223
«Көрдіңдер ме? Ынтымақ, бірлік қылсаңдар, сендерді де адам
жеңбейді, жау алмайды. Араз болып бөлек-бөлек кетсеңдер,
әрқайсыңды әр жерде жау бырт-бырт бірақ басады», – деді.
28. Түлкі
Түлкі қақпанға түсіп,
құйрығы онда қалып, өзі тұтылды.
Шолақ түлкі – пұшық кісі. Күлкіден, сықақтан құтылуға шолақ
түлкі қам ойлады. Таудағы түлкінің бәрін шақырып топ жиды,
құйрықты кесейік деп, ақыл айтты: «Құйрық неге керек? Алып
жүрген бос жүк!» – деді. Сонда бір түлкі тұрып: «Қойшы, өзің
шолақ болмасаң, бұ ақылды айтпас едің-ау!» деді, тым-тырыс
үндемей, шолақ түлкі табан жалтыратты.
29. Құл есек пен тағы есек
Қорадағы есекті көріп жолығып, мұның тұрмысын тағы есек
мақтады: «Жеген тамағың тәтті, өзің семіз, жүнің жылтылдап
күнге шағылысады» деді. Со жерде қорадағы есекке жалшы
жүкті жақсы қылып артты, қолына бір жуан таяқ алып, есек-
ке ерді. Мұны көріп тағы есек айтты: «Жоқ, бауырым! Енді сені
мен күндемейм: сенің тұрмысың табан ақы, маңдай термен та-
былады екен» деді.
30. Бұғы
Су
ішіп тұрып, суға түскен өзінің суретін бұғы көрді:
бұтақтанған, құшағын ашып шарық ұрған мүйізін көріп
қуанды; аяғына қарап: «Бірақ менің аяғым жіңішке, жаман»
деді. Со арада, кірпік қаққанша, бұғыға арыстан тап берді. Да-
ламен сүртіп жөнеліп, арыстаннан бұғы қара үзіп кетті. Енді
жолда
ағашқа келіп кірді, мүйізі бұтаққа ілініп, бұғы қаша
алмады. Арыстан қуып жетіп, бұғыны ұстап алды. Өліп бара
жатып: «Мен ақымақ!
Мен жіңішке, жаман деген аяғым мені
жаудан құтқарды, мақтаған мүйізден көрдім өлімді» деді.