Патологиялық тістемдер, олардың түрлері, белгілері.
Патологиялық тістемдерде тіс қатарларының байланысуы, сондай ақ шайнау,сөйлеу қызметтері бұзылуымен қатар, науқастың сыртқы бет пішіні де өзгереді. Оларға прогнатия, прогения, терең тістем, ашық тістем, қайшы немесе қисық тістем жатады.
Прогнатия. Прогнатия жоғарғы жақтың шығыңқы орналасуымен сипатталады. Төменгі жақтың дистальды ығысуы немесе жоғарғы жақтың алға қарай созылуы алдыңғы және бүйір тістердің жабылуын бұзады. Прогнатияда жоғарғы тістер алға қарай итеріліп, олардың және төменгі тістердің арасында алшақтық болады. Көбінесе төменгі тістер шырышты қабыққа тиіп, жақ сүйектерін жабу кезінде зақымдайды. Молярлардың қатынасы келесідей: жоғарғы бірінші молярдың алдыңғы ұрттық төмпешігі төменгі жақтың бірінші молярының алдыңғы ұрттық төмпешігіне түседі. Айқын прогнатия жоғарғы тістер алға қарай қатты шығып, жоғарғы ерінді шығарады, оның астынан тістердің кесу жиектері көрінеді. Төменгі ерін жоғарғы тістердің астына түседі. Мұның бәрі науқастың сыртқы түрін бұзады және сонымен бірге сөйлеу мен шайнауды бұзады.
Прогения. Прогениялық тістем кезінде төменгі жақтың алға шығуы байқалады, нәтижесінде төменгі алдыңғы тістер жоғарғы тістерін жабады. Тістемде фронтальды тістердің тағамды кесуі қиын болады және бүйір тістерге ауысады. Бұл жағдайда бірінші жоғарғы молярлардың төмпешіктері екінші төменгі молярлардың төмепешіктерімен байланысады. Төменгі жақтың тіс доғасы көбінесе жоғарғы жақтан кеңірек болады, нәтижесінде төменгі шайнау тістерінің ұрттық төмпешіктері жоғарғы жақтың шайнау тістерінің сыртында орналасады. Прогения кезінде науқастың сыртқы түрі күрт өзгереді, сөйлеу және шайнау бұзылады.
Терең тістем.Терең тістемде төменгі күрек тістердің кесу қырлары жоғарғы иістердің төмпешіктерімен түйіспейтіндіктен терең жабылып тұрады.Төменгі күрек тістердің кесу қырлары жөғарғы тістердің мойны бөлігімен жанасуы мүмкін.Кейде мұндай байланыстың болмауы да мүмкін , бұл жағдайда тістер қызыл иекке тиіп , оны жарақаттайды.Терең тістеммен қатар , терең жабылу құбылысы болады.Терең жабылуда жоғарғы күрек тістер төменгі күрек тістердің биіктіктерін вертикал бойынша 1/3 бөлігінен артық жауып тұрады,бірақ кесу ұырлары таңдай төмпешіктерімен түйісуде саұтайды.Терең тістемде бұл түйісу болмайды.Терең жаьылу ортогнатиялық тістемнің анатомиялық варианты болып табылады,ал терең тістем ауытқушылыққа жатады.
Ашық тістем. Тістеудің бұл түрінде алдыңғы тістердің түйісуі болмайды, кейде тек молярлар байланысқа түседі. Терең функционалдық бұзылулар болады. Науқас тағамды молярмен тістеп, шайнайды. Молярлық шайнау аймағы азаяды. Тағамды шайнау қиынға соғады. Науқастың сөзі, сондай-ақ оның сыртқы түрі бұзылады.
Қайшы немесе қисық тістем. Қайшы тістем бір жақты немесе екі жақты болуы мүмкін. Қайшы тістем кезінде төменгі азу тістер ұрт төмпешіктерімен өздерінің аттас жоғарғы азу тістердің ұрт төмпешіктерін сыртқа жағынан жауып жатады. Алдыңғы тістер қалыпты жағдайда болады. Мұндай тістем жоғарғы тіс қатарының қысқаруы негізінде пайда болады.