316
– Жоқ, мен мұндай бидайды егіп те, орып та, кісіден сатып
алып та көргенім жоқ. Сатып алған бидай мұндай ірі емес, қу
шөлмек болатын. Менің әкемнен сұрау керек: мұндай бидайды
қайда шыққанын сол білмес пе екен? – дейді өлімтік шал.
Патша шалдың әкесіне кісі жібереді. Жігіттер таяғына
сүйенген бір шалды патшаға алып келеді. Патша бұған бидай-
ды көрсетеді. Шалдың көзі көреді екен: бидайды алып қарайды.
– Кәні, ақсақал,
бұл қай жерге шыққан бидай, қашан
шыққан бидай? Өзің егіп көргенің бар ма? Болмаса, басқа еккен
адамдардан сатып алып көргенің бар ма? – деп патша шалдан
сұрады.
Құлағының аз-ақ қақысы болса да, баласынан анағұрлым
пысық,
бойы сергек, жас көрінді.
– Жоқ, мен мұндай бидайды өмірімде еккенім де жоқ,
орғаным да жоқ, кісіден сатып алғаным да жоқ. Мен өмірімде
ақша дегенді естігенім жоқ. Біздің заманымызда халық өз нанын
өзі жейтін ашаршылық болса, бар нанын көршісімен бөліп
жейтін. Бұл бидай қашан қай жерге шыққан бидай екенін мен
біле алмадым. Біздің бидайлар осы күнгі бидайдан
шығымды
да үлкен де болушы еді, бірақ нақ мұндай ірі болмайтын. Әкем
айтушы еді оның заманындағы бидайлар ең үлкен шығымды
болушы еді деп; сонан сұрасаң екен, – дейді бұл шал да.
Патша шалдың әкесін шақыртады. Баладай ойнап,
жымпыңдаған құп-қунақ шал патшаға жүгіріп келіп сәлем
береді.
Құлағы сап-сау, көзі жайнаған шоқтай, сөзі судай
сырғиды.
Патша бидайды шалға көрсетті, шал бидайды қолына алып,
айналдырып қарады.
– Көп заман болды шырағымды көрмегелі, – деп, шал
бидайды тістеп, үзіп
алып шайнап, – нақ өзі, – деді.
– Айтшы, ата, қай уақытта, қай жерде мұндай бидай шыққан?
Мұндай бидайды өзің егіп, өзің орып па едің? Жоқ, еккендерден
сатып алушы ма едің? – деп патша онан да сұрайды.
– Менің заманымда, – дейді шал, – бұл бидай қайда болса,
сонда шыққан. Менің жеп өскен наным. Көршімді сыйлағаным
317
осы бидай. Менің егетінім де, орып бастыратыным да осы бидай
еді.
– Бұл бидайды, ата, өзің егетін бе едің, жоқ, сатып алушы ма
едің? – деп патша тағы қайтадан сұрады.
Шал мұртынан күлді.
– Біздің заманымызда сатқанды кім көрген? Сатқан күнә емес
пе? Онда ақшаңды кім білген? Әркімнің өз наны өзіне жетерлік
болатын, – дейді шал.
– Бұл бидайды қайдағы егіндікке ектің, ол егіндік өзіңдікі ме
еді? – деп патша тағы сұрады.
– Менің егіндігім – Құдай жері. Қай жерді жыртсам, сол жер
– менің егіндігім. Еңбегім, терім сіңген жер менікі. Құдай жері
кім еңбек сіңірсе, соныкі. Жердің менікі сенікі болуының шарты
жалғыз-ақ еңбек. Тағы да табан ақы маңдай тер менікі, сенікі
болады.
Жердің менікі, сенікі болуды табан ақы маңдай тер
сіңуінен, – дейді шал.
– Тағы екі ауыз сөзіме жауап айтшы, ата, – деп патша сұрады:
– Бұрын неге мұндай бидай шыққан, енді неге шықпайды?
Бұл бірі.
– Сенің немерең екі таяқпен сүйретіліп келді; балаң таяққа
сүйеніп келді; сен таяқсыз келдің? Көзің шоқтай жайнап тұр,
тісің түгел, пышақтай өткір, сөзің анық, бойың қунақ, кескінің
жақсы, пішінің түзу. Бұл неден мұнша екі түрлі болды енді?
– Адам баласы Құдай көрсеткен табан ақы, маңдай терімен
күнелткен таза жолдан шыға жайылды. Сығалағаны көрші
қазынасы, көрші пұлы болды. Бұрынғылар өз табан ет, маңдай
теріне жалынған, Құдай көрсеткен ақ жолмен жүрген.
Ендігі
адам іздегені арамзалық, көрші қазынасы, бөтеннің пұлы. Сен
сұраған екі түрлі күй осыдан болған, – деді шал.