Т±лѓа теориялары (З. Фрейд, Э. Эриксон, Э. Фромм, А. Маслоу, К. Юнг, К. Роджерс)


Гуманистік психология тұрғысында тұлғаны тану



бет4/7
Дата03.12.2023
өлшемі152,5 Kb.
#133083
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
3 лек

Гуманистік психология тұрғысында тұлғаны тану

  • Гуманистік психология тұрғысында тұлғаны тану
  • К.Роджерстің феноменологиялық теориясы
  • Гуманистік психологияның негізін қалаушы, американдық гуманистік теориялардың бір өкілі, психолог – К.Роджерс ұзақ мерзімді клиникалық зерттеу жұмыстары нәтижесінде өзінің феноменологиялық теориясын және осы теорияға сүйенген “клиентке бағытталатын терапиясын” қалыптастырды.
  • К.Роджерс бойынша, адам - табиғаты бойынша конструктивтік, реалистік және белгілі бір мақсаттар мен өзіндік жетілдіруге ұмтылған белсенді тіршілік иесі. К.Роджерс, сондай-ақ, реструктивті-аномалды импульсивті мінез-құлық реакцияларын мойындайды, бірақ мұндай реакциялар тұлғаның шын мәніндегі ішкі табиғатына сәйкес болмаған жағдайларда көрінеді деп есептеген. Тұлғаның жүріс-тұрысы, оның субúективті қабылдауы мен танымы терминологияларын да түсіне аламыз. Тұлғаның мұндай ішкі жүйесі сыртқы жүріс-тұрысын анықтауда негізгі рөл атқарады. К.Роджерс бойынша, әр адам әр құбылысты субúективті қабылдайды және әр құбылысқа субúективті реакция көрсетеді, яғни осы субúективті тәжірибе Роджерстің феноменологиялық теориясының негізгі тезисі болып табылады.
  • Феноменологиялық психологияның негізгі тұжырымы бойынша, феномендердің психологиялық шындығы субúективті қабылдауға сүйенеді, шын мәніндегі шындық - бұл ағза қабылдауының және интерпретацияның шындығы. Тұлға өміріндегі негізгі мотив - ол өзіндік жандандыру тенденциясы, ағзаның барлық қабілеттерін дамытып қана қоймай, тұлға дамуы мен тұтастығын да қамтамасыз етіп отырады. Осы фундаменталды тенденция К.Роджерс қалыптастырған бір ғана негізгі мотивациялық конструктор болып табылады.
  • К.Роджерс тұлғаның өзіндік сана-сезімін, “мен” тұжырымдамасын қалыптастыруға негізгі мән берді, өзіндік сана құрылымында идеалды және реалды “мен” бейнесін толық көрсеткен. “Мен” бейнесінің дифференсациялануын, субúективті мәнділігінің артуын тұлға дамуының негізгі көрсеткіші ретінде қарастырады. К.Роджерс бойынша, идеалды “мен” бейнесі тұлға дамуын, тұлға жетілуін әрдайым итермелеп отырады. Идеалды “мен” мен реалды “мен-нің” арақатынасы өзіндік бағалау деңгейін көрсетеді. Реалды “мен” мен идеалды “мен” бір-біріне жақын болса, өзін-өзі бағалау жоғары.
  • Невроздың негізгі себебі - идеалды “мен” мен реалды “мен” арасында үлкен алшақтықтың болуы. К.Роджерс бойынша, “мен” тұжырымдамасының дамуы үшін қажетті шарттар мыналар:
  • 1. Позитивті қабылдау. К.Роджерс бойынша әмбебап және өзіндік “мен-нің” пайда болуы, “мен” тұжырымдамасының дамуы осыған байланысты. Позитивті қабылдау қажеттігі туа берілген, оның негізгі 2 жағы бар: біріншіден, өзінің позитивті қабылдануы; екіншіден, өзінің басқаларды позитивті қабылдауы.
  • 2. құндылық шарты. Позитивті қабылдау қажеттігі қанағаттанғаннан кейінгі негізгі шарт - тұлғаның құндылық бағаларының қалыптасуы.
  • 3. Шартсыз, бағалаусыз позитивті қабылдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет