133
«бісмілдә» деп басталатын
сөздің басы сықылды былдыр-
батпаққа айналды.
Бірақ Ауропа отаршылдығының бір қасиеті – құлды көп
қуып, батыр қылуы, өлімге бұйыруы мен өмірді сүйгізуі, езілген
елдің ұлттық сезімін оятуы. Осы заң бойынша 1905 жылғы
төңкерістен
соң соққы жеп, сүлесі қатқан Қазақ елі есін жия
бастайды. Жаралы жанының есін жия бастағандығы бірінші
үні – ыңырсып күрсінуі, күңіренуі болмақ. 1905 жылдан соңғы
әдебиетіміз, «Оян, қазақ!», «Қырық мысал»
сықылды елім,
жұртым деген әдебиетіміз, сол күңіреу, сол зәреде күңіренген
жаралы жанның көзіне ілгені ғана – қылышынан қан тамып,
майданда ойнап жүргені елестемек. Ояна бастаған ел болған
күнін есіне түсірмек. Әдебиетіміз да мынау «Оян!» деген зармен
бірге елдің өткен күнін есіне сала бастап еді. Өткен, тағы болып
жүрген дәуірді қайта орнату үшін емес, жасынан елдің жанына
үміт салу үшін өткенді жырлай бастап еді. Әдебиет осы күйінде
тұрғанда біз үстіміздегі зор төңкеріске кіріп кеттік.
Достарыңызбен бөлісу: