Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!


VI. Қасқыр баласын қалай баулиды?



Pdf көрінісі
бет102/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   150
Байланысты:
e0be8266bf1c310cf368d6fe2d998af0

VI.
Қасқыр баласын қалай баулиды?
Мен жолмен кетіп бара жатып, артымнан шыққан дауыс 
есіттім. Айғайлаған қойшы бала, қу далада бір нәрсені қолын 
былғап көрсетіп, өзі жүгіріп келеді.
Мен далаға қарап едім. Қашып бара жатқан екі қасқырды 
көрдім. Қасқырдың бірі үлкен, бірі кіші. Күшік қасқырдың 


249
арқасында айқара салған қозы. Арқалаған қасқыр қозының 
аяғынан тістеген. Енесі артынан ұйғастасып бағып бос келеді.
Қасқырды көрген соң, мен де балаға қосылдым. Бала екеуіміз 
айғайлап қасқырды қоя бердік. Біздің дауысымызды естіп, ау-
ылдан кісілермен иттер келді.
Қаншық қасқыр итті, кісіні көрісімен ұмтылып келіп 
күшігінен қозыны алып өзі арқалап, күшігін босатып алып, 
екі қасқыр, көз ілескенше, зымырап жүгіріп көзден таса болып 
жоғалды. Көрінбей кетті, жоқ болды.
Сонда қойшы бала мынаны айтты: мен қойдың шетінде 
тұр едім, сайдан қасқыр шыға келіп, бір қозыны ұстап алып 
арқалай жөнелді.
Күшігі алдынан қарсы шығып қозыға тап берді. Енесі қозыны 
күшігіне арқалатып, өзі қасында бос екеуі қашып жөнелді.
Тар асу, тас кешу, қуғыншы көбейіп, басқа күн туғанда, енесі 
баласын баулуды қойып, қозыны өзі арқалап жөнеп бергені.
VII.
Сезім мен көз
Сұқ қол мен ортан қолды бірінен бірін артылтып салып, 
екеуі бірдей тиетін қылып астына бытырадай домалақ қамырды 
салып, екеуінің арасымен домалатып көзіңді жұмшы. Жалғыз 
домалақ қамыр екеу болып сезіледі. Көзді ашып жіберсең, 
біреу екені көрініп қалады. Қол алданды, көз түзетті.
Жанынан келіп жақсы айнаға қарашы: терезе не есік болып, 
ар жағында бір нәрсе тұрғандай айна көрінеді. Қолыңмен со 
көрініс терезе – есікті сипашы: айна екені анықтала кетеді. Көз 
адасты, саусақтағы сезім түзетті.
Қыр баласы


Жер жүзінің еңбекшілері, бірігіңдер!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет