АРТЕМОВПЕТР МИХАЙЛОВИЧ (1919-1991) ӘБУТӘЛІПОВ ӘНУАР (1923-2002) 1923 жылы 7 желтоқсанда Жаңақорған ауданының "Талап" ауылында дүниеге келді. 1942 жылгы қазан айында 19 жасында майданға аттанды. 1943 жылы ақпанда ол тұңғыш рет ұрысқа кірді, 53-армияның Звенигород әуе-десанты дивизиясының 13-гвардиялық атқыштар полкінің станокті пулемет расчетінің командирі болды. 1944 жылдың қазанында Дебрецен операциясына қатысып Тисса өзенінен өту кезінде ерекше батылдық көрсетіп, көзге түсті. Ержүрек жауынгер өзеннің екі жағалауына 47 рет қатынап, жауынгерлерді, оқ-дәрі, байланыс заттарын өзеннен өткізеді, ұйқысыз дем алмай тәуліктен астам уақыт жұмыс істейді. Өз пулеметінен оқ жаудырып 18 жауды жайратты, жаудың 3 "тигрын" от-жалынға орады. Осындай ерліктері үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен Әнуар Әбутәліповке Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Жеңіспен елге оралған Ә.Әбутәліпов Жаңақорған ауданындағы "Түгіскен" кеңшарында еңбек етті. 2 рет Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. Ақын Адырбек Сопыбеков батырдың ерлігі жайлы "Жүрек жұтқан" атты дастан жазды. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Аққорған ауылындағы №209 орта мектепке батырдың есімі берілген. 1903 жылы Қармақшы ауданындағы №10 ауылда туған. Ауылдағы мектепті бітіріп, қоймада көмірші болып жұмыс істеген.
1942 жылы Қызыл Армияның қатарына алынып, барлаушылар бөлімінің командирі болды.
1945 жылдың 6 қаңтарында Т.Көмекбаев алғашқылардың бірі болып, Одер өзенінен өтіп, оның батыс жағалауындағы Энхиринд елді мекені маңындағы плацдармды ұстап тұрды. Осы жылдың 8 ақпанында Ванзен қаласы үшін болған ұрыста Т.Көмекбаев жаудың жеті рет жасаған шабуылына тойтарыс берді.
Ұрыста көрсеткен қаһармандығы мен ерлігі үшін Тәйімбет Көмекбаевқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 10 көкектегі Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Т.Көмекбаев I Украин майданы өкілдерінің құрамында Москвадағы Қызыл алаңда болған Жеңіс парадына қатысты. Соғыстан кейін ауыл шаруашылығында еңбек етті.
1987 жылы 13 ақпанда қайтыс болды. Қазір Батырдың туған ауылы оның есімімен аталады.