Түктібаев үРМӘШ (1917-1944)



бет2/8
Дата27.11.2023
өлшемі347,83 Kb.
#129737
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар

МИХАЙЛЮК ЯКОВ ДАНИЛОВИЧ
(1919-2011)
БАЛМАҒАНБЕТОВ МАҚАШ
(1914-1977
1914 жылы Қазалы ауданындағы №17 ауылда дүниеге келген. Ол 1932-1938 жылдары колхозда есепші, кіші техник болып істеп, 1943 жылдың наурыз айында майданға аттанған. Құрамында сержант Балмағанбетов бар рота 1943 жылдың 25 қыркүйегінде Днепр өзенінің жағасындағы шайқаста 20 фашисті жойып, рота келгенше өз бекіністерінен табан аудармады.
Ерлігі мен батылдығы, жанқиярлығы үшін Мақаш Балмағанбетовке 1944 жылдың 22 ақпанында КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Мақаш Балмағанбетов соғыстан кейін Қарақалпақстанға қоныс аударып, Нүкіс қаласында тұрды. Бейбіт өмірдегі қажырлы еңбегі үшін Ленин орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. 1977 жылы 29 қыркүйекте қайтыс болды.
ӘБДІҚАДЫРОВ КӘКІМ
(1920-1978)
Әбдіқадыров Кәкім 1920 жылы Сырдария ауданындағы №14 разъезде дүниеге келген. 2-дүниежүзілік соғысқа басынан аяғына дейін қатысқан. Ленинград майданы құрамында Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласын қорғауда 2 рет ауыр жарақат алған. Соғысты Прага қаласында аяқтаған. Бірнеше медальдармен, жауынгерлік «Даңқ» орденінің үш дәрежесімен марапатталған, 4 рет Жоғары Бас қолбасшыдан алғыс алған. Соғыстан кейін халық шаруашылығында еңбек еткен. 1978 жылы 1 қарашада қайтыс болған.
Архангельск облысының Каргаполов ауданында туган. 1919 жылы туган. 1941 жылы Одесса жаяу әскерлер училищесінде курсант болып жүрген кезінде армияга шақырылады.
П.Артемов 1944 жылдың шілде айында атқыштар батальонының құрамында Ковель қаласының батыс жағындағы бекіністі бұзып өтуге қатысты. Батальонға Батыс Буг өзенінен өтіп, белгіленген алқапты дивизияның негізгі күші келгенше ұстап тұруға тапсырма берілді. Батальон жедел алга ұмтылып, Батыс Буг өзені төңірегін басып алып, жаудың 85 солдаты мен офицерін тұтқынға алды, содан кейін ешқандай кедергісіз Батыс Буг өзенінен өтеді де, Забережное қыстағын дивизияның негізгі күші келгенше ұстап тұрады.
Соғыстағы батырлығы мен ерлігі үшін 1945 жылдың 24 наурызы күні КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен батальон командирі капитан Петр Михайлович Артемовке Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.
Соғыстан кейін 1952 жылы Артемов М.Ф. Фрунзе атындағы әскери академияны оқып бітіреді. 1954 жылы запасқа шыққан полковник Қызылорда қаласында тұрды, №45 техникалық училищеде әскер ісі пәнінен сабақ берді. П.Артемов 1991 жылы 72 жасында қайтыс болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет