Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!


Маркысшылдық әм әдебиет не жазуға?



Pdf көрінісі
бет59/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   150
Байланысты:
e0be8266bf1c310cf368d6fe2d998af0

Маркысшылдық әм әдебиет не жазуға?
Маркысшылдың әдебиет туралы негізгі пікірі мынау: 
әдебиетке сипат беретін – тұрмыс, тұрмысқа түр беретін – 
технике мәдениеті, яғни негізінде әдебиетке бағыт беретін – 
тұрмыс.
Өмірге қадам басқан елдің, яки таптың әдебиетінің алды 
– өр, үкімге басқан елдің, яки таптың әдебиетінің алды – көр. 
Бұл даусыз. Бірақ әдебиетті тұрмыс бағытымен ғана өлшеумен 
іс тәмам болмайды. Әдебиет көзінен қарағанда құр бағытпен 
жақсы да, жаман да әдебиет болмайды. Байрон – құлап бара 
жатқан ақсүйектің ақыны. Оның ақындығының негізгі бағыты 
– қирауға бет алған ақсүйек тұрмысы бағыты. Дін қыссаларын 
жазған біздің Жүсіпбекқожамыз – діншіл ақын, бірақ бұларды 
танумен ғана бұлардың ақындық мәселесі шешілмейді. Мұны 
шешу үшін олардың ақындығын тексеру керек. Пілеқанып жа-
зады: «Әдебиет әскерінің тұрмысындағы негізін табумен ғана 
әдебиет ісінің ісі бітпейді. Тұрмыстағы негізін тапқан соң, оның 
ақындық жағы тексерілсе, сол уақытта әдебиет шын әдебиет 
болмақ», – дейді [Бельров. «За 20 лет». Предисловие к третьему 
изданию]. Дұрысы бір таптың ақыны екінші тапқа жат болуға, 
шет болуға тиісті, бір тап екінші таптың ақынына жау болуға 
тиісті. Бірақ бұл шеттік, бұл жаттық, бұл жаулық ақындық 
жағынан емес, азаматтық жағынан болуға тиісті. Болмысына, 


141
мысалы, «Қараңғы түнде тау қалғып, Ұйқыға кетер балбырап» 
деп жырлаған ақынға осы ақындығын жат көру, осы ақындығы 
жағынан жау көру даусыз ақымақтық болар еді. Осы себептер-
ден ақсүйек ақын Пушкин пролетариатқа азаматтық жағынан 
шет болса да, ақындық жағынан шет болмақ емес. Пушкиннің 
тап төңкерісі дәуірінде де пролетариаттың қолынан түспеуінің 
мәнісі осы. Пролетариат Пушкинді азаматтығынан емес, 
ақындығынан сабақ алайын деп ұстап отыр. Пілеқанып, Ленин, 
Меринг, Тсимер, Бухарин, Клара Сеткин, Лунашарски, Трот-
ски сықылды маркысшылдық көсемдерінің: «Пролетариатқа 
азаматтық жағынан қас, дос екенін біліп ал да, ақындық 
жағынан әдебиеттің алыптарынан сабақ ал», – деп үгіт 
берулерінің мәнісі осы. Біз де бағыт сабағын төңкеріс проле-
тариаттан алған соң, таза әдебиет сабағын жиһан әдебиетінің 
ергежейлерінен емес, алыптарынан алуға міндеттіміз. Көшерін 
жел, қонарын сай білетін қаңбақтарын емес, заман толқыны 
қатты долданып соқса да былқ етпей, елең қылмай тұрып кел-
ген асқарларын молда қылуға міндеттіміз. Жиһан әдебиетінің 
алыптарынан әдебиет сабағын алудың тағы бір себебі – шын 
ақынның тар тапшылдықтан қанша дегенмен жоғары болуы, 
белгілі бір тап мүшесі болса, шын ақынның тапшылдыққа ғана 
қамалып қалмай, өз табынан мойын озық жалпы таптың, жал-
пы адамзаттың жанындағы қайғылы яки қуанышты шекті шер-
те білу.
Адам – әуелі адам, онан соң бір таптың мүшесі ғой. Осы 
сөздерден әдебиетімізде тап мәселесі келіп шығады. Үстіміздегі 
төңкеріс тап төңкерісі болғандықтан, адамзатты бағытқа про-
летариат жеткізеді деп күмәнсіз сенгенімізден, жердің жүзі 
екі тапқа бөлінген күнде ғана төңкеріс қанатын кең жаяды деп 
білгенімізден, сөз жоқ, әдебиетімізде тап сарыны болуға, әрине, 
мүмкін. Бұл сарынның күші қанша болар – мұны тұрмыс 
жуырда-ақ көрсетпек.
Жолдастарымыздың кейбіреулерінде қазақтың осы күнгі 
күңгірт тап сезімі өспек емес, ұзамай өшпек деген пікір 
бар. Дәлелдерді тап сезімін тереңдеткендей, бай, кедей 
шаруаларының негізінде айырма жоқ. Айырма болса, сипат 


142
жағынан емес, сан жағынан еді. Осы шала-жансар айырма 
осы күні-ақ құрып қалды деуге болады. Бай, кедей шаруасы аз 
жылдың ішінде сан жағынан да қарайлас болып қалды деу ге 
болады. Шаруа айырманың енді қайта тууына жол жоқ. Осы 
себептерден қазақта тап сезімі тереңдей алмай, өсе алмай, 
осы күнгі күңгірт күйінше өшіп кетуге мүмкін. Бұлай болса, 
әдебиетімізге де тап сарыны терең түспеуге мүмкін. Дәлелдер 
– осылар. Тағы да ескертелік, бұл – бәріміздің емес, кейбір 
жолдастарымыздың ғана пікірі.
Бірақ әдебиет басынан бақайына шейін тап туралы ғана бол-
са деп ұғу маркысшылдыққа да, әдебиетке де қиянат. Маркыс-
шыл бір әдебиет сыншысы А. Шужак айтады: «Жұмыскердің 
жайынан басқа нәрсені жазба деп ақынды қамап қоюды 
маркысшылдық білмейді әм білгісі де келмейді» [Н. Чужак. К 
эстетике марксизма. Сб. «К диалектике марксизма». Чита, 1921, 
стр. 26–27.].
Төңкеріске қосшы атанған әдебиетшілердің біреуі Леф 
Лунц: «Әдебиет әсері үстіндегі заманды суреттеуге де мүмкін, 
суреттемеске де мүмкін, одан жақсы, жамандығы табылмай-
ды», – дейді [Л. Лунц. Серафимович братья. Сб. «От символиз-
ма до Октября», 1924, Изд. «Новая Москва»]. Тротски жазады: 
«Жаңа әдебиетте [сотсиализім әдебиетінде] трагедие болмақ. 
Әрине, құдайсыз болмақ. Жаңа ескүстба құдайсыз ескүстба 
болмақ қой. Жаңа әдебиетте комедия болмақ. Жаңа адамдарға 
да күлкі керек. Жаңа әдебиетте роман өспек. Жаңа әдебиетте 
терең сыршылдық болмақ. Жаңа адам бұрынғы адамнан күшті 
сөйлемек қой. Жаңа әдебиеттің де ақыны өмір, өлім туралы 
жырламақ. Жаңа адам бұлар туралы ойламақ қой», – дейді 
[Л.Троцкий. «Литература и революция»].
Қысқасы, әдебиет домбырасында бір ғана ішек емес, көп ішек 
бар әм болуға тиіс. Көп ішектің бәрі басылуға тиіс. Бірақ барлық 
ішекті рет-ретімен басқанда бір ғана күй шығатын болсын. 
Яғни, түрлі нәрсені суреттейтін әдебиет негізгі бағытқа қайшы 
болмасын. Негізгі бағытымыз төңкеріс арқылы ортақшылдық. 
Әдебиет негізінде осы бағытты темірқазық қылумен бірге өзінің 
ішкі заңы бар әдебиет екенін ұғып, дұрыс жүре білсін. Әсіресе 


143
біздің жас әдебиетіміз жан-жаққа, алға, сыртқа қарануға 
міндетті. Мұның бір себебі мынау: Ауропа әдебиетінің артын-
да асқар барлығы бар. Ауропа өмірінің өрі, қыры, күнгей де, 
теріскей де беттері әдебиетіне түскен. Ауропа адамының терең 
сезімдері, асқарланған қиялдары әдебиет алыптарының сұлу 
сөз реттеріне болған жалпы адамзаттың алдына тастаған қара 
да, хан да, бай да, кедей де, данышпан да, надан да, ер де, әйел 
де тәңірге махаббатшылы да, елге махаббатшылы да, әйелге 
махаббатшылы да, ұлтшылы да, ортақшылы да, бүгіншілі де, 
ертеңшілі де, меншілі де, сеншілі де – бәрі де жақсы да, жаман да 
жағынан суреттеген. Қалай да Ауропа пролетариатының атадан 
қалған мұра, қазына сансыз таңдауына да, талдауына да жететін 
келесі байлығына қоры мол. Ал біздің әдебиетіміздің Ауропа 
жолына түскеніне 15–20 жылдан артық емес. Жаңа әдебиеттің 
тартылса ағұзысы ғана тартылды. Бісмілдәсі әлі басталған жоқ. 
Өміріміздің күнді әм күңгірт дәуірлері болған әм бар. Қазақтың 
өзінің жаратылысқа, өмірге, тұрмысқа көзқарасы, өзінше фи-
лософиясы, терең сезімі болған әм бар. Осылардың бірі тура-
лы әлі айтарлық қалам тартылған жоқ. Өзінше елді қоғамдаған 
хан, қоғамды қорғаған батыр, өзінше қоғамның қорғаны болған 
би, хан заманындағы құл, төре заманындағы төлеңгіт, бай 
заманындағы кедей, жауынгерге жолдас болған әйел, өткен 
ертегі күніміз, ертегідей күніміз, кешегі капитализмге уһлеп 
кірген дәуірдегі азғындық, мұң, бүгінгі кедейлік, бүгіншілік, 
сонымен бірге жаңа өмірге бет алу... – қысқасы, қазақтың 
күні, ертегідей күні, кешесі, бүгінгісі де айтарлықтай суретке 
түскен. Осылар түспей, әдебиет өз әдебиетіміз бола алмақ емес. 
Сондықтан, жас әдебиетіміздің осы күнгі мойнындағы жауапты 
міндеті қай жаққа болса да бірезу болмау. Бұл – бір бағытты 
болмау деген сөз емес. Бағыттың аты – бағыт, бірезудің аты – 
бірезу. Саясатшыл азаматтың алдында бүгінгі мәселе, бүгінгі 
тұрмыс мәселесі тұратын болса, ақынның алдында өткен, бүгін, 
келешек – үшеуі де тұруға тиісті. Ақын осы үшеуінің арасында 
көпір салуға міндетті. Қазақ ақыны мен пролетариат ақынының 
арасында бірталай айырма бар. Пролетариат ақыны – төңкерісті 
өзі жасаған, өзі қиратып, өзі құрып жатқан төңкерісті өзінің та-


рихы тудырған, Ауропа тарихының машина дәуірі тудырған, 
ойы, сезімі зауыт-фабрикке байланған таптың ақыны. Қазақ 
ақыны – әлгіден тарихы бөлек, тұрмысы бөлек, рухы бөлек, 
төңкеріске жолдан қосылған жабайы тұрмысты елдің ақыны. 
Сондықтан екеуінің ақындығының мінезі бір болуға мүмкін 
емес. Бірақ негізі бір болуға тиісті әм бір болмақ. Бұл ортақ 
негіз, бұл ортақ бағыт: зор төңкерістің үдеуі, төңкеріс арқылы 
жер жүзіне бақытты тұрмыс, ортақшылдық орнауы. Домбыра-
да бірі қоңыр, бірі ащы үн беретін екі ішек бар. Екі ішек те екі 
түрлі үн шығарып тұрса да, күй тартылмақ.
Оқушы!
«Алқа» – осы.
Жасқа жөн сілтейтін, адасқанды жолға салатын, қисыққа тез 
болатын «Алқа» – осы. Жөн іздеген жас болсаң, жол іздеген жо-
лаушы болсаң, тез іздеген есті тентек болсаң, мынау «Алқа» – 
сенікі.
«Алқаға» кір!
Өзіңнің сұмырай мақсатыңа шындықты құрбан қылып 
шалып, қайқайып жүре беретін соғылған болмасаң, балапан 
әдебиетіміздің шын әдебиет болып ер жетуін тілеуші болсаң, 
мынау «Алқа» – сенікі.
«Алқаға» кір!
Шын әдебиетшіл, шын ақын болсаң, мынау «Алқа» – сенікі. 
«Алқаға» кір!
Құшағыңа қойнымыз ашық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет