Тіс-технигінің жұмыс орны. Тіс технигінің пайдаланатын материалдары мен құралдары. Тіс-техникалық зертханадағы қауіпсіздік техникасы


Көпіртектес протездер, анықтамасы және құрылысының мінездемелері



бет9/25
Дата12.09.2023
өлшемі75,09 Kb.
#106924
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
Көпіртектес протездер, анықтамасы және құрылысының мінездемелері. Көпіртектес протездердің аралық бөліміне қойылатын талаптар.

Көпіртектес протездер-тіс-жақ жүйесінің, тіс қатарының дефектісі болғанда,бұзылған шайнау мен сөйлеу қызметтерін орнына келтіру үшін қолданылады.Яғни, ол тірек және аралық бөлімнен тұрады.Көпір тәрізді тіс протездерінің тіректері болып табиғи тістер немесе олардың түбірлері,сонымен қатар имплантанттар қолданылады.Көпір тәрізді протездердің екі немесе оданда көп тіректері болуы мүмкін.Тірек элементтердің араларында орналасқан бөлімін аралық бөлім немесе денесі деп атайды.Көпір тәрізді протездердің тірек элементтерінің қызметін салмалар,штифтті тістер,жартылай толық штампталған немесе құйма металды пластмассалы,металды-керамикалық,құрамалы,телескопты тіс сауыттары,денталды имплантанттар,аттачмендер,кламмерлер атқарады.
1. Дайындалу әдісіне байланысты: дәнекерленген және құймалы болып бөлінеді.
2. Бекіту әдісіне және тірек элементтерінің конструкциялық ерекшеліктеріне байланысты:алынбайтын және алынбалы.
3. Дайындалатын материалы бойынша:Металды,керамикалық,пластмассалы,композициялы және комбинирленген.
4. Тірек тістің орналасуы бойынша:бір немесе екі жақты.
5. Альвеолярлы өсіндіге қатынасы бойынша:жанаспалы,шайылмалы-промывные.
Тіректі тістерді таңдау:
1. Клиникалық және рентгенологиялық зерттеулерден кейін.
2. Тіректі тістің кетікке қатынасты орналасуы,сауытының биіктігі,окклюзиялық беті;
3. Тірек тістің парадонт жағдайы.
4. Тістердің қозғалғыштығының бар-жоқтығы.
5. Тіс каналдарының пломбалануы ескеріледі.
6. Тіс қозғалмалы болған жағдайда тіректі тістер санын көбейту қарастырылады.
Егелген тістерге қойылатын талаптар:
1. Қатты тіндердің қалыңдығын жасалатын сауытқа байланысты егеу
2. Дұрыс пішін қалыптастыру-цилиндр немесе конус
3. Көпіртәрізді протезге арнап егелген тіректі тістердің остері өзара параллельділігін сақтауы тиіс,сақталмаған жағдайда күшпен енгізіліп,тіректі тістердің кетікке қарай қисаюына,протездің деформацияға ұшырауына алып келеді.
Аралық бөлігіне қойылатын талап:Тірек бөлігіне қарағанда аралық бөлігі жіңішке болуы тиіс.
Көрсеткіш:1.Бүйір бөлікте 3 тіске дейінгі жоғалту. 2.Алдыңғы бөлікте 4 тіске дейін жоғалту. 3.Тіс қатарындағы көлемді дефект кезінде. Шайнау функциясын қалпына келтіру.4.Эстетикалық мақсатта



  1. Штампталған дәнекерленген көпіртектес протездерді дайындаудың клиникалық зертханалық кезеңдері.




  1. Құйылған көпіртектес протездерді дайындаудың клиникалық зертханалық кезеңдері.


  1. Металдыкерамикалық көпіртектес протездерді дайындаудың клиникалық зертханалық кезеңдері.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет