Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!


«Жаңа мектептің» мақсұты қысыр пәлсәпә сату



Pdf көрінісі
бет60/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   150
Байланысты:
e0be8266bf1c310cf368d6fe2d998af0

«Жаңа мектептің» мақсұты қысыр пәлсәпә сату 
емес, қисын жырларын жырлау емес, қазақ мектебіне 
араласу, қазақ оқытушысының мектептегі күнбе-
күндік жұмысына жәрдемші болу. Оқытушылармен 
пікір алмастырып, жүкті «әуп-әуп» деп күш қосып 
бірге тарту.
«Жаңа мектептің» пайдасын жырлай берсек, 
оқушының біреуі «оқи келе көрерміз» деп жоруы 
мүмкін. Сондықтан, қысқартып қана айтпақпыз. 
Барлық оқу-білім мәселесі, оқу, оқыту түрлі, мектеп 
түрлі, оқыту програмы, оқытушының хал жайы... 
әлден келгенше «Жаңа мектепке» жазылып тұрмақ».
V.
1925 жыл, Қызылорда.


146
«Жаңа мектеп» журналының 1925 жылы Қызылордада Қазақстан 
мемлекеттік баспасынан шыққан 1 саны.
№ 1 журнала «Жаңа мектеп» («Новая школа») за 1925 год, изданный в госу-
дарственном издательстве Казахстана в Кызыл-Орде.


147
«ЖАҢА МЕКТЕПТІ» НЕГЕ ШЫҒАРУ КЕРЕК БОЛДЫ?
1917-нші жылы я құрық, я мойын кететін қоян-қолтық қызу 
тартыс болды. Бейнетқор елге я капиталды құлатып, өкіметті 
қолына алу, я жеңіліп, өзгерістің отын әлденеше жылға создырып, 
құлдықта тағы әлденеше жыл шіруге тура келді. Бұл тартыстың 
уақытында оқу-білім жұмысы ойдан шықты, сөнуге жақындады.
Бейнетқор ел бұл тартыста жеңді, капитал құлады. Өкімет 
бейнетқор жұмысшылардың қолына көшті. Жұмысшы 
бейнетқорлар үстемдігін (диктатура) орнатты... Мұнымен 
жұмыс бітпеді. Жығылған капитал «қарсылық етуін» қоймады: 
өрт салды, банда болып ел тонады, шаруаны қиратты, шетелдің 
байларымен қостасты, Ресейді қасқырдай қамады. Оқу-білім 
жұмысына бұл дәуірде де қайырылуға болмады. Әуелі капи-
талды бүтіндей өлтіру керек болды.
Калшак [Колчак],
1
Деникиндер,
2
Брангел [Вран - 

Колчак, Александр Васильевич (1874–1920, Иркутск) – орыстың са-
яси қайраткері, «Ресей халықтарының Ұлы Шығысы» (Великий Восток на-
родов России») масон ложасының мүшесі (1909–1918), Ресей императорлық 
флотының вице-адмиралы (1916) және Сібір флотилиясының адмиралы (1918). 
Орыс-жапон соғысына, І-інші дүниежүзілік соғысқа және азамат соғысына 
қатысқан. Бүкілресейлік және Шығыс Ресейдегі Ақтар қозғалысының көсемі, 
1918–1920 жж. – Ресейдің жоғарғы билеушісі болып сайланды.
Колчак, Александр Васильевич (1874–1920, Иркутск) — российский поли-
тический деятель, член русской масонской ложи «Великий Восток народов 
России» начала ХХ в. (1909–1917), вице-адмирал Российского Императорского 
флота (1916) и адмирал Сибирской Флотилии (1918). Участник русско-япон-
ской, первой мировой и гражданской войн. Вождь и руководитель Белого 
движения как в общероссийском масштабе, так и непосредственно на Востоке 
России. Верховный правитель России (1918–1920 гг.), был признан на этом по-
сту всеми руководителями Белого движения.

Деникин, Антон Иванович (1872–1947) – орыстың әскери қолбасшысы, 
орыс-жапон соғысы мен І-дүниежүзілік соғыстың қаһарманы, генерал-лей-
тенант, Азамат соғысы кезінде Ақтар қозғалысы қолбасшыларының бірі: 
Еріктілер армиясының қолбасшысы (1918–1919) және Оңтүстік Ресейдің 
қарулы күштерінің бас қолбасшысы (1919–1920), Жоғарғы билеуші әрі жоғарғы 
бас қолбасшы адмирал А. Колчактың орынбасары (1919–1920).
Деникин, Антон Иванович (1872–1947) – русский военачальник, герой рус-
ско-японской и первой мировой войн, генерал-лейтенант, один из главных ру-
ководителей Белого движения в годы Гражданской войны: командир Добро-
вольческой армии (1918–1919) и главнокомандующий Вооруженными силами 
Юга России (1919—1920), заместитель Верховного правителя и Верховного 
главнокомандующего адмирала А. В. Колчака (1919—1920).


148
гель],
3
Юдеништер
4
бірінен соң бірі жойылды. Қызыл әскер 
тарих көрмеген қаһармандық көрсетті. Кеңес өкіметі Ресейде 
тегіс орнады. Бірақ соғыс мезгілінде қираған шаруа қирауымен 
қала берді, ашаршылық болды, ел қырылды. Елге жәрдем ке-
рек болды. Бұл дәуірде де оқу-білім жұмысы жесір болды. Ал-
дымен бұзылған, қираған шаруаны түзеу, тірілту керек бол-
ды. Ел жалпағынан шаруа тірілтуге жұмылды. Көп қорқытты, 
жұмысы жемісін берді: әп-сәтте шаруа жапырағын жайып, 
оңдала бастады. Еңбек жемісі өне бастады. Ауыл шаруасы, ірі 
кәсіп тіріле бастады. Бұл дос түгілі дұшпанға да айқын бола ба-
стады. Бізді арамсынған Еуропаның капиталшы мемлекеттері 
жалтаңдай бастады. Бірінен соң бірі бас иіп, бізбен санаса ба-
стады...
Міне дәл осы шақта жұмысшы бейнетқорлар өкіметі басқа 
кем-кетігін ойлай бастады. Көзі әп дегеннен жесірісіп қалған 
оқу-білім жұмысына түсті, оқу-білім майданы ашылды. Жалпы 
сауатсыздықты жоймай тұрып, коммунизм орнатып болмай-
ды.
«Біздің күнімізде ең жақсы орын, бұрын үш ұйықтаса түске 
енбеген, оқушынікі болсын», «Ресейде өктәбір өзгерісінің 
10-жылдық тойына дейін, Ресейде ел жалпағынан хат танып 
үлгерсін» деп Ленин жолдас ұран салды. Ұранды партия қабыл 

Врангель, Пётр Николаевич, барон (1878–1928) – орыстың әскери 
қолбасшысы, орыс-жапон соғысына және І-дүниежүзілік соғысқа қатысты, 
Азамат соғысы жж. Ақтар қозғалысының негізгі қолбасшыларының бірі (1918–
1920). Қырым мен Польшадағы орыс армиясының бас қолбасшысы (1920). 
«Қара барон» деген лақап аты болды.
Врангель, Пётр Николаевич, барон (1878–1928) – русский военачальник, 
участник русско-японской и первой мировой войн, один из главных руково-
дителей (1918–1920) Белого движения в годы Гражданской войны. Главноко-
мандующий Русской Армии в Крыму и Польше (1920). Его также называли 
«черным бароном».

Юденич, Николай Николаевич (1862–1933) – орыстың әскери 
қолбасшысы, инфантерия генералы (1915).
Азамат соғысы жылдарында солтүстік-батыс бағытында совет өкіметіне 
қарсы тұрған әскери күштерді басқарды.
Юденич, Николай Николаевич (1862–1933) – русский военный деятель, ге-
нерал от инфантерии (1915). Во время гражданской войны возглавлял силы, 
действовавшие против советской власти на северо-западном направлении.


149
алды. Миллиондаған жұмысшы бейнетқор табы ұранға селт 
етті. Бас иді. Оқу-білім майданын күшейтуге, надандықты 
жоюға кірісті. Жоғарыда біз өзгерістің бастапқы кезінде оқу-
білім жұмысы жесір болды дедік. Бұдан бүтіндей коммунистер 
партиясы бұл жұмысты бүтіндей ұмытып кетті деуге болмайды. 
Біз оқу-білім майданында жұмыс өзгерісі екпінді болмағанын 
айтқанбыз. «Бәлшебектер бүтіндей оқу-білім жұмысын аяғына 
басты, оқу-білімнің басына бұтын көтеріп сарыды» деген, шу 
көтерген бәлшебектердің дұшпандары ғана болатын.
Біз жалшылар табымыз, бізге ешбір оқу-білімнің керегі жоқ; 
біз өктәбірді оқу-білімсіз-ақ жасағанбыз» деген надан достар да 
болған. Шындықта бәлшебектер оқу-білім жұмысын бір сек-
кунд те ұмытқан емес, бір секунд те. «Жағырапия не керек, из-
босшик [извозщик] бар ғой» деген емес. Әйтпесе оқу комиссари-
атын ашпас еді. Оқу-білім жұмысының басына Лунашарскийді 
[Луначарскийді]
5
отырғызбас еді. Автономный республикалар-
да оқыту ана тілінде болсын деп жар салмас еді...
Бәлшебектер оқу-білім майданына Брангел, Деникиндерге 
ұмтылған Қызыл әскердің екпініндей екпінмен кірісулі. Бірақ, 
кірісетін уақытын дәлдеп кірісулі, яғни жауды жеңіп алып, шару-
аны азырақ бекітіп алып кірісулі. Бұл майданда бір-екі жылдың 
ішінде таудай жұмыстар жасалулы. Қалың сауатсыздық орыс 
елінде жұқарулы. Жаңа дәуірдің жаңа қалам қаһармандары 
шығулы, жаңа салт-сананың жырын жырлайтын жаңа 
кітаптар жазылулы. Мектептер бүтіндей жаңарулы. Николай 
заманындағы мектептер мен бүгінгі мектептің арасы қазақтың 
баяғы «А», «Ы», «А»-«Ән», «Ен»-«Он», «Аба»-«Таба»-ның ара-
сынан да қашық. Бұрынғы ақсүйек төрелер балаларының ор-

Луначарский, Анатолий Васильевич (1875–1933) – орыс совет жазу-
шысы, қоғам және мемлекет қайраткері, аудармашы, публицист, әдеби сын-
шы, өнертанушы. 1905–1907 жж. бірінші орыс төңкерісіне және 1917 ж. «Қазан 
бүлігіне» белсене қатысты. 1917–1929 жж. – совет өкіметінің бірінші білім беру 
халық комиссары болды.
5. Луначарский, Анатолий Васильевич (1875–1933) – русский советский пи-
сатель, общественный и политический деятель, переводчик, публицист, кри-
тик, искусствовед. С октября 1917 по сентябрь 1929 – первый нарком просве-
щения, активный участник революции 1905–1907 годов и Октябрьского путча 
1917 года.


150
нына миллиондаған жұмысшы бейнетқорлардың балалары 
оқып жүр. Бұрынғы қай патшаның әйелі қай айда екіқабат 
болып, қай айда бала табатынын жаттайтын тарихтың орнына 
пәлсәпә тарихын, тарих пәлсәпәсін оқып жүр. Бұрын 12 жыл-
да оқып үлгеретін орта дәреже оқуды 3 жылда бітіріп отыр. 
Бұрынғы Николайдың туған сағатын жаңылып қалған үшін 
тақтайға жүгінетін я астан қалатын балалар үлкен жиылыстар-
ды басқарып, баяндамалар жасап жүр...
Қысқасы, Кеңестер одақтығында оқу-білім жұмысы көш 
ілгерілемеді деп дос түгілі дұшман да айта алмайды.
Қазағыстанға ауалық. Күні кеше Қазағыстан немене еді? 
100 % хат танымайтын, «я ібіліс болып у бер, я періште болып 
су бер» деп ұлтшыл ақын зар салып, жаназаға шақырған Сары 
далада ыңыраған жаралы жан еді. Ұлтшыл ақынның «оқыған 
азамат» деп сүрен салғаны, шақырғаны «мына бөрік маған 
жүре ме?», «сорпа жеп отырмын»... деп орысшалап жүрген 
салты бұзылған, оқыған шенеуніктер еді.
Кеңес өкіметінің оқу-білім майданына көзқарасы 
Қазағыстанға да әсер берді, Қазағыстанда оқу комиссариаты 
ашылды. «Ыңыранған Сарыдала» шешегі гүл жарып көгере 
бас тады.
Тәңіріне зар еткен қазақ, қайғырып қандай азап шеккен 
қазақ Қызыл әскердің қолындағы кателогінен [котелогынан] 
«абылқаят» [?] суын ішті, басын көтерді. Жыртық сарыбөз дам-
балмен оқу іздеп жолға түсті. Оқыды, алдынан кесел ұшыраса 
«састым» деп отыра қалып, газетке сөз жазды... «Қарашаш» 
қайран жарым-ай, қарашығым, жаным-ай, құлағыма келеді, 
алыстан ащы зарың-ай»-дың орнына «бостандық бізге көктен 
келмес, бостандықты бізге ешкім бермес; алармыз күшпен 
ақырда»-ға салды.
Қысқасын айтқанда, оқу-білім майданы Қазағыстанда да 
гүлденіп келеді. Қазақша жаңадан жазылған кітаптар, қазақша 
оқыту, айналадағы жағдайға қол артып оқыту – еңбек мектебі, 
баулу мектебі. Жаңа програм.
Бірақ, оқу-білім майданы Қазағыстанда орыс еліндегі оқу-
білім майданымен қатарлыстырғанда әлі солғын. Орыс елінің 


151
майданында күнбе-күн оқытушылар жиылысы, айтыс, пікір 
алмастыру. Баспасөздің беті оқу, оқыту мәселелерімен толған. 
Қым-қиғаш, жалпақ шабуыл. Бізде шашылған ел. Көшіп-қонған 
ел. Мектеп пен мектептің арасы айшылық жол, қатынас құрал 
кем. Жиылыс жасау аса қиын. Баспасөз аз. Оқу-білім мәселесі 
көрінбейді. Оқу мекемелерінің нұсқау қағаздары мектептерге 
әлденеше айда барып жетеді. Оқу-білім майданындағы жұмыс 
Сары даланың түріне саз қосады.
Бұл күйде қалу жарамайды. Бұл күйде қалуды тарих 
көтермейді. Қазағыстан оқу комиссариаты шара іздеді. 
Оқытушылар шара іздеді. Ақырында Қазағыстанның 
орталығынан «оқу-білім жұмысына, оқу-білім майданына 
арналған бір журнал шығаруға кірісті. Бұл журнал мына «Жаңа 
мектеп».
«Жаңа мектептің» мақсұты қысыр пәлсәпә сату емес, қисын 
жырларын жырлау емес, қазақ мектебіне араласу, қазақ 
оқытушысының мектептегі күнбе-күндік жұмысына жәрдемші 
болу. Оқытушылармен пікір алмастырып, жүкті «әуп-әуп» деп 
күш қосып бірге тарту.
Журналдың бұл санында зор кемшілік бар: қозғалған 
мәселелер жалпы мәселелер. Былай болуының себебі, 
оқытушылардан мақалалар келіп үлгермегендігі. Келесі сан-
дарда бұл кемшілік жойылып, жалпы мәселелерді қозғаудың 
орнына, күнбе-күндік керекті жұмыстар қалай істелуі туралы 
мәселелер қозғалар.
Көргенсіз Қонақбай, «жануар семіз екен» деп қонағына 
сойған тоқтысын мақтай беріпті. Құлағы азған қонақ: – Бай, 
жегенде көрерміз, – деп ақылсыз байға тыйым салыпты. «Жаңа 
мектептің» пайдасын жырлай берсек, оқушының біреуі «оқи 
келе көрерміз» деп жоруы мүмкін. Сондықтан, қысқартып 
қана айтпақпыз. Барлық оқу-білім мәселесі, оқу, оқыту түрлі, 
мектеп түрлі, оқыту програмы, оқытушының хал жайы... әлден 
келгенше «Жаңа мектепке» жазылып тұрмақ. Оқушылар
оқытушылар, оқу-білім мекемелері, барлық Кеңестер 
Одақтығындағы оқу майдандары Қазағыстан үшін осы «Жаңа 


мектеп» журналында бас қоспақ. Пікір алмастырмақ. Біріне 
бірі жәрдемші болмақ. Сондықтан барлық оқытушылар, оқу-
білім жұмысына көтермеші азаматтар журналды алдырып 
оқуы, атсалысып көтермеші болуы керек.
V.
«Жаңа мектеп» журналы, № 1, 1925 жыл.
Қызылорда қаласы.


153


154


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет