241
дауласыңдар», деді. Екі отыншы бұрынғыдан жаман ұрысты.
Бірінің балтасы, бірінің арасы өтпейді. Екеуі төбелесті.
71. Ит пен аспазшы
Ет асуға аспазшы қамданды. Ас үйдің есігінің алдында ит-
тер жатыр. Аспазшы бұзауды сойып,
ішек-қарнын қораға
лақтырып жіберді. Қағып алып, ішек-қарынды жеп, иттер:
«Аспазшы
жақсы кісі, тамақты жақсы пісіреді» десті.
Әр беріден соң аспазшы бұршақ, салқан, сарымсақ тазалап,
қабық, тамырын лақтырып жіберді. Иттер таласа жүгірісіп
барып, иіскелеп: «Аспазшы алжыды. Тамақты бұрын жақсы
пісіруші еді, енді өзі түк болмай кетіпті» деді.
Иттердің сөзіне құлақ қоймай, аспазшы етін пісіре берді.
Етті жеп, аспазшыны бай мақтады.
72. Қоян мен тазы
«Сен бізді қуғанда неге үресің? Үндемей қусаң бізді жылдам
ұстар едің. Ұстап бізді қорқытып, аңшыға қуып барасың, біздің
қай жерде кетіп бара жатқанымызды біліп қарсы шығып, бізді
атып алып, саған түк бермейді» деп, тазыдан сұрады, тазыға
ақыл айтты.
«Мен
аңшы естісін деп, үріп жүргенім жоқ, сенің иісің
шыққанда ашуланып, қуанып үрмеске амалым жоқ, сені қазір
ұстайм деп, жынданып кетем, үрмей тұра алмайм» деп, қоянға
тазы сырын айтты.
73. Емен мен жаңғақ
Еменнің басынан ұрығы
бауырындағы жаңғақтың арасы-
на түсті. «Емен, сенің астында жер аз ба? Ұрығыңды бос жерге
төксең болмай ма? Мұнда менің өз ұрпағыма да жер тар болып
тұр. Мен өз жаңғағымды жерге тастамайм, адамға тамаққа бе-
рем» деп, жаңғақ еменге сөйледі.
242
«Мен екі жүздемін. Мына менің балам еменшіктен өскенде
екі жүз жыл жасайды» деп, жаңғаққа емен жауап берді.
Бұған жаңғақ ашуланып: «Олай болса, мен сенің балаңды
ашықтырайын, қақтықтырайын, үш күн де өмір сүрмес» деді.
Емен бұған түк жауап қайырмады,
баласын ұрықтан шығып
өсе бер деп, жарлық қылды. Бұ әкесінің айтқанын қылып, суға
тойып жарылды, тамырланып, мұны жерге бойлатып, өзі
қайқайып жердің үстіне шыға келді.
Жаңғақ
жас баланы қақтықтырып, күн жағын ала берді.
Бала емен жарысып көкке таласып, жаңғақтың көлеңкесінде
күш алып кетті. Жүз жыл өтті. Жаңғақ жоғалғалы көп болды.
Бала еменнен өскен емен көкке таласып, астындағы жаңғақтың
бәрінің басынан асыра құлашын жайды.
Достарыңызбен бөлісу: