Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!



Pdf көрінісі
бет100/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   150
Байланысты:
e0be8266bf1c310cf368d6fe2d998af0

77. Түлкінің құйрығы
Бір аңшы түлкіні ұстап алып: «Түлкі, сендерге құйрықпен 
итті алдауды кім үйретті?» деп, сұрады.
Түлкі: «Алдаған деген не? Біз итті алдамаймыз, бар 
тапқанымыз өлгенше қашқан» деп, жауап берді.


244
Аңшы: «Жоқ, сендер құйрықпен алдайсыңдар: ит жетіп 
ұстайын дегенде, құйрықты бір жаққа тастап жібересіңдер, ит 
құйрыққа ұмтылғанда, бұлт беріп ана жаққа қашасыңдар» деді.
Түлкі күліп: «Біз итті алдағалы құйрықты тастамаймыз, 
бұрылуға тастаймыз: ит жетіп келеді, біз мұны білеміз, тура 
қаша берсек өлдік, біз жалтарамыз, оңға жалтарсақ, солға 
құйрықты тастаймыз. Жүгіріп бара жатып кісі бұрылам десе, 
қолымен осыны қылады. Мұны біз ойлап тапқанымыз жоқ. 
Бізді жаратқанда, ит түлкіні алып, түлкі тұқымын құртпасын 
деп, құдірет өзі мұны бізге түлкіге сүндет ат қылып мінгізген».
IV.
Күн
Қыс. Желсіз күн. Аяз. Далаға, орманға шық та, жан-жаққа 
қара да тыңдашы: шыр айнала қар, мұз болып қатқан өзен, 
кемпірдің шашындай, селдір шөп қардан шығып тұр, ағаш 
сырдай жалаңаш, еш бірінде түк қимыл жоқ.
Енді жазды күні қарашы: сылдырап аққан өзен; қақ басы 
шулаған, ән салып дулаған бақа: ағаштан ағашқа ұшып қонып, 
ысқырып сайрап ән салған құстар; жыбырлап быжынап ұшқан 
шыбын-шіркей; ағаш, шөп көк киімін киініп теңселіп өсіп тұр.
Шойын құманға су толтырып аязға тасташы: тас болып о 
қатады. Осы тас болып қатқан құманды отқа қойшы: мұз жа-
рылады, ериді, қимылдайды; су толқиды, қуықтады, сабынның 
көбігіндей, домалақ шығарады; сонан кейін қайнай бастағанда, 
күңіреніп, құйындай айнала бастайды. Осының бәрін істеген 
жылылық; жылылықтың жерде, дүниеде істейтін ісі осы. 
Жылылық жоқта қимыл, тіршілік жоқ. Жылылық болса, 
қимыл, тіршілік. Жылылық аз болса, қимыл аз, жылылық көп 
болса, қимыл көп; жылылық әсерлесе, қимыл да әсерлейді.
Жерде, дүниеде жылылық қайдан? Жылылық құты, құдық, 
бұлақ көзіндей, жылылық көзі – Күн.
Қысты күні күн төмен тұрады, жарық сәулесі, бұған байлау-
лы жылылығы жерге жанып, жалап түседі, тас төбеден шаныша 


245
түспейді: жарық сәуле, жылылық жерге аз түседі: жер үстінде 
түк қимыл жоқ. Жазғы тұрға таянғанда, күн аспанға шырқай 
бастайды. Жарық сәулесін, жылылығын тіктен төгеді. Енді не 
болады? Жер жүзі, дүние жылынады, жылынған соң қимыл 
бас талады.
Қар астынан сулады, өзенде мұз сынады, таудан су төгіледі, 
судан бу шығып аспан барып бұлт болып, жаңбыр болып жерге 
жауады. Осының бәрін қылған кім? Күн.
Жерде жатқан өсімдік ұрығы жылынады, тамыр шығарып, 
жерге бойлап шаншылып кетеді; бұрынғы тамырдан бұтақ 
шығып, ағаш, шөп заулап өсіп жөнеледі. Мұны қылған кім? 
Күн.
Қысты күні ұйқыда жатқан аю, суыр, көртышқан көрден 
тұрады; қысты күні сілейіп қалған шыбын, ара ұйқыдан ояна-
ды; маса да балаларын өргізеді; балықтың уылдырығы да жы-
лынып балық болады. Мұны қылған кім? Күн.
Бір аймақта ауа жылынып аспанға шығады, мұның орнына 
көрші суық аймақтан суық ауа, судай ағып келеді: жел соқты 
дейміз. Мұны қылған кім? Күн.
Аспанда бұлт жөңкіліп, біріне бірі соғады, сүзіскен 
қошқардай, кейін шегініп кетеді, жайдың отын шағады. Мұны 
қылған кім? Күн.
Ағаш, шөп, бидай, өзге бар өсімдік өсіп өнеді; жан-жануар 
қарық болып тояды. Адам да тойып қоңаяды, қысқа деп, азық, 
отын жиып алады; қорасын түзетіп, үйін салып алады, темір 
жолын, қаласын салады. Мұның бәрін кім қылған? Күн.
Адам өзіне үй салады. Үйді неден салады? Ағаштан. Ағашты 
шығарған – Күн.
Адам жегені бидай. Бидайды кім шығарды? Күн.
Адам жегені ет, етті берген төрт аяқты мал. Аң мен құс. Мал-
ды, аңды, құсты асыраған кім? Шөп. Шөпті шығарған – күн.
Адам кірпішпен әктің құйыртпағы лайдан үй сала-
ды. Кірпішпен әктікті отқа өртеп алады. Отынды – ағашты 
шығарған – күн.
Жерде, дүниеде не адамға керек, несіз адам тұрмысы мүмкін 
емес, бәрі күннің берген жылылығынан.


246
Адам нанды неге тамақ қылады? Нанда ақ шелек, жомарт 
күн берген жылылық бар. Нан жеген адамды жылытады. Нан 
орнында май десек, қазаққа май асатқандай, түсінікті бола ке-
тер. Майдың да қасиеті күн берген жылылықта.
Отын мен үй ағаштың қасиеті де бұлардағы байлаулы күн 
берген жылылық.
Базардан отын сатып алған, күннің жылылығын сатып ала-
ды. Керегінде отынды жағып, күннің жылысымен бөлмесін жы-
лытады.
Жылылық болса, қимыл бар. Қандай қимыл болса, бәрі 
жылылықтан. Қимыл атасы жылылық. Бұ жылылық не қолма 
қол берген күннің жылылығы, не көмірде, отында, майда, етте, 
нанда, шөпте күннің жиған жылылығы.
Өгіз, түйе, ат жүк тартса, адам жұмыс қылса, бұларды алып 
жүрген қимыл қайдан? Жылылықта. Бұлар жылылықты қайдан 
алғын? Тамақтан алған. Тамақты берген жомарт күн.
Диірменді айналдырған су мен жел. Желді соқтырған кім? 
Жылылық. Суды ағызған кім? Жылылық. Жылылық суды бу 
қылып аспанға айдады, онда барып, бу бұлт болып жаңбыр 
болып жерге жауды. Бу болмаса, жаңбыр жоқ. От арбаны, 
пароходты бу алып жүр. Буды жасаған кім? Отын. Отындағы 
жылылық тағы жомарт күндікі.
Жылылық қимыл – жүріс, жүріс – қимыл жылылық. 
Жылылық та, жүріс те жомарт күннен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет