Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!



Pdf көрінісі
бет106/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   150
Байланысты:
e0be8266bf1c310cf368d6fe2d998af0

 
 
 
 
 
Газеттер:
 
1.
2.
3.
Партия мүшелері 
мекемелеріне жіберілген
1
1
2
Сәбет мекемелеріне
2
1
3
Әскер үгітіне
2
1
2
Болыс атқару комитетіне
2
1
3
Пошта мекемелеріне
1
1
1
Зауытқа
1
1
2
Аймақтық собезге
1
0
3
____________________________________________________
Бәрі
10
6
16
Бұл жоғарыда жазылған есептен қандай қорытынды шығады? 
Біздің партияның програмы айтқандай, тай-тайлаған, жаңа 
жүрген балаша капитал дәуірінен коммунист жолына алғашқы 
қадамды ғана басып келеміз. Капитал дәуірі өнер-өндірме 
орындарын жатыпішер тоққарынды байытуға жұмсады. Жал-
пы халықты алдауға қару қылды, жалпы тапты ақымақ жолына 
құл қылуға жұмсалды. Жатыпішер тоққарын баитын, халықты 
алдайтын қаруын біз жоғалттық. Газетті халықты ағартуға, 
үйретуге, жерді иеленген төресіз, жатыпішер тоққарынсыз 
ұйыстырып, өз шаруасын халық өзі құруға біз қару-құрал еттік.


286
Бұл, бірақ, осы күні тұңғыш бастамасы ғана болып тұр. Өткен 
үш жылда істеген іс тым аз. Алдымызда көп істелетін іс, жүретін 
ұзын жол жатыр. Тәжірибеден аман, өз парызын ұқпаған 
коммунистерді алдайтын, оларды арбайтын алыпқашпа айғай 
азайсын, қысыр жар жоғалсын, өнер-өндірмеге байлаулы ғана 
үгіт көбейсін, іс жүзіндегі қылған іске байлаулы тәжірибе алын-
сын, жалпы халықтың ұғымына ыңғайланып қана үгіт айтыл-
сын.
Кітап қалай халыққа таратылып тұр, бұл маған мәлім емес. 
Бір-ақ кітап таралу жолы газет таратылған жолдан анағұрлым 
нашар шығар?! Бұған шәк келтіріп болмас. Газетті тарату ту-
ралы жазып алу жолын біз жойдық. Бұл капитал дәуірінен 
коммунист жолына бет алған бір қадам болады. Бірақ, капитал 
дәуірін жалғыз оқпен жатқызып салуға болмайды. Жазғытұрғы 
көтеремнің қотырындай, сәбеттің сарытүйме-саржаға төресі 
қозып келеді. Бұлар:
Үлесіме үш үйрек,
Жатшы былай, қоңыр қаз;
Әрі тар-тар бер, тар-тар,
Аққуды бақырың артар;
Үш сартқа бір шүрекей,
Үшеу ара бір тартар,
– деп жолдан барымталап газетті ұстап алып жатыр. Қанша 
газет барымтада кеткені мәлім емес. Бірақ, көп болса керек. 
Сәбеттің сарытүйме-саржағасын шаужайға қағып, бұлар алып 
отырған газетті, кітапты азайту жолына қайтпай іс қылу ке-
рек. Сарытүйме-саржағаны бірте-бірте мінеп, жонып азайту 
керек. Басымыздан кешіп тұрған біздің мәдениет дәрежеміз 
де бұларды он, жүз есе жоямыз деп болмайды. Бүй деп біз 
танысақ, бұл адасқан болады. Қайтесің, мәдениетіміз жоқ, амал 
не?!
Бірақ, бірте-бірте азайта аламыз, мұны қылу біздің парызы-
мыз. Мұны іске асырмаған коммунист қу сөзбен ғана комму-
нист.
Кітап, газет тәртіппен, ақысыз кітапханаға, кітап оқитын 


287
орынға ғана жалпы халыққа құрал болатын болып жұмысшы, 
қызыл әскер, мұжыққа пайда келтіретін болып таратылсын, 
осыны орындау керек. Мұны қылмай қоймаймыз. Сонда жал-
пы халық, емшек тілеген баладай, жүз есе жігерлі болып хатқа
қаламға, жарық сәулеге, білімге талпынады. Сонда халықты 
ағарту ісі құбыладан соққан желдей еседі.
Алақанға салып көрсету үшін біраз есеп көрсетейін.
Бар Ресейге арналып 350 мың «Избестия», 250 мың «Праб-
да» газеттері басылады. Біз қайыршы емес? Қағаз жоқ, 
жаураған, аш, жалаңаяқ, жалаңаш жұмысшы, мәшине то-
зып біткен, талқанданып барады. Үй де [ғимарат та] тозып, 
ауып, қыңырайып барады. Біздің мемлекетте артығымен он 
мың [15.000] болыс, елу мың [50.000] кітапхана, кітап оқитын 
орын қағаз жүзінде ғана емес, шын бар делік. Болыс басы-
на үштен кем емес, зауыт-фабрик сайын бірден, әскер бөлімі 
сайын бірден кітапхана делік. Кітапхана басына үштен газет 
бердік, мұның екеуі жапсырылмалы делік (капитал дәуірінен 
коммунист жолына төрт қадам біз бастық деймін; осы күнгі 
газетті жыртып оқуға жаратпай, керегеге тағылық тәртіппен 
жабыстырған жойылды деймін; төрт қадам да бізде темір шеге 
жетпейді! Ағаш шегемен тегіс, жақсы тақтайға оқуға ыңғайлы 
етіп жапсырдық). Өсітіп екі газет те елу мың кітапханамен 
кітап оқитын орынға, біреуі мұның жапсырылма, тағы бір сана 
қос ат орнында лау [?] болып сақталуға делік. Енді біз газетті 
сарытүйме-саржаға сәбет төрелеріне текке беруден тиылдық 
делік. Бірнеше мыңнан артық газет сәбет республикасының 
төрелеріне берілмейді делік.
Міне осы секілді қиын сертті [шартты] былай десек, 160 не 
175 мың газет саны [данасы] осы күнгіден бес есе артық қызмет 
қылатын болып шығады. Халықтың бәрі газеттен хабарла-
натын болады. Бұған екі газеттің 350 мың саны [данасы] мол 
жетеді. Осы күні сарытүйме-сариық сәбет төрелері алты жүз 
мың [600.000] газет санын капитал дәуіріндегі сасық әдетін 
қоймай, босқа алып выброс қылып тартып отыр. Газеттің 250 
мың саны тежеп ұстағанның таза пайдасы болып қалар еді. 
Осы күнгі қайыршы, кедей бойымызда 125 мыңнан күнде ба-


сып шығаратын екі газетіміз болар еді. Біз бұл газеттерге күнде 
кестелі әдебиет, жалпы ағарту жолында құрал, шаруа түзеу 
жолында құрал, өнер-өндірме түзеу, қоздату жолында құрал 
жазып, мұны жалпы халыққа таратып, ағартуға қызмет қылар 
едік. Соғыстан бұрын Франсия жатыпішер-тоққарыны байға 
бір сом 25 тиыннан роман, 4 тиындық жұмысшы газетін басып, 
ақшаны күректеп алса, біз капитал дәуірінен коммунист жо-
лына екінші қадамда тұрып, мұны қалайша іске асыра алмай-
мыз? Осыны қылуды біз неге үйренбейміз, үйреніп алып қанша 
кедей, қайыршы болсақ та, бір ғана жылдың ішінде халықтың 
50 мың кітапханасына, кітап оқитын орнына 2 санадан [дана-
дан] газет беріп, керек ағарту құралын жер жүзінің кестелі 
әдебиетін, осы күнгі бар білімді, бар шеберлікті халыққа неге 
«Мә!» – деп қалай бере алмаймыз? Үйренерміз» (том ХІІІ-інші – 
он сегізінші, бөлім І-інші – бірінші, 77 бет).
Асығыс болып, көп уақыт жұмыс иықты басып, біз Лениннің 
айтқанының бәрін түгелдей алмадық, қолдан келетіннің көбін 
қыла алмадық.
Бұлттан шыққан күндей, Лениннің өсиеті осы күні жарқырап 
шығып келеді, іске асырып, жетілмегенді жеткізіп, бетті түзеп, 
өрге өрмелеп, істі қоздырып керек жігерді дауылдай соқтыру 
керек.
Аударушы: Қыр баласы.
Мәскеу қаласы.


Жер жүзінің еңбекшілері, бірігіңдер!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет