Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!



Pdf көрінісі
бет90/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   150
42. Арыстан, қасқыр, түлкі
Ауру кәрі арыстан үйінде жатты. Патшаның көңілін сұрай 
аңның бәрі келіп қайтты. Жалғыз-ақ түлкі келген жоқ. Бұған 
қасқыр қуанып, түлкіні арыстанға шақты: «Есепке сені түлкі 
алмайды. Тым болмаса бір келіп патша көңілін сұраса, несі 
кетеді?» деді.
Қасқыр шағып тұрғанда, жүгіріп түлкі келді, шағымның 
бәрін есітті.
«Қасқыржан, тұра тұр, төлермін!» деді.
Арыстан ашуланып, түлкіге ақырды. «Өлтірсең де сөйлетіп 
өлтірші: қолым тимей, мен келе алмадым, қолым неден тимеді? 
Саған дәрі іздеп, жер үстінде бармаған дәрігерім жоқ. Дәріні 
жаңа ғана таптым. Жүгіріп келгенім-ақ» деп, түлкі тілді безеді.
«Дәрің қайсы?» деп, арыстан сұрады. «Тірі қасқырды сойып 
терісін киесің, дәрі осы» деді.


228
Қасқырды арыстан алып соққанда, күліп жіберіп түлкі 
сөйледі: «Шырағым, әкімді жаман жолға сілтемей, жақсы жолға 
сілтеу керек» деп, түлкі қойды.
43. Арыстан, есек, түлкі
Арыстан, есек, түлкі аң аулады. Көп аң ұстады. Есекке арыс-
тан олжаны бөл деді. Олжаны үшке есек бөліп: «Алыңдар!» 
деді. Ашуланып арыстан есекті жеп алды да, түлкіге сен қайта 
бөл деді. Олжаның бәрін төбе қылып үйіп, түлкі өзіне бір азғана 
алды. Сонда арыстан тұрып: «Міне ақылды. Кімнен үйрендің 
өстіп жақсы бөлуді?» деді.
«Есек соры неден қайнады?» деп, түлкі жауап берді.
44. Кісі мен пері
Бір кісінің балтасы суға кетті. Балтасын жоқтап жағада 
отырған кісі зарлап жылады.
Кісіге жаны ашып, алтын балта судан алып шығып: – Мынау 
сенің балтаң ба? – деп пері сұрады.
Кісі: – Жоқ, бұ балта менікі емес, – деді.
Пері күміс балта алып шықты.
Кісі: – Бұ да менің балтам емес, – деді.
Пері суға кеткен балтаның өзін алып шықты.
Кісі: – Міне, бұл балта менің балтам, – деді.
– Сен шыншылсың, – деп пері кісіге үш балтаны бірдей берді.
Үйге келген соң, көрген-білгенін кісі көршілеріне айтты.
Біреу оп-оңай алтын, күміс балта таппақ болды. Бар балта-
сын өзенге суға тастап, жар басында отырып жылап зарлады.
Алтын балта судан алып шығып: 
– Мынау сенің балтаң ба? – деп пері сұрады.
– Менікі, менікі! – деп қуанған кісі айғай салды.
– Өтірікшісің, – деп пері алтын балтасын бермеді. Өз балта-
сын да кісіге пері қайтармады.


229


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет