158
Негізгі мақсұтымыз
Жоғарыда ортақшылдық жолы дедім.
Теріс ұғыныс бола
ма деп қорқып, анықтамақшы боламын. Ауылға бірден
ортақшылдықтың таза жолын бүтіндей орнатамын деген
пікірден алыспын, бұл болмайтын іс.
Ауыл ортақшылдық
дәуіріне кәміл дайындалғанша,
ортақшылдықты ауылда орнатамын деу ортақшылдық үшін
үлкен залал. Алдымен ортақшылдыққа негіз керек.
Жұмысты ауылда ортақшылдық орнатудан бастау керек
емес, ауылда қаламен қатынастырудан, араластырудан бастау
керек. Олай етпесек, мақсұтқа жете алмаймыз, жұмысымызға
залал келеді.
Жұмысшылар мен шаруалардың арасын қосу, достығын арт-
тыру, жолдастастыру
біздің табымыздың, біздің өкіметіміздің
бірінші және негізгі міндеті.
Бұл
үшін
фабрик-зауыт
жұмысшыларының
ұйымдасушылары керек; ұымдасқаннан кейін ауылға жәрдем
жасау жұмысына, ауылдың мәдениетін арттыру жұмысына
кірісу керек.
Достарыңызбен бөлісу: