|
Тыртықтық сатысы синдромы; аг; гепатомегалия, синкопе өткізгіштіктің бұзылу синдромы
|
бет | 1/4 | Дата | 31.01.2023 | өлшемі | 1,97 Mb. | | #64027 |
| Байланысты: Тырты ты сатысы синдромы; аг; гепатомегалия, синкопе ткізгішті (1)
тыртықтық сатысы – синдромы; АГ; гепатомегалия, синкопе
өткізгіштіктің бұзылу синдромы; qT интервалының ұзару синдромы; синкопе
артериялық гипертензия синдромы, миокардтың зақымдану синдромы, артық салмақ, синкопе
артық салмақ, веналардың варикозды кеңеюі; синкопе,өкпе тінінің тығыздалу синдромы
Жетекші синдромын және диагнозын таңдаңыз:54 жастағы әйелде соңғы 2 аптада бірнеше рет естен танулар болған. Анамнезінен: 37 жасынан аяғының терең веналарының варикозды кеңеюлері бар, ем қабылдамаған. 40 жасынан естен танулар қосылған. 45-46 жасынан жүрек шамасыздығы тұрақталып, 2-3 дәрмектерді қабылдайды (периндоприл, гипотиазид, кардиомагнил). Об-ті: перифериялық ісінулер тобығына дейін. Бойы 168см; салмағы 96кг. Өкпесінде везикулалық тыныс, оң өкпесінің ортаңғы бөлігінің үстінде тыныс әлсіреген, крепитациялар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ЖЖС 102 мин., сол ІІ қ/а ІІ тонның айқын акценті. АҚ 135/85 мм сын. бағ. Кеуде сарайы органдарының екі проекциядағы рентгенограммасында: өкпе түбірінің оң жақта кеңеюі, ортаңғы бөлігінде периинфаркті пневмония белгілері.
метаболизмдік кардиомиопатия. ЖШФКІІ. Фон: Алиментарлы семіздік. Асқ.: Өкпе артериясы орта тармақтарының тромбэмболиясы. Инфаркті пневмония. Синкопе
метаболизмдік кардиомиопатия. ЖШФКІІ. Фон: Алиментарлы семіздік ІІІ дәр. Асқ.: Синкопе
метаболизмдік кардиомиопатия. ЖШФКІІ. Фон: Алиментарлы семіздік ІІІ дәр. Асқ.: Дәрмектік синкопе
жүйелі атеросклероз. Аорта атеросклерозы. Аорта қақпақтарының шамасыздығы. Синкопе. Фон: Алиментарлы семіздік
ауруханадан тыс пневмония, оң өкпенің орта бөлігінің. Асқ.: инфекциялық-токсиндік шок
Дұрыс тұжырымдарын тандаңыз :19 жастағы жігітте экссудатты плеврит, торакальді хирург пункцияға дайындады. Об-ті: жалпы жағдайы орта ауырлықта, перифериялық ісінулер жоқ. Перкуссияда кеуде сарайының оң жартысында ІІІ қ/а төмен, жоғарғы шегі қолтық астына қарай қиғаш жоғарылаған, өкпе дыбысының қысқаруы бар. Аускультацияда ол аймақ үстінен тыныс естілмеді, ТЖ 26 мин. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖЖС 100 мин. Дәрігер пункциялық инені енгізіп, сұйықтықты ағызды, науқас қысқа уақытқа есінен танып қалды.
плевра қуысына сұйықтық жиналу синдромы; ТШ, ЖШ. Плевралық пункция, синкопе
плевра қуысына сұйықтық жиналу синдромы; ТШ, ЖШ, инфекциялық-токсиндік шок
өкпе тінінің тығыздалуы синдромы, ТШ, ЖШ, инфекциялық-токсиндік шок
плевра қуысына ауа жиналу синдромы; ТШ, ЖШ, синкопе
сол қарыншалық жедел щамасыздық синдромы, өкпе шемені
Болжам диагнозын таңдаңыз: 33 жастағы жақында босанған әйелде адинамия, басының ауыруы, терісінің құрғауы, ішінің қатуы, жиі естен танулар, салмақ жоғалту дамыды. Шаштары мен қасының және жыныс мүшесі аймағының түктерінің түсе бастағандығын да байқаған. АҚ 90/60 мм сын. бағ., пульсі 54 мин.
Шиеннің (Шиханның) синдромы
екіншілік гипотиреоз
біріншілік гипотиреоз
созылмалы гипокортицизм
екіншілік гипогонадизм
Жетекші синдромдарын таңдаңыз:38 жастағы ер кісі бас ауыруына, айналуына, естен тануларға шағымданып келді. Жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы бар. Жүрек шектері солға және төмен ығысқан, оң ІІ қ/а және төс сүйегінің сол қырымен жоғары тембрлі, кеми түсетін, протодиастолалық шу, ІІ тон әлсіреуі естілді. Тамырларда Траубенің қос тоны, Дюрозьенің қос шуы, Квинке пульсі, білезік артериясында пульс биік, секірмелі, 100 мин. АҚ 160/50 мм сын. бағ.
бөліктік кардиомегалия, аорта қақпақтарының шамасыздығы, САГ, синкопе
бөліктік кардиомегалия, сол а/в тесіктің стенозы, артериялық гипотензия, синкопе
бөліктік кардиомегалия, аорта сағасының стенозы, артериялық гипотензия, синкопе
бөліктік кардиомегалия, митраль қақпақтарының шамасыздығы, синкопе
бөліктік кардиомегалия, үшжармалы қақпақтарының шамасыздығы, синкопе
Жетекші синдромдарын таңдаңыз:35 жастағы науқас басының ауыруына, басының айналуына, естен тануларға шағым айтады. Об-ті: жүректің негізінде, ІІ тыңдау нүктесінде мойын тамырларына таралатын дөрекі мезосистолалық шу естілді. Вальсальв сынамасында шу азаяды және тынысты шығарғанда өзгермейді. ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясы, сол қарыншаға күш түсу. Рентгенограммада: жүрек конфигурациясы «жүзген үйрек» тәрізді.
кардиомегалия (аорталық конфигурациялы), қақпақтық ақау синдромы
(аорталық стеноз), синкопе
кардиомегалия (аорталық конфигурациялы), қақпақтық ақау синдромы
(аорта қақпақтарының шамасыздығы), синкопе
кардиомегалия (митральді конфигурациялы), қақпақтық ақау синдромы (митральді қақпақтарының шамасыздығы)
кардиомегалия (митральді конфигурациялы), қақпақтық ақау синдромы
(сол Атривентрикулдікқ тесіктің стенозы)
кардиомегалия (митральді конфигурациялы), қақпақтық ақау синдромы
(жұптасқан митральді ақау, стеноздың басымдылығымен)
Жетекші синдромдары мен осы жағдайда қарсы көрсетілген дәрмектер тобын таңдаңыз:42 жастағы ер адам, кардиолог-дәрігерде гипертрофиялық кардиомиопатиямен (сол жақ қарыншаның шығу жолының обструкциясы бар) есепте тұрады. Соңғы кездері физикалық күш түскенде стенокардияға тән ауыру сезімі мазалап, ентігіп, антиангиналық дәрмектер қабылдаған. Бірақбасы айналып, естен танулар қосылған. Жағдайының нашарлауын жүрегі қысқанда ішкен дәрмектерімен байланыстырады.
кардиомегалия (ГКМП обструкциямен), ангинальді, жүрек шамасыздығы, синкопе, нитраттар
кардиомегалия (ГКМП обструкциямен), ангинальді, жүрек шамасыздығы, бета-блокаторлар
кардиомегалия (ГКМП обструкциямен), ангинальді, жүрек шамасыздығы, кальций антагонистері
кардиомегалия (ГКМП обструкциямен), ангинальді, жүрек шамасыздығы, кордарон
кардиомегалия (ГКМП обструкциямен), ангинальді, жүрек шамасыздығы, жүрек гликозидтері
Сол қарыншалық жедел шамасыздығының себебін таңдаңыз: 20 жастағы әйелде жәй күйдегі ауыр ентігу, ортопноэ, анамнезінде жиі ангиналар. Об-ті: жүрегінің жоғары шегі 2 қ/а, жүрек мықыны тегістелген. Жүрек ұшында І тон сартылдаған, диастолалық шу, үшінші тыңдау нүктесінде ІІ тонның акценті мен Грэхем-Стилдің диастолалық шуы.
жүректің жүре дамыған қақпақтық ақауы: сол жүрекше-қарыншалық тесіктің стенозы; өкпелік гипертензия
жүректің жүре дамыған қақпақтық ақауы: митральді қақпақтар шамасыздығы; өкпелік гипертензия
жүректің жүре дамыған қақпақтық ақауы: үшжармалы қақпақтар шамасыздығы, артериялық гипертензия
жүректің жүре дамыған қақпақтық ақауы: аорта қақпақтарының шамасыздығы, артериялық гипертензия
жүректің жүре дамыған қақпақтық ақауы: аорта сағасының стенозы, артериялық гипотензия
Жүректің созылмалы шамасыздығының себебін таңдаңыз: 35 жастағы пациентті об-ті тексергенде анықталды: ЖҰТ солға ығысқан, жүрек мықыны жойылған, жүрек ұшында І тон сартылдаған, ситолалық-диастолалық шу; Боткин-Эрб нүктесінде диастолалық шу; үшінші тыңда нүктеде – ІІ тон акценті.
жүректің жүре дамыған қақпақтық ақауы: комбинацияланған митраль-аорталық ақау: жұптасқан митральді ақау, стенозының басымдылығымен; аорта қақпақтарының шамасыздығы; өкпелік гипертензия
жүректің жүре дамыған қақпақтық ақауы: үшжармалы қақпақтар шамасыздығы, портальді гипертензия
жүректің жүре дамыған қақпақтық ақауы: аорта сағасының стенозы
жүректің жүре дамыған қақпақтық ақауы: аорта қақпақтарының шамасыздығы, артериялық гипертензия
жүректің жүре дамыған қақпақтық ақауы: аорта сағасының стенозы, артериялық гипотензия
Жүректің созылмалы шамасыздығының себебін таңдаңыз: 50 жастағы созылмалы обструкциялық бронхиті бар науқаста тыныш күйдегі ентігу, диффузды цианоз, бауырының ұлғаюы, аяқ бастарында ісіну анықталды.
декомпенсацияланған өкпе текті жүрек
бронхтық астма, тыныс шамасыздығы I дәрежелі
бронхтық астма, тыныс шамасыздығы IІ дәрежелі
жүректің ишемиялық ауруы, ишемиялық КМП
компенсацияланған өкпе текті жүрек
Декомпенсацияланған созылмалы өкпе текті жүректегі тері жамылғыларының өзгерістерін таңдаңыз:
аяқ-қолдары көгерген және жылы
аяқ-қолдары қуқыл
аяқ-қолдары салқын
аяқ-қолдары салқын және көгерген
аяқ-қолдары жылы, тері жамылғыларының түсі қалыпты
Бауырда дамуы мүмкін өзгерістерді таңдаңыз:59 жастағы ер кісіде өкпенің созылмалы обструкциялық ауру, басым бронхиттік түрі, декомпенсацияланған созылмалы өкпе текті жүрек.
порталық гипертензия, бауырдың жүректік фиброзы
цитолиз, майда түйінді цирроз
созылмалы гепатит
майлы гепатоз
фульминантты гепатит
Бронхтық астма, 3 сатысындағы компенсацияланған созылмалы өкпе текті жүрек ұғымының компоненттерін таңдаңыз:
өкпелік гипертензия + қарынша гипертрофиясы (тоногенді)
өкпелік гипертензия + оң жүрекше гипертрофиясы
өкпелік гипертензия + оң қарынша гипертрофиясы (миогенді) + оң қарыншалық шамасыздық
оң қарынша дилятациясы + порталық гипертензия
сол жүрекше гипертрофиясы + өкпелік гипертензия
Бронхтық астма, 3 сатысындағы декомпенсацияланған созылмалы өкпе текті жүрек ұғымының компоненттерін таңдаңыз:
өкпелік гипертензия + оң қарынша гипетрофиясы (миогенді) + оң қарыншалық шамасыздық
өкпелік гипертензия + оң қарынша гипертрофиясы (тоногенді)
өкпелік гипертензия + оң жүрекше гипертрофиясы
оң қарынша дилятациясы + порталық гипертензия
сол жүрекше гипертрофиясы + өкпелік гипертензия
Өкпе текті жүрек дамуының ең мүмкін себебін таңдаңыз:
созылмалы обструкция
артериялық гипертензия
гипертиреоз
миокардит
перикардит
Оң қарыншалық шамасыздықтың клиникасына қатысы жоқ белгіні таңдаңыз:
кіші қанайналым шеңберіндегі іркіліс
аяқтарындағы ісіну
кіші қанайналым шеңберіндегі гипертензия
мойын веналарының томпаюы
өкпе капиллярларындағы қысымның жоғарылауы
Осы науқастың бауырында дамуы мүмкін өзгерістерді таңдаңыз:52 жастағы әйелде өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы, созылмалы ӨТЖ, декомпенсацияланған, ЖШФК 3.
порталық вена жүйесіндегі гипертензия, уақыт өте бауырдың фиброзы
гепатоциттердің цитолизі, майда түйінді цирроз
созылмалы озбыр гепатит
майлы гепатоз
фульминантты гепатит
Декомпенсацияланған ӨТЖ жетекші себепкер синдромдарын таңдаңыз:16 жастағы бойжеткенде ЖШ клиникасы. Шағымдары: мардымсыз еңбекке дамитын ентігу. Анамнезінде жиі бронхиттер. Об-ті: тері жамылғылары қуқыл, жүрек ұшы түрткісі күшейген, сол IV қ/а дөрекі, пансистолалық шу, өкпе артериясы үстінде ІІ тон акценті бар.
жүректің тума ақауы (қарыншааралық перденің дефекті), екіншілік өкпелік гипертензия
жүректің тума ақауы (жүрекшеаралық перденің дефекті), екіншілік өкпелік гипертензия
жүректің тума ақауы (ашық артериялық өзек), екіншілік өкпелік гипертензия
жүректің тума ақауы (аорта коарктациясы), екіншілік өкпелік гипертензия
жүректің жүре дамыған ақауы (митральді шамасыздық), екіншілік өкпелік гипертензия
Декомпенсацияланған ӨТЖ жетекші себепкер синдромдарын таңдаңыз:69 жастағы темекіні “езіп ішетін” ер кісіде ЖШ клиникасы. Шағымдары: аралас ентігу, ұстамалы аз қақырықты жөтел, жүрек тұсының ешқайда тарамайтын, шаншып ауырсынуы. Об-ті: тыныс шығаруы ұзарған, шашыраңқы құрғақ сырылдар, жүректің оң шегі кеңіген, үшінші тыңдау нүктесінде ІІ тонның акценті мен жарықшақтануы.
бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы, тұрақты үдемелі; екіншілік өкпелік гипертензия
біріншілік өкпелік гипертензия (Аэрц ауруы)
бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы, тұрақты, үдеусіз; оң қарынша гипертрофиясы
бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы, қайтымды
жүре дамыған қақпақтық ақау синдромы; өкпелік гипертензия, жүрек шамасыздығы
Жетекші симптомын, синдромын, болжам диагнозын таңдаңыз:68 жастағы аяқ веналарының варикозды кеңеюімен сырқатты, әйел адамда оң қарыншалық жедел шамасыздық клиникасы дамыды. Шағымдары: кенеттен төс артында ауырсыну, тұншығу ұстамасы, оң жақ ортаңғы өкпе алаңы проекциясында ысқырықты сырылдар пайда болды. ЭКГ: бірінші стандартты тіркемеде терең S тісшесі және үшінші стандартты тіркемеде терең Q тісшесі (SІ; QІІІ) тіркелген.
тұншығу, прекардиаль аймақтың ауырсынуы, өкпе артериясының тромбоэмболиясы,оң қарыншалық жедел шамасыздық
коронарогенді кардиалгия (ангинозды статус), миокардтың инфакті, оң қарыншалық жедел шамасыздық
плевра қуысына ауа жиналу синдромы, спонтанды пневмоторакс, оң қарыншалық жедел шамасыздық
бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы, бронхтық астма, оң қарыншалық жедел шамасыздық
өкпенің тығыздалу синдромы, ошақты пневмония, оң қарыншалық жедел шамасыздық
Дамыған асқынуын таңдаңыз:17 жастағы, жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы, жұптасқан митральді ақау, стенозының басымдылығымен, ЖШ ФКII (NYHА) диагнозымен есепте тұратын науқаста физикалық күштемеге тұншығу ұстамасы, көп мөлшерлі қақырықты жөтел, психомоторлы қозу дамыды. Об-ті: ортопноэ, ТЖ 36 мин., өкпенің төменгі бөліктерінде – ылғалды түрлі калиберлі сырылдар, пульсі 120 мин., АҚ 110/70 мм сын.бағ.
сол қарыншалық жедел шамасыздық, өкпе шемені
бронхтық обструкциялық синдром
солқарыншалық жедел шамасыздық, жүректік астма
ангинозды статус
нозокомиальді пневмония
Жетекші синдромдарын таңдаңыз.70 жастағы, зиянды әдеттері жоқ,ер кісіде экспирациялық ентігу бар. Об-ті: «алқызыл алқынғыш – розовый пыхтельшик», астеник. Эпигастрий аймағында пульсация. Үшінші тыңдау нүктесінде ІІ тонның акценті. Бауыры ұлғайған, аяқтары ісінген. ЭКГ жүректің оң бөліктерінің гипертрофиясы. Жетекші синдромдарын таңдаңыз:
өкпе ауалылығының арту, өкпелік гипертензия, өкпе текті жүрек, декомпенсацияланған, жүрек шамасыздығы
бронх өткізгіштігінің бұзылу, өкпелік гипертензия, өкпе текті жүрек, жүрек шамасыздығы
бронх өткізгіштігінің бұзылу, тыныс шамасыздығы, үш жармалы қақпақ шамасыздығы, кардиомегалия
өкпе ауалылығының арту, тыныс шамасыздығы, өкпелік гипертензия, өкпе текті жүрек, компенсациялнған
бронх өткізгіштігінің бұзылу, өкпе ауалылығының арту, өкпелік гипертензия
Жетекші симптомын, синдромын, мүмкін диагнозын таңдаңыз: 54 жастағы әйел адам, аяқ веналарының варикозды кеңеюімен сырқаттанады, кенеттен төс артында және оң қабырға астында ауырсыну, аралас ентігу пайда болған. ЭКГ: SІ; QІІІ тіркелген.
ентігу, прекардиаль аймағының аурсынуы (коронарогенді емес кардиалгия), өкпе артериясының тромбоэмболиясы, оң қарыншалық жедел шамасыздық
коронарогенді кардиалгия (ангинозды статус), миокардтың жедел инфакті, оң қарыншалық жедел шамасыздық
плевра қуысына ауа жиналу синдромы, спонтанды пневмоторакс, оң қарыншалық жедел шамасыздық
бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы, бронхтық астма, оң қарыншалық жедел шамасыздық
өкпенің тығыздалу синдромы, ошақты пневмония, оң қарыншалық жедел шамасыздық
Негізгі себепкер-синдромды таңдаңыз: пациентте кіші шеңбердің іркіліс жағдайлары жиілеген. Об-ті: үлкен пульстік қысым, тамырлар үстіндегі Траубенің қос тоны мен Дюрозьенің шуы, жылдам және биік пульс, басының шайқалуы бар.
аорта қақпақтарының шамасыздығы
митральді стеноз
аорта сағасының стенозы
үшжармалы қақпақтарының шамасыздығы
тума ақау – Фаллотетрадасы
ЖШ себебі болған, жүре дамыған ақауды таңдаңыз:40 жастағы, 3 жыл бұрын мерез ауруынан емделген, ер кісіде соңғы бір жыл барысында бас ауруы, ентігу дамыды. Об-ті: оң екінші қ/а ІІ тонныңәлсіреуі мен диастолалық шу естілді; АҚ 160/40 мм сын. бағ. ЭКГ сол қарынша гипертрофиясы.
аорталық қапақтардың шамасыздығы
митральді қапақтардың шамасыздығы
үшжармалы қапақтардың шамасыздығы
сол аорталық тесіктің стенозы
аорта сағасының стенозы
Диагнозын таңдаңыз: 40 жастағы, анамнезінде ревматизмі бар науқаста шамалы физикалық күштемеге ентігу, жүрек ұшында систолалық шу, Боткин-Эрб және екінші тыңдау нүктелерінде диастолалық шу естілді.
жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы, комбинацияланған митраль-аорталық ақау: митраль қақпақтарының шамасыздығы; аорта қақпақтарының шамасыздығы, ЖШ ФК 2
жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы, комбинацияланған митраль-аорталық ақау: митраль қақпақтарының шамасыздығы; аорта сағасының стенозы
жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы, митраль қақпақтарының шамасыздығы, ЖШ ФК 1
жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы, сол Атривентрикулдікқ тесіктің стенозы
жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы, жұптасқан митральді ақау, стенозының басымдылығымен
Диагнозын таңдаңыз: 60 жастағы ер кісінің шағымдары: ауа жетпеу сезімінің тұншығуға дейін ауырлауы, көбікті қақырықпен жөтел. Об-ті: ортопноэ, сырылды тыныс (клокочущее дыхание), түрлі калибрлі сырылдар. ТЖ 30 мин. Жүрек тондары тұйық, ырғақты, ЖЖС 100 мин., АҚ 110/70 мм сын. бағ. ЭКГ: V1-V4 QR, ST сегменті Т тісшесіне қосыла доғаланып, жоғарылаған.
миокардтың ірі ошақты инфаркті, сол қарыншаның алдыңғы-ұшының, жедел кезеңі, сол қарыншалық жедел шамасыздық, өкпе шеменімен асынған
миокардтың жедел ірі ошақтыинфаркті, сол қарыншаның артқы-диафрагмалық қабырғасының
миокардтың жедел трансмуральинфаркті, сол қарыншаның алдыңғы қабырғасының, кардиогенді шок
миокардтың жедел майда ошақты инфаркті
өкпе артериясының тромбоэмболиясы
Диагнозын таңдаңыз: 14 жастағы пациенттің АҚ 200/120 мм сын. бағ., аяқтарының ұюы мазалайды. Об-ті: кеуде бөлігінің жақсы дамығандығы, бөкседен төмен дамуының қалыңқылығы, аяқтарының жіңішкелігі анықталды. Оң ІІ қ/а ұйқы артерияларына тарайтын систолалық шу естілді. Кеуде сарайының рентгенограммасында қабырғаларының төменгі қырларының иректелуі байқалды.
аорта коарктациясы
саркоидоз
Иценко –Кушинг ауруы
бейспецификалық аортоартериит
аорта атеросклерозы
Жетекші синдромдарды таңдаңыз: анамнезінде тонзиллиттің жиі, ұзақ өршулері бар науқастың жүрек шектері солға, төмен ығысқан. Боткин-Эрб, екінші тыңдау нүктелерінде алға еңкейіп отырған кезде күшейетін диастолалық шу естілді.
жүре дамыған қақпақтық ақау синдромы (аорта қақпақтарының шамасыздығы), кардиомегалия (аорталық конфигурациялы)
жүре дамыған қақпақтық ақау синдромы (аорта сағасының стенозы), кардиомегалия (аорталық конфигурациялы)
жүре дамыған қақпақтық ақау синдромы (митральді қақпақтарының шамасыздығы), кардиомегалия (митральді конфигурациялы)
жүре дамыған қақпақтық ақау синдромы (сол Атривентрикулдікқ тесіктің стенозы), кардиомегалия (митральді конфигурациялы)
жүре дамыған қақпақтық ақау синдромы (жұптасқан митральді ақау, стеноздың басымдылығымен), кардиомегалия (митральді конфигурациялы)
Диагнозын таңдаңыз: анамнезінде ревматизмі бар науқастың жүрек ұшында систолалық шу, Боткин-Эрб және екінші тыңдау нүктелерінде диастолалық шу естілді.
жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы, комбинацияланған митраль-аорталық ақау: митраль қақпақтарының шамасыздығы; аорта қақпақтарының шамасыздығы
жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы, комбинацияланған митраль-аорталық ақау: митраль қақпақтарының шамасыздығы; аорта сағасының стенозы
жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы, митраль қақпақтарының шамасыздығы
жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы, сол Атривентрикулдікқ тесіктің стенозы
жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы, жұптасқан митральді ақау, стенозының басымдылығымен
Жетекші синдромдарды таңдаңыз: ревматизмдік анамнезі бар науқастың жүрегінің жоғары шегі ІІ қ/а анықталды. Жүрек ұшында І тон сартылдаған, диастолалық шу; үшінші тыңдау нүктесінде ІІ тонның акценті.
жүре дамыған қақпақтық ақау синдромы (сол Атривентрикулдікқ тесіктің стенозы), өкпелік гипертензия
жүре дамыған қақпақтық ақау синдромы (аорта сағасының стенозы), артериялық гипотензия
жүре дамыған қақпақтық ақау синдромы (митральді қақпақтарының шамасыздығы), жүрек ырғағының бұзылысы
жүре дамыған қақпақтық ақау синдромы (аорта қақпақтарының шамасыздығы), артериялық гипертензия
жүре дамыған қақпақтық ақау синдромы (жұптасқан митральді ақау, стеноздың басымдылығымен), синкопе
Жетекші синдромдарын таңдаңыз: 32 жастағы науқас басының ауыруына, айналуына, естен тануға шағым айтты. Об-ті: жүректің негізінде, екінші тыңдау нүктесінде мойын тамырларына таралатын дөрекі мезосистолалық шу естілді. Вальсальв сынамасында (орнынан көтеріле бергенде) шу азаяды. ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенограммада: жүрек конфигурациясы «жүзген үйрек» тәрізді.
жүре дамыған қақпақтық ақау синдромы (аорталық стеноз), кардиомегалия, синкопе
жүре дамыған қақпақтық ақау синдромы (аорта қақпақтарының шамасыздығы), кардиомегалия, АГ
жүре дамыған қақпақтық ақау синдромы (митральді қақпақтарының шамасыздығы), кардиомегалия,синкопе
жүре дамыған қақпақтық ақау синдромы (сол Атривентрикулдікқ тесіктің стенозы), кардиомегалия, артериялық гипотензия
тума қақпақтық ақау синдромы (қарыншааралық перденің дефекті), синкопе
Жетекші синдромы мен болжам диагнозын таңдаңыз:17 жасар қызда профилактикалық тексеруде жүректік түрткі және жүректің негізінде «систолалық діріл» анықталды. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс, төстің сол қырымен систолалық шу. Селективті вентрикулографияда қарыншааралық перденің мембраналық бөлігі проекциясында контрастық заттың оң қарынша қуысына лақтырысы, оң қарыншаның гипертрофиясы анықталды.
жүректің тума ақауы, қарыншааралық перденің дефекті
жүректің тума ақауы, Фалло тетрадасы
жүректің тума ақауы, аорта сағасының стенозы (Менкеберг ақауы)
жүректің тума ақауы, ашық артериялық өзек
жүректің тума ақауы, Лютембаше синдромы
Қатесін табыңыз. Митральді стеноздағы белсенді өкпелік гипертензия белгісіне жатады:
сол қарынша және сол жүрекше гипертрофиясы
қанның белгілі минуттық және лақтыру көлемінің төмендеуі
өкпе артериясының ЭхоКГ немесе зондылағанда анықталатын қысымның жоғары айырмашылығы (градиенті)
сол жүрекше мен жүректің оң бөліктерінің гипертрофиясыныңЭКГ белгілері
өкпенің орталық типті іркілісі
Жетекші синдромдарды таңдаңыз: 19 жастағы науқасты тексергенде жүректің жоғарғы шегінің жоғары ығысуы, жүрек мықынының айқын тегістелуі анықталды. Жүрек ұшында І тон сартылдаған, сол жерде диастолалық шу, үшінші тыңдау нүктесінде ІІ тонның акценті мен Грэхем-Стилдің диастолалық шуы.
жүректің жүре дамыған қақпақтық ақауы: сол жүрекше-қарыншалық тесіктің стенозы, өкпелік гипертензия
жүректің жүре дамыған қақпақтық ақауы: митральді қақпақтар шамасыздығы; өкпелік гипертензия
жүректің жүре дамыған қақпақтық ақауы: үшжармалы қақпақтар шамасыздығы, артериялық гипертензия
жүректің жүре дамыған қақпақтық ақауы: аорта қақпақтарының шамасыздығы, артериялық гипертензия
жүректің жүре дамыған қақпақтық ақауы: аорта сағасының стенозы, артериялық гипотензия
Дұрыс тұжырымды таңдаңыз. Гис шоғыры сол аяғының блогі негізінде дамыған миокардтың инфарктіне күдік туады, егер –
тіркемелер V5-V6-да qR пайда болса немесе R тісшесінің өрлеме аяқшасында қосымша тісшелену дамыса
кешен qRS-тің ені 0,12с асса
тіркемелер V5-V6-qболмаса
тіркемелер V1-V2-де QS болса
тісшелер R-дің биіктігі артса
Клиникалық диагнозын таңдаңыз: 34 жастағы жүктілігі 19-20 апталық әйелдің салмағы артық, қалқанша безі І дәрежелі ұлғайған, беті ісіңкі, терісі құрғақ, тілі үлкен. Пульсі 64 мин. Іші қатады. Шамалы экзофтальм, склерасының инъекциясы, Грефенің оң симптомы. ТТГ қалыпты. Жалпы Т4 пен ТГ антиденелері жоғарылаған. Қалқанша безінің УДЗ: эхотығыздылығы әркелкі.
аутоиммунды тиреоидит, гипертрофиялық түрі, І дәр. жемсау, клиникалық гипотиреоз; эндокринді офтальмопатия
диффузды токсиндік жемсау І дәр., эндокринді офтальмопатия
аутоиммунды тиреоидит, гипертрофиялық түрі, эндокринді офтальмопатия
біріншілік клиникалық гипотиреоз, эндокринді офтальмопатия
диффузды токсиндік жемсау І дәр., ісінулік экзофтальм
Болжам диагнозын таңдаңыз: 16 жастағы жасөспірімде жоғары типті семіздік, беті айтабақтай, ойықтары көрінетін тері астылық көкшіл жолақтар. АҚ 160/100 мм сын. бағ. Рентгенде: түрік ершігі кеңіген.
ауру: Иценко-Кушингтің
пубертаттық кезеңнің гипоталамустық синдромы
экзогенді-конституциялық семіздік
андростерома
альдостерома
Дұрыс тұжырым тандаңыз. 10 жастағы қызды емханаға жүрек айнуы мен тоқтаусыз құсуға байланысты жеткізді. Сусызданған, интоксикация белгілері бар. Гликемия 3,2 ммоль/л. Несепте глюкоза жоқ. Ацетонурия +++.
ацетонемиялық құсу
диабеттік кетоацидоз
гипогликемиялық жағдай
тағамдық токсикоинфекция
бүйрекүсті безінің шамасыздығы
Болжам диагнозын таңдаңыз:34 жастағы ер кісіде артериялық гипертензияның 220/140 мм сын. бағ. дейін ұстамалы жоғарылауы; тремормен, терлеумен, тахикардиямен сипатталады. Өздігінен 20-30 минуттан соң қалпына келеді.
феохромоцитома
диффузды токсиндік жемсау (зоб)
ауруы: Иценко-Кушингтің
глюкокортикостерома
альдостерома
Болжам диагнозын таңдаңыз:43 жастағы әйелді салмағының қосылуы, бетінің ісіңкілігі, терісінің құрғауы, іш қатпалары мазалайды. Қалқанша безі пальпацияланбайды. АҚ 90/60 мм сын. бағ., пульсі 52 мин. Т3, Т4 төмен, ал ТТГ жоғары.
біріншілік гипотиреоз
орталық генезді семіздік
екіншілік гипотиреоз
аналық бездерінің поликистоздық синдромы
гипоталамустық синдром
Болжам диагнозын таңдаңыз: 32 жастағы жақында босанған әйелде адинамия, басының ауыруы, терісінің құрғауы, ішінің қатуы, жиі естен танулар, салмақ жоғалту дамыды. Шаштары мен қасының және жыныс мүшесі аймағының түктерінің түсе бастағандығын да байқаған. АҚ 90/60 мм сын. бағ., пульсі 54 мин.
синдромы:Шиеннің (Шиханның)
екіншілік гипотиреоз
біріншілік гипотиреоз
|
|