МИН АЛЕКСАНДРПАВЛОВИЧ (1915-1944) Жәлел Қизатов 1920 жылы 9 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Қарағай ауылында кедей-шаруа отбасында дүниеге келді. Соғысқа дейін ауыл шаруашылық техникумында оқыған, Петропавлдағы мұғалімдер институтын бітіріп, мектеп меңгерушісі болып қызмет атқарған,
Одесса, Қырым, Сталинград, Белорусь майдандарында фашистермен шайқасты. Батыр қалалар Одесса, Керчь, Сталинградты қорғауға, Украина, Белоруссия, Польшаны азат етуге, Германия жеріндегі ұрыстарға қатысты. Днепрді алу кезіндегі көрсеткен ерен ерлігі үшін аға лейтенант Ж.Қизатов КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылдың қаңтар айындағы Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атанды.
Соғыстан кейін Ж.Қизатов бейбіт еңбекке араласты. Қызылорда облыстық астық өнімдері басқармасының бастығы, облыстық табиғат қорғау қоғамы төралқасының төрағасы, төраға орынбасары болды.
Ж.Қизатов Арал экологиялық апатын жалпы мемлекеттік деңгейге көтерді, Ауған соғысы және Чернобыль апатына қатысушылардың мүддесін қорғауға белсенділікпен ат салысты. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуге айрықша көңіл бөлді. Екі Жеңіс Парадына қатысты, бірнеше өлең, әңгіме, поэма және повестер жинағының авторы. 1995 жылы 28 сәуірде Ж.Қизатовқа "Қызылорда қаласының Құрметті азаматы" атағы берілді. Қызылорда қаласының көшесіне және №23 орта мектепке батырдың есімі берілген.
Жәлел Қизатов 1999 жылы 26 сәуірде дүние салды.
ҚИЗАТОВ ЖӘЛЕЛ ҚИЗАТҰЛЫ (1920-1999) 1920 жылы 6 қарашада Қызылорда облысы Тереңөзек ауданының "Қызыл Коммуна" ұжшарында туған. 1933-1936 жылдары балалар үйінде төрбиеленген. Орта Азия университетінің жұмысшы факультетінде оқыған. 1937 жылы Ташкент педучилищесінің үшінші қурсына түсіп, оны бітіргеннен кейін Жоғарғы Шыршық ауданында, ал 1941 жылдан Қызыл Армия қатарына шақырылғанға дейін (қаңтар 1942) Тереңөзек ауданындағы Жәдігер орта мектебінде мұғалім болып қызмет атқарған.
1942 жылдың қаңтар айында майданға аттанады. Ол Мәскеуді, Сталинградты қорғауға, Элистаны, Ростовты, Донбассты азат етуге қатысты. Қазақ халқының адал ұлы Мәскеуден Будапештке дейінгі жолды жүріп өтті, Бенгрияда, Австрияда, Чехословакияда жауға қарсы соғысты.
Ұрыстағы ерлігі мен батырлығы, Дунай өзенінен өту кезіндегі тапқырлығы үшін Нағи Ілиясовқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Соғыстан кейінгі жылдары туғанжерінде жауапты қызметтер атқарды. Ленин, Еңбек Қызыл Ту орденімен, 3 дәрежелі Даңқ орденімен, медальдарымен марапатталды. Нағи Ілиясов 1987 жылы 6 мамырда қайтыс болды. Бұрыңғы "Қазақ ССР-інің 50 жылдығы" кеңшары (Сырдария ауданы) қазір Нағи Ілиясовтың есімімен аталады.