Тіс-технигінің жұмыс орны. Тіс технигінің пайдаланатын материалдары мен құралдары. Тіс-техникалық зертханадағы қауіпсіздік техникасы


Металдыкерамикалық сауыттың қаңқасын мүсіндеу



бет8/25
Дата12.09.2023
өлшемі75,09 Kb.
#106924
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
Металдыкерамикалық сауыттың қаңқасын мүсіндеу.

Тіссауытының металл қаңқасын құю кезіндегі оның отырғыштығын ескеру мақсатымен және келешек бекіткіш цементке орын тастау үшін гипс мүсіндегі егелген тіске арнайы лак жағады. Мүсіндегі егелген тіс тұқылы вазелинмен оның мойынына дейін жұқа қабатпен жағылады. Ішінде балауы зы бар аспап «Воскотоп» белгілі температураға дейін қызып,балауыз ериді. Tiс тұқылын еріген балауызға батырып, ол бірдей калыңдыкта түгелдей жабылады. Балауыз қалпақшаны шешіп алу кезінде бұзылуды болдырмау үшін, қалыңдықтары 0,1, 0,6 мм болатын дөңгелек түріндегі, күлсіз жанып кететін пластмассаны қолданамыз.
Калпақшаны балауыздан мүсіндеуге де болады. Ол үшін тіс тұқылын 2 қабат лакпен жаққаннан кейін, оны вазелин майымен майлап, қажетті қалындық алынғанға дейін, балқытылған балауызбен толтырылған ыдысқа батырады. Қалпақшаның қалыңдығы 0, 4 - 0,5 мм-ден аспауы керек. Металл калпақшаның мойын бөлігінің ішкі жағынан арнайы орын мүсіндеу, жылу берілуді жақсарту үшін және керамикалық массаның көлемін қысқарту үшін жүргізіледі.
Металды-керамикалық сауыттың кұйма процесінен кейін дайын болған қалпақшасын өңдеу үшін, қалпақшаны қалыптық материалдардың қалдықтарынан ағын сумен тазартады, құмсепкіш қондырғыда өндеп, абразивтермен қалпақшаның бетін тегістейді. Қалпақшаның вестибулиярлы жэне бүйір қабырғаларынын қалыңдығы 0,3 мм кем болмауы керек, антогонист тістерге дейінгі арасы 2 мм көп емес, бірақ 1,5 мм-ден аз болмауы керек. Қалпақшаның шетін тіс тұқылының мойын тұсында шамалап, құйылған қалпақша мүқият өңделеді; алдымен мүсінде, кейін ауыз қуысында тексеріледі. Осыдан кейін металл қалпақшаны егелген тіс тұқылына орнатады.



  1. Керамикалық массаларды металдық қаңқаға жағу. Күйдіру тәртібі. Глазурлеу.

Қаңқаны моделде және фантомда тексеруден кейін оның бетін механикалық өңдеуге кірісеміз.Алмазды құралдар көмегімен беткі бөлігін кесу жиегінен мойнына дейін тегістейді.Содан кейін пескоструймен өңдейді .Құм ретінде жабынмен химиялық жақындығы бар алюминий оксиді негізіндегі абразивті қолдану керек.Кобальт негізіндегі қорытпаны кедір-бұдыр ету үшін бөлшектердің диаметрі 50ден 200 мкм-ге дейінгі ұнтақты алу керек.Қаңқаны кем дегенде 1 минут 5-6 атм қысымда құммен өңдейді.Содан кейін ол ыстық су ағынымен жуылады немесе қышқылданған дистилденген суда қайнатылады.Сірке қышқылының этил эфиріне (Эгилацетат) батыру арқылы қаңғаны майсыздандырады.Егер ол жақсы майсызданған болса,бетінде кепкеннен кейін дақтар қалмайды.Осы кезден бастап қаңқаны қолмен ұстауға болмайды.Қысқышпен алып,термиялық өңдеу үшін вакуумдық пешке орналастырып 980 градус температурада 10 минут немесе 1000-1100 гр. 5 минут ішінде қыздырылады және баяу бөлме температурасына дейін суытылады.Егер термиялық өңдеуден кейін біркелкі емес оксидті пленка пайда болса (дақталған),бұл металдың абразивті өңдеуден өтпегенін білдіреді,оны қайтадан жүргізіп,құмды өңдеу,ағынды жуу,майсыздандыру және термоөңдеуді қайталайды.Дұрыс дайындалған және өңделген қаңқаның беті термиялық өңдеуден кейін біртегіс қою қара түсті оксидті пленкамен жабылады. Керамикалық массаларды металдық қаңқаға жағудың және күйдірудің өз әдістері бар. Фарфор массасы мен кобальт хром қорытпасына келесі жағу түрі мен күйдіру ұсынылады:базис немесе грунт ұнтағын дистилденген сумен ұяшықтары бар арнайы керамикалық пластинада қаймақ тәрізді консистенцияға дейін араластырады.Кисточка немесе шпательмен дайындаған қоспаны қаңқаның бетіне біркелік қабатпен жағып,рифленый шпателмен нығыздайды.Артық ылғалды сүзгі қағазымен немесе косметикалық сүлгімен кетіреді.Жағылған грунтты қабаттың қалыңдығы минималды болу керек.Қаңқаны керамикалық тұғырға орнатып және пештің кіреберісінде алдын ала 4-5 минут ішінде 980+10 градус температурада қыздырады.Вакуумдық күйдіру 750 гр.-тан 980+10 градус температурада жүзеге асырылады.Соңғы температураға жеткенде вакуумды өшіреді және лотокты муфелден шығарады.Каркасты лотокта 30 секунд тағы ұстайды,содан кейін пештен шығарады.Ауада бөлме температурасында баяу салқындатады.Міндетті түрде сызаттар,ойықтарды жабу үшін және металдың көрінуіне жол бермеу үшін грунт қабатын жұқа қылып қайталап жағады.Бұл қабаттың сапалы жағылғанына көз жеткізгеннен кейін керамиканың дентин қабатының моделдеуіне және күйдіруіне көшеді.Коронканың оральді және окклюзионды бетін комбинирленген моделдеу арқылы жүргізеді.Дентинді массаны да аз порцияда жағады,рифленый шпательмен тығыздап,артық ылғалды сүзгі қағазымен кетіреді.Вестибулярлық бетті моделдеудің кейбір ерекшеліктері бар.Дентин массасын анатомиялық формасы қалыптасқанға дейін жағады.Осыдан кейін дентин қабаты кесу жиегінен тістің мойнына дейін кесіледі.Осылайша эмаль массаның қабаты дентин масса қабына біркелкі ауысуға жағдай жасаймыз.Дентиндік қабатты қалыптастыруда және бір массаның екіншісіне ауысу орнын табуда табиғи тістердің түсіне назар аудару керек.Күйдіру кезі жоғарда айтылғандай.Әрбір қайта күйдіру кезінде берілген температураны 5-10 градусқа төмендету ұсынылады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет