Кітап сыны ЖАҢА КІТАП «М.Томский. Ресейде кәсіпшілер қозғалысын» қазақшаға ау-
дарушы Ешмағамбетұлы. Басқан Қазақстан мемлекет баспасы,
59 бет, бағасы қойылмаған. Орынбор. 1925 жыл.
Бұл кітаптың қазақшасы өте түсінікті. Ешмағамбетұлы
орысшадан аударуға шебер екен.
Бірақ Томский жолдасқа еріп, кітап, оның кітапшасын
өз күйінде аударған да қойған. Кітапшада толып жатқан ке-
сте сан, сифырлар (цифрлар) бар. Бұлар бұтасыз далада,
кітапсыз қырда өскен қазақтың көзін адастырып, кітапшаны
оқуды қиындатуы мүмкін. Сифырлардың жинағын ғана алып,
Томскийдің кітабын қысқартып, негізін қолданып Ресейде
кәсіпшілер қозғалысының қысқаша тарихымен таныстыру ке-
рек еді, бұл мүмкін де еді. Тіпті Томский болса да бұл кітапты
халыққа жаңа жанданып келе жатқан қазақ кәсіпшілері мен
жұмыскерлері[нің] оқуы қиын болар, сифыр кестелерге келген-
де адасып та кетер.
Орыс кітабын дәл өз күйінде аударып, сонымен қазақтың
қараңғы еңбекшісін таныстыра қоям деу дұрыс емес. Кітаптың
дәлелін, пікірін пайдаға асырып, оқушының кім екенін естен
шығармай отырып аударған жөн ғой.
Бұл кітапшаның бағасы көрсетілмеген, өзі 1500-ақ болып
басылған. Мұнысына қарағанда, бұл кітапты комиссариаттардың
бірі тегін таратпақ болды ма екен, қайтты екен? Дұрыс кітапты
шамалап басып, ақшаға сататын қылу ғой!
Қыр баласы.
«Еңбекші қазақ», № 329, 14.05.1925 жыл.
Орынбор-Қызылорда.
«Елдің бәрі кемпірді қамап алды. Неміс бастық: – Үй неден өртенді? – деді. Кемпір: – Мен өртедім, – деді. Күтпеген сөз хабарсызда келіп қалып, ақылын алды деп кемпірге адам нанбады. Кемпір тұрып өзін шыр айналып тыңдаған жұртқа, балаңды оқ қақ