Тісжегі қуысы туралы түсінік. Тісжегі қуыстарын егеп-тазалаудың негізгі қағидалары мен кезеңдері. Тісжегі қуыстарының орналасуына байланысты егеп-тазалау ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет10/12
Дата28.11.2023
өлшемі1,89 Mb.
#130576
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Лекция КПМ 1 каз

Микрогибридті композиттер


3.Тоталды толтырылған композициялық 
пломбалық материалдар 
(максималды толтырылған композиттер)
Бұл композиттердің толтырғышы құрамында 
көлемдері әртүрлі түйіршіктер болғандықтан: макро-, 
мини-, микротүйіршіктер, олар жоғары дәрежелі 
толтырылған композиттер қатарына жатады (80-90
%
). 
Органикалық матрицасы модификацияланған, отыруы аз 
(1,7 -
2,0 %), сондықтан бағытталған полимеризация 
әдісін қолданбауға мүмкіндік береді. Материалдарға 
көбісіне «құбылғы» («хамелеон») қасиеті тән, яғни 
пломбаның оптикалық жағынан тіс түсіне сай болуы.
Қолдану көрсеткіштері: 
I -
V классты қуыстарды 
пломбалау.
Өкілдері: 
Spectrum және т.б.


Тоталды толтырылған композит Spectrum 


4.Наногибридтік композициялық пломбалық
материалдар
Наногибридті композиттер микрогибридті композиттер 
жетіспеушілігін жою ұшін жасап шығарылды. Микрогибридті 
композиттердің жетіспеушілігі толтырғыштың ультраұсақ 
түйіршіктердің кеңістіктік құрылысының ерекшеліктеріне 
байланысты.
Микрогибридті композиттердің толтырғышы ірі (1 мкм 
дейін) және ұсақ (0,04 мкм) түйірішіктер қоспасынан тұрады. Ірі 
түйіршіктер композитке жоғары эстетика, абразивті тозуына 
тұрақтылығын қамтамасыз етеді, жылтыратуға жағдай жасайды. 
Бірақ ұсақ түйіршіктер (көлемі 0,05 мкм кіші) композиттің 
органикалық матрицамен нашар байланысады және 
агломерацияға (бір біріне жабысуға) үрдісі бар. Бұның 
нәтижесінде толтырғыштың ультраұсақ түйіршіктері композиттің 
ішінде, көлемі 0,1-0,4 мкм үшжақтық агломераттарды түзіп, 
біркелкі емес орналасады.


Композиттің ішінде толтырғыштың 
ультраұсақ түйіршіктері (нанотүйіршіктер) 
гомогенді орналасып, органикалық матрицамен 
жақсы байланысу үшін, жаңа материалдарды 
шығару кезінде нанотехнология әдістері 
қолданылды.
Наногибридты композиттердің толтырғышы 
нанотехнология негізінде жасап шығарылды. 
Құрамында наномерлер – 20 нм-ден 75 нм дейін = 
0,02
—0,075 мкм нанокөлемді түйіршіктері бар. 
Наномерлердің бір бөлігін нанотехнология 
көмегімен нанокластерге – көлемі 1 мкм дейін ірі 
түйіршіктерге біріктірілген. Нанокластер 
арасындағы кеңістіктері бос наномерлермен 
біркелкі толтырылған.


Бір материалдың ішінде ультраұсақ наномерлері мен 
үлкенкөлемді нанокластерді біріктіру нәтижесінде жоғары толтырылған 
материал болып шықты (78,5%). Осындай құрылым материалға жоғары 
беріктілік қамтамасыз етеді. Нанокомпозиттердің механикалық 
беріктілігі жақсы микрогибридті композиттердің беріктілігіне сәйкес. 
Басқа жағынан, нанокомпозиттердің эстетикасы жоғары. 
Құрамында бос наномерлердің болуына байланысты, оларға 
микротолтырылған композиттердің қасиеттері сай - жылтыратуға өте 
жақсы келеді және реставрацияның жылтырлығы тұрақты болады. 
Сонымен қатар, нанокомпозиттер басқа материалдардан 
түбегейлі айырмашылығы – жылтырату барысында, кейін абразивті 
тозу процессінде нанокластерлер материал бетінен «қағылмайды», 
олар баяу бүлінеді және полимерлі матрицаның жою жылдамдығына 
тең жойылады (наномерден кейін наномер). Осы процессінің 
нәтижесінде материал оңай «құрғақ» жылтырға дейін тегістеуге келеді 
және жылтырлығын ұзақ уақыт сақтайды.
Қазіргі уақытта стоматология тәжірибесінде 
Filtek Supreme
және 
т.б. наногибридті композитте
р кең қолдануда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет