Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!


Жұмыртқа басқан тауық пен балапандар



Pdf көрінісі
бет99/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   150
Байланысты:
e0be8266bf1c310cf368d6fe2d998af0

74. Жұмыртқа басқан тауық пен балапандар
Тауық жұмыртқа басып, балапан шығып, бұларды қалай 
қорғарын білмеді. «Қайтадан жұмыртқа қабына кіріңдер! Сен-
дер кірген соң, бұрынғыдай астыма басайын, сөйтіп сендерді 
пәледен сақтайын» деп, тауық балапандарына айтты. Бала-
пандар тауықтың айтқанын қылып, жұмыртқаның қабығына 
кірмек болып, әуреленіп, кіре алмай, құр қанаттарын ұйпалап 
қайта шықты.
«Біз өмір бойы жұмыртқада қалатын болғанда, бізді, шеше, 
неге балапан қылып басып шығардың» деп, балапандар сұрады.
75. Ерлі-қатынды бөдене
Бір бөдене жұмыртқасын кеш салып, кенже қалып, пішен 
уақытында жұмыртқа басып отырды. Бір күні таңертең 
пішеншілер келіп, киімді жұлып тастап, шалғыны қайрап
құлаштап пішен шауып жөнелді, шөпті қырып, баудай түсіріп, 
сұлатып салды. Бөдене ұшып шығып, пішеншілер неғып жүр? 
деп, қарады: бір пішенші шалғымен салып қалып, жыланды екі 
бөліп тастады. Мұны көрген бөдене қуанып, қатынына келіп: 


243
«Пішеншіден қорықпа! Бұлар жыланды өлтіруге келген екен. 
Жылан бізге күн көрсетпегелі қашан» деді.
«Пішеншілер шөпті шауып жүр, шалғыға шөптен не ілінсе, 
соны кеседі, тастайды: жыланды екі бөледі, бөдене басын кеседі, 
ұясын талқандайды, ішім бір жамандықты сезеді. Жұмыртқамды 
алып, ұядан ұшып кете алмайм, жұмыртқа туып қалады» деп, 
қамқор ана бейқам еріне жауап берді.
Пішеншілер бөдене ұясына жетті, бір пішенші шалғымен 
жұмыртқа басқан бөдене басын кесіп тастады. Жұмыртқаны 
алып қойнына салды, ауылдағы балаларға апарып берді.
76. Сиыр мен теке
Бір кемпірде сиыр мен теке болды. Сиыр мен теке мал-
да бірге жүрді, сауын болғанда сиыр ауылға қайтады. Кемпір 
сиырға тұз салып нан беріп: «Тоқта, шырақ! Мә, мә! Тағы берем, 
бірақ тоқтап тыныш тұр!» деп, мәпелейді.
Бір күні теке сиырдан бұрын ауылға қайтты. Кемпірдің ал-
дына келіп талтайып тұрды. Кемпір орамалмен сілтеп қалды. 
Теке тым-тырыс тұрып алды. «Тыныш тұрсаң, нан берем» деген 
кемпірдің сиырға айтқан сөзін теке бақыр ұмытқан жоқ. Теке 
ұқпады, мұны кемпір біліп, таяқ алып текені ұрып тастады.
Теке кеткен соң, кемпір сиырға тағы нан берді, сиырды 
мәпелеп еркелетті.
«Адам баласында әділеттік жоқ: мен сиырдан көп тыныш 
тұрдым, мені дүрелейді» деп, теке жазған сөйледі.
Шегініп барып, жүгіріп келіп шелекті сүзіп жіберді: кемпірді 
жығып, сүтті төкті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет