын алдын ала төледі.
48. Енші үлесі
Бір адамның екі ұлы болды. Әкесі: – Мен өлгенде қалған
мүліктің бәрін қақ бөліп алыңдар, – деді.
Әкесі өлген соң балалар таласпай енші бөліп ала алмады.
Дауласып, екеуі көршісіне келді. – Әкең қалай бөл деп еді? –
деп көрші сұрады.
– Мен өлгенде қалған мүлікті қақ бөліп алыңдар, – деп әкеміз
айтқан деп, балалар көршіге жауап берді.
– Олай болса, киімді екі бөліп жыртыңдар, аяқ табақты қақ
бөліп жарыңдар, жылқы, сиыр, түйе, қой,
ешкіні екіге жа-
рып қақ бөліңдер, – деп көрші балаларға түсіндірді. Балалар
көршінің
айтқанын қылып, мүліктің бәрінен айрылып, қара
тас тай кедей болып қалды.
49. Маймыл
Бір адам ағашқа барып, ағаш кесіп алды. Ағаштың
бір ба-
сын көтеріп томарға сүйеп қойып, ағашқа аттай мініп, арамен
ағашты тіле бастады. Тілген жырыққа сына қағып, тілген са йын
сынаны алып қайта қағып тіле берді. Мұның бәрін ағаштың
басында отырып маймыл көрді. Ағаш тілген кісі ұйықтап еді.
Маймыл келіп ағашқа аттай мінді, кісідей ағашты тілмек болды.
Бірақ сынаны жұлып алғанда,
ара тілген жырық маймылдың
құйрығын тістеп қалды. Маймыл ойбайлап, жұлқынып
қышқаштан шыға қашпақ болды. Кісі оянып, маймылды ұстап
алып, мойнынан байлап қойды.
Достарыңызбен бөлісу: