Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!



Pdf көрінісі
бет73/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   150
Байланысты:
e0be8266bf1c310cf368d6fe2d998af0

Кездейсоқтық
Құбылыстардың жалпы байламды екенін анықтау үшін 
«кездейсоқтықты» талдап қаралық. Жай тұрмыста да, қоғам 
тұрмысында да біз кездейсоқтықты көп ұшыратамыз. Кейбір 
ғалымдар кездейсоқтықтың не екенін, тарихқа қандай әсерінің 
барлығын көп заман зерттеген болатын. Кездейсоқтық туралы 
біз көп сөйлейміз.


188
Базарда «кездейсоқ» Нұғыманды көрдім. «Кездейсоқ» арзан 
арба сатып алдым. Тағы осы сияқтылар.
Тағы бір мысал. Көршімнің қолына тұз шықты (қарта ойы-
ны «жиырма бір»). Банкедегі көп ақшаға сұғып келіп жіберді. 
Екінші алған картасы жетілік. Барлық көзі 18 болды. Банке иесі 
іздеп еді – 19 шығарды. Соғушы ұтылды да қалды. Ұтылып 
қалған адам тағы ойнайды. Банкеде тағы көп ақша. Қолына ко-
роль шықты. Тәуекел! Соқты. Екінші карта ондық. 14 болды. Ой-
ламастан тағы бір карта алды. Жетілік шықты. 21 болды. Ұтты. 
Мәнісі қалай? Кездейсоқтық мөлшері заңға, себепке бағына ма?
Бұл мәселені талдалық. Мысалға арленге ойынын алалық [?]. 
Ақшаны аспанға лақтырдық. Решке түсті. Орел неге түспеді? 
Мұнда ешбір себептің бомауы рас па? Рас емес. Себеп болу-
лы. Решке түсуінің себебі: ақшаны қолыма қалай ұстауым, 
қандай күшпен лақтыруым, қандай шиыруым. Екінші рет-
те де дәл алдыңғы түрде лақтырсам, решке түсер еді. Бірақ 
ақшаны лақтырған сайын, бірқалыпты лақтыру мүмкін емес. 
Сондықтан ақшаны лақтырған уақыттағы кішкентай бұрылып 
кетуі, ақшаны кішкене аударып ұстауым, күшімді кішкене 
көбейтіп я азайтуым... ақшаның ауып түсуіне себеп болады. 
Бірақ бұл кішкентай себептерді іс жүзінде есептеп болмай-
ды. Сондықтан бұл себептерді біз көбіне байқамаймыз. Бұл 
байқамағанымызды келіп «кездейсоқтық» дейміз.
Тағы бір мысал. 20 жылдай көрмеген бір ескі дос адам-
ды жәрмеңкеде ұшыраттым. Бұл ұшырасудың себебі бар ма? 
Барлығында дау жоқ. Менің жәрмеңкеге аттануым себепке 
байлаулы. Менің жәрмеңкенің қой базары жағына баруым 
себепке байлаулы. Ескі досымның жәрмеңкеге келуі, қой ба-
зарына баруы да себепке байлаулы. Бұл екеуімізді айдаған се-
бептер біздің ұшырасуымызға да себеп болды. Бұл ұшырасу 
маған неліктен кездейсоқ болып көрінеді? Ұшырасуда себептің 
барлығын неліктен сезбеймін? Неге десеңіз? Мені айдаған се-
бептер досым я оны айдаған себептер маған белгісіз болған; 
ұшырасатынымызды біз күні бұрын сезбегенбіз.
Әлденеше себептердің қозғалыстары қабысқанда, біз тек 
бір ғана себепті білсек, бұл қабысудан шыққан құбылыс бізге 


189
«кездейсоқ» болып көрінеді. Дұрыстығында бұл құбылыс 
мөлшері заңға бағынады. Мен себептердің бір буынын ғана 
білемін. Мәселен, менің жәрмеңкеге баруымның себебі, менің 
досымды айдаған себептерді білмеймін. Сондықтан екі себептің 
қозғалыстарының қабысатынын мен білмеймін. Сондықтан 
бұл қабысу маған «кездейсоқ» болып көрінеді. Сонымен 
ешбір «кездейсоқ» себепсіз құбылыс болмайды. Себептерін 
жақсы білмегендігімізден құбылыстар бізге «кездейсоқ» болып 
көрінеді.
Спиноза деген философ «кездейсоқтық» біздің біліміміздің 
кемтарлығынан шығатын ұғым, бізге құбылыстардың 
себептерінің құрылысы, белгісі деген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет