Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!


Бұл күнге шейін төңкеріс әм әдебиетіміз



Pdf көрінісі
бет56/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   150
Байланысты:
e0be8266bf1c310cf368d6fe2d998af0

Бұл күнге шейін төңкеріс әм әдебиетіміз
Үстіміздегі зор төңкеріс – бізге өз тарихымыз тудырған, өз 
тарихымыздың қатынасы болған таныс төңкеріс емес, Ауро-
па тудырған жат төңкеріс еді. Осы себептен біздің әдебиетіміз 
бастапқы жылдарда төңкеріс туралы қолға аларлық ешнәрсе 
болмағаны даусыз. Әдебиет өзінің бұрын келе жатқан бетімен 
жүре береді. Бір жағынан, орыс отаршылдығының зардабынан 
елге кірген бүлгіншілік бұзықтықты сүйретіп, екінші жағынан, 
елдігін ұмытып, жасып қалған өткенде өзінше ел болғанын 
есіне салып, табиғи жолмен келе жатты. Маркысшыл зор ғалым 
Пілеқанып [Плеханов]: «Шаруа – тұрмыс-салт төңкерісінің 
бейімделуі болмақ», – дейді [Бельров. «К вопросу о развитии 
монистического взгляда на историю»].
Төңкеріспен қазақ төңкерісінің сырты ғана соқтыққан ғана 
болғанмен, санасы дағдылы жолымен келе жатты. Сондықтан 
әдебиетіміз төңкерістің бастапқы дәуірінде өзінің табиғи жо-
лымен өсіп келе жатты. Осы жолда әдебиетіміз бірталай ілгері 


134
аттап та қалды. Қияға қарғып шығамын деп мертігіп қалмай, 
тұрмыстың, тарихтың заңы бойынша табиғи жолмен жүріп, күн 
санап өсіп, тереңдеп келе жатқан кешегі, бүгінгі әдебиетімізді 
қарғауға емес, алқауға міндеттіміз. «Төңкеріс туралы тез 
үндей қоймадың» деп, томпиып өкпелеуге емес, не себепті 
үндемегенін ұғуға міндеттіміз. Әдебиетімізге төңкерістің тіпті 
түспеуінің, бірен-саран түсірем деген топас тәжірибелер де 
теріс жағынан түсуінің тағы бір себебі: төңкерістің өзінің қазақ 
даласына күнгей бетінен емес, теріскей бетінен, оңынан емес, 
солынан кіруі – алақандағы нәрсе ғой. Мұны бүркеп қоюға бол-
мас. Марқыстың: «Санаға сипат беретін – салт», – деген асқар 
пікірін де аттап кетуге болмас. Төңкерісті оң жағынан түсірем 
деп ұмтылған әдебиетіміздің тәжірибесі соңғы бірер жылдың 
ішінде ғана басталды. Бұл айтылғандардың бәрі – әдебиетіміздің 
бұл күнге шейін жүріп келген жолы. Тарихтың, тұрмыстың 
құрыш заңы бойынша өз бағытымен дұрыс жүріп келген жолы. 
Енді бұдан былай деген мәселе тумақ: аққан судың өзінен ай-
рылмайтын сипаты – ағу. Аққанда, жазық жерде – жайылып, 
жыбырқанып, тар жерде, тастың бауырында – көбіктеніп 
көпіріп, жарды соғып лепіріп ағу. Яғни, өзінің ағу заңына да, 
жолдың, арнаның заңына да бағыну. Тұрмыс та ағып жатқан су 
сықылды. Қазақ тұрмысы да, салты да жаңа арнамен ағуға бет 
алды. Зор төңкеріс қазақ даласына енді күнгей бетінен кіргелі 
жаңа жол іздемек. Сонау жаңа жолдың жөні қайда? Бұған жа-
уабымыз – мынау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет