Қарлыға ТЕЛМАН
ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ
ҒАЛЫМДАРЫ БАС ҚОСТЫ
циясы, түркі филологиясының өзекті
мәселелері, халықаралық деңгейде білім
беру бағыттары, түркі әлеміндегі әліпби
және гендер мәселелері т.б. бүгінгі таңдағы
ең өзекті күрделіліктері талқыланады.
Сондайақ, Қазақ хандығының тарихы мен
тағылымының «Мәңгілік Ел» идеясымен
сабақтастығы да осы жиын барысында
қарастырылатын болады. Жиынның басты
мақсаты – түркі халықтарының мәдени, ру
хани құндылықтарын зерттеу, зерделеу, да
мыту, әлемдік заманауи бағытта жаңғырту.
Пленарлық жиында қазақ тілінде баянда
ма жасаған Нийде университетінің ректоры
Аднан Гөрур: «Ата жұртымыз Қазақстанға әр
келгенімде үлкен толғанысқа бой алдырып,
өзімді ерекше бақытты сезінемін. Келген
сайын сіздер көрсеткен ықылас пен ыстық
лебіздер ата жұртымның маңдайымнан
иіскеген самалы сияқты сезіледі. Бұның
бәрі әрине бауырлас халықтардың бір
біріне деген ыстық сезімдерінің белгісі.
Осындай сезімдердің арқасында өзімді бұл
жерде ешқашан қонақ сезінбегенімді, өз
үйімдей көретіндігімді айтқым келеді», –
деп Қазақстан жерінде тұрғанына шексіз
қуанышты екенін жеткізіп,– «Төбеде көк
аспанымыз шөкпейінше, төменде қара
жер тесілмейінше біздің ғылымымызды,
әдетғұрпымызды ешкім бұза алмайды» деп
Көктүріктің қағаны Білге Қаған айтқандай,
өркендеу үшін білім жетілдіріп, ғылымға
мойынсұнып, күндізтүні еңбек етуіміз ке
рек», – деді. Ал, Түркия Республикасының
Қазақ стандағы бас консулы Субхи Атан
«Түрік және Қазақ халықтары арасындағы
6
6
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
№7 (130)
29 мамыр
2015 жыл
Ж А С Ы Н
Журналистика курсы – жарқын бастама
Жастарға ой салған жүздесу
Биылғы оқу жылының екінші жартысында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
университетінде «Қосымша білім беру бағдарламасы» аясында шығармашыл жастар үшін
«Журналистика курсы» ашыл ған болатын. Жуырда қыздар 4 айлық курсты тәмәмдап,
сертификатқа ие болды.
Тұңғыш рет оқу орнында ашылған бұл
курс университет студенттері үшін үлкен
маңызды бастама болды. Қазақ фило
логиясы және әлем тілдері факультетінің
студенттеріне ұсынысымен ашылған
курстың мақсаты – жас қаламгерлерге
жол бағыттау, журналистика саласының
қырсырымен таныстырып, үйрету болып
табылады.
Журналистика, қазақ баспасөзі, PR
саласының дамуы тарихы, беталысы,
табиғаты жайында сыр шертетін оқу кур
сы тілші, жазушы, ақын, пиар маманы
боламын деген жастар үшін қосымша
үлкен білім мектебі болды. Курс 5 түрлі пән
бойынша өткізілді: «Тележурналистика
табиғаты, этика және БАҚ», «Журнали
стика және РR», «Қоғаммен байланыс»,
«Шешендік өнер», «Бұқаралық коммуни
кация тілі мен стилі». Сабақты жүргізген
ұстаздар құрамы ең мықты, білімді, жур
налистика саласының мамандары. Атап
айтар болсақ, «Қыздар Университеті»
Жиында сөз алған Қ.Әуесбайұлы: «Мен
«Болашақ» халықаралық стипендиясының
иегері болып, бағдарлама аясында шетел
де оқып келдім. Елбасы Н.Ә.Назарбаев
2013 жылдың 29 қарашасында «Болашақ»
с т и п е н д и я с ы н ы ң 2 0 ж ы л д ы қ м е
рейтой форумында сөйлеген сөзінде
бағдарлама түлектеріне «Қазақстан –
2050» Жалпыұлттық қозғалысын құру
туралы ұсыныс тастаған болатын. Осы
форумнан кейін «Назарбаев Университеті»
қабырғасында бастамашыл азаматтар
тобы «Қазақстан – 2050» қозғалысының
негізі қаланды. Содан бүгінгі күнге дейін
қозғалыс дамылсыз жұмыс жасап келеді.
«Зияткер ұрпақ», «Тәлімгерлік» деген
жобалар барысында қозғалыстың мақсат
міндеттерін орындауға атсалысып келеміз.
Мәселен, бір мектептен бірнеше оқушыны
қабілетқарымы, ынтаықыласына қарай
тауып, оған тәлімгер боламыз. Мамандық
таңдауына ықпал етуге тырысамыз.
Өзімде осыны үнемі назарда ұстап, жас
жеткіншектерге бағытбағдар беремін. «Бір
адам мың адамға олжа салады» демекші,
басты мақсат өскелең ұрпақты талаптан
дыру», – деп қоғамдық ұйым жұмысын
кеңінен түсіндіріп өтті.
К е з д е с у б а р ы с ы н д а с т у д е н т т е р
шетелдегі білім жүйесі, ағылшын тілін
үйрену қажеттілігі, әлеуметтік желінің
п а й д а с ы м е н з и я н ы , қ а з а қ ж а с т а
ры мен батыс жастарының ұқсастығы
мен айырмашылығы сынды көптеген
тақырыптар негізінде сұрақтар қойып,
оған ұтымды жауаптар алды. Танымал
журналист Қанат Әуесбай қызықты әрі
мазмұнды сұрақ қойғаны үшін педаго
гика және психология факультетінің
3 курс студенті Айдана Өтемісова мен
физикаматематика факультетінің 4 курс
студенті Аида Өмірқұловаға «Қаржылық
тәуелсіздік» атты кітапты сыйға тартты.
Өз кезегінде Жастар саясатын дамыту
бөлімінің бастығы М.Ахтаева «Қазақстан
– 2050» Жалпыұлттық қозғалысының
медиадиректоры Қанат Әуесбай мырзаға
алғыс айта отырып, университеттің 70
жылдығына шығарылған «Университет
тер көп, Қыздар университеті – дара»,
«Қыздар университеті: кеше, бүгін, ертең»
атты үш тілде шығарылған кітаптар мен
«Айгүл» вокалдыаспаптық ансамблінің
альбомын сыйға тартты. Жастарға ой
салған келелі кездесу өте тартымды өтті
Арай ЖҰМАШҚЫЗЫ
28 мамыр күні Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық университеті
студенттері «Қазақстан – 2050»
Жалпыұлттық қозғалысының
медиа-директоры Қанат
Әуесбаймен кездесіп, Елбасының
5 институцианалды реформаны
жүзеге асырудағы 100 нақты
қадам бағдарламасын талқылау
мақсатында басқосу өткізді.
ПІКІР
медиа орталығының жетекшісіБаспасөз
хатшысы – Дәрмен Байтұрғанұлы Смай
ыл, «Қыздар университеті» баспасының
директоры Серік Акрамұлы Қалиев,
«Қоғаммен байланыс» бөлімінің бастығы
Кенже Оразайұлы Сартбаев, «Қоғаммен
байланыс» бөлімінің менеджері Нәзира
Елеуханқызы Жұмақұлова мен қазақ тіл
білімі кафедрасының оқытушысы Бибігүл
Мыңбайқызы Сұлтанова өз білімдерін
шәкірттеріне беруден аянбады. Курстың
оқытылу мерзімі – 3 ай көлемін қамтыды,
3 айда теориялық сабақтар жүргізіліп, 1
ай көлемінде практикалық жұмысын іске
асырды. Бір ай бойы студенттер газет
журнал, телевидение, радио бөлімдеріне
барып істәжірибеден өтіп, «Қазақстан
баспасөз клубына», «Kaspi bank» баспасөз
қызметінде және т.б. ұйымдар мен
мекемелердің баспасөз қызметінде қонақта
болып, тыныстіршілігімен, қызметімен
танысты. Бұдан өзге шығармашыл жастар
«Қыздар университеті» теларадио студия
сында сюжет жасауға араласып, оқу орын
баспасында кітап шығару жұмысымен
танысты. Сонымен қатар, «Қыздар
университеті» мен «Қыз Жібек» студенттер
газетіне мақала, сұхбат, ақпараттық мате
риалдар жазуға атсалысып, қаламдарын
ұштады. Сондайақ, курс қыздары «Ме
диа орталық» жанынан студенттер ара
сында шығармашыл жастардың орта
сын қалыптастыру мақсатында ашылған
«Студенттік медиа клубқа» мүшелікке
өтіп, алдағы уақытта алғашқы төл туын
дыларын ұстаздарының көмегімен кітап
етіп шығаруды мақсат қойып отыр. Айта
кетейік, жас ақын қыздардың кейбір туын
дылары «Үркер» жастар журналына және
т.б. мерзімді басылымдарға шығып үлгерді.
Ақпан айынан бастап жүргізіліп келе
жатқан осы курстың мен ең алғашқы
қатысушыларының бірімін. Бұл курсқа
қатысқаныма ешқашан өкінбеймін.
Себебі, көп нәрсені, атап айтқанда, жур
налистика мен пиар саласының жаңа
ақпараттық технологияларымен, жұмыс
тәсіл, әдістерімен, бұл салада қызмет
атқарып жүрген түрлі мамандардың рөлі,
міндеттерімен танысып, мақала жазуды,
сюжет жасауды, шешен сөйлей білуді,
бір сөзбен айтқанда журналистиканың
көптеген қырсырын үйрендім десем артық
айтқандық емес. Журналистика саласы – ең
қиын мамандықтардың бірі екеніне көзім
жетті. Бұл курс филология мамандығының
студенттеріне сапалы да, қажетті дүние
болды. Алдағы уақытта курстың жалғасын
табуына нық сенімдемін, себебі, көпшілік
студенттер қауымы қатысуға өз өтініштерін
казірденақ білдіріп жатыр. Қоғам ақыл
ойының қалыптасуы мен зияткерлік дамуы
на зор үлес қосатын, халқымызға жағымды
жаңалықтарды ұсынатын, билік пен халық
арасындағы алтын көпірге айналған журна
листер қауымының қатарын толтыру үшін
бұл бастама алдағы уақытта өз жалғасын
тапса екен деймін. Жас қаламгерлер, біздің
қатарымызға қосылыңыздар!
Мәдина БЕГАРЫСОВА,
Студенттік медиа клуб мүшесі
Ұлт бірлігі –
ұлы байлық
Татулығы мен достығы билік ет
кен мемлекеттер көп әлемде десек
те, бірі орыс, бірі өзбек деп бөлініп
жарылмай, бәрі бір үйдің баласын
дай, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол
шығарып» өмір сүріп жатқан ел санау
лы ғана. Сондай татулық пен бірліктің
нақ үлгісіндей болып күн кешіп келе
жатқан елдердің қатарында Отанымыз
Қазақстанның бар екені көкірегімізге
қуаныш кернетеді.
«Бірлік болмай тірлік болмас»
деген. Берекені көздеген ел мерекелі
тірлік жасаудан жалықпаған. Биылғы
жыл Қазақстан халқы Ассамблея сы
ның жылы деп аталып, «Береке баста
уы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын
ұстанған ел үшін шынайы достық пен
бірліктің ерекше мезгілі болып отыр.
Қазақстанның саяси қайраткер
лерінің пікірі бойынша, ұлтаралық
және дінаралық келісімнің сақталуы,
олар жүргізіп жатқан саясатының
басты қағидаларының бірі болып
табылады. Қазақстан аумағында
тұрып жатқан 130дан астам ұлт пен
ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта
татутәтті, береке мен бірлікте,
бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп
жатқандығын 1 мамыр – Қазақстан
халқының бірлігі күні мерекесінде
ғана емес, жыл бойы атап өтіп,
қазақстандық патриотизмнің дамуы
на, ұрпақ жадына сіңуіне көп еңбек
сіңіріп келеді.
Еліміздегі этностарды бұрынғыдан
да жақындастыру үшін бүкіл Қазақ
станда жаппай патриоттық шара
л а р ұ й ы м д а с т ы р ы л ы п к е л е д і .
Әрбір ұлттықмәдени орталықтар
жалпыхалықтық мейрамда дәстүр
мен салтқа толы түрлі көріністер
көрсетіледі. Халықтың көңілкүйін
көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар
ұйымдастырылады. Қазақстанның
бір бөлшегі Қыздар университетінде
де кез келген ынтымақтастық шара
лары жиі ұйымдастырылып келеді.
Бүгінде байтақ елімізді мекендеген
барлық ұлттар мен ұлыстар патри
отизм ұғымын жаңаша түсіне ба
стады. Олар бұл ұғымды тек ата
тегімен ғана байланыстырып қоймай,
Қазақстанның мемлекеттілігі, басқа
ұлттың мәдениеті мен дәстүріне деген
толерантты көзқарас сияқты қасиеттер
арқылы қарастырылуда.
Әрбір ұлт конституциялыққұ
қық тық заңнама негізінде өзіне
тән этностық ерекшелігін сақтай
отырып, Қазақстанның қоғамдық
құрылымына үйлесті сіңісе білді. ҚХА
қызметінің арқасында Қазақстанда
этностық немесе діни ерекшелігіне
қарамастан әрбір азаматтың Консти
туциямен кепілдік берілген азаматтық
құқықтары мен еркіндігі толығымен
қолданылатын этносаралық және
конфессияаралық келісімнің айрықша
үлгісі қалыптасты. Қазақстанның
көп этностық бай кеңістігінде сенім,
келісім мен өзара түсіністік үлгісі орна
ды. Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш
болып, ел дамуы жолында бейбіт күн
кешсек, нағыз Мәңгілік Ел атанамыз.
Альбина ҚАЛМЫРЗАЕВА,
Студенттік медиа клуб мүшесі
ӨЗ СӨЗІМ
«Бақ қайда барасың? Ынтымыққа
барамын» деген нақыл сөзді
естігенде, бір тал шыбықты оп-оңай
сындырып, бір буманы сындыруға
әлі келмеген бала жайындағы әңгіме
еріксіз еске оралады. Ынтымағы
мен бірлігі жарасқан елді жау да,
дау да ала алмайтындығын жақсы
түсінеміз.
7
7
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
№7 (130)
29 мамыр
2015 жыл
Т А Ғ Ы Л Ы М
Қыздар университетінің «Жасыл ел» жастар
еңбек жасағы «Табиғатты аялайық, болашақты
ойлайық» атты ұранмен «Парктер шеруі 2015»
Халықаралық экологиялық табиғатты қорғау
акциясына қатысты. Ерекше қорғалатын табиғи
қорығы қорының нысандарын сақтап қалуға,
жалпы жұртшылықтың назарын аударуға
арналған ісшара Ақсай орманшылығында
ұйымдастырылды.
Акция барысында студенттер тазалық
жұмыстарын атқарумен қатар, Ақсай орманының
т а б и ғ а т ы м е н , е р е к ш е л і г і м е н т а н ы с т ы .
Орманшаруашылығымен танысу барысында 30
жылдан астам өмірін бір өзі тастан қорған салып
жатқан 66 жастағы қария Иван Александровичпен
танысып, тұщымды әңмесін тыңдады. Қарияның
табиғатқа деген құрметі мен сүйіспеншілігі бар
шамызды тәнті етті. Туған жердің жыл он екі
ай табиғаттың 4 мезгілі туатын әсем табиғаты –
біздің басты байлығымыз. екендігін ұғындық
Акция соңында Қыздар университетінің
тәрбие ісі жөніндегі проректоры З.Қ.Сабыроваға,
Жастар саясаты дамыту бөлімінің басшысы
М.Ақтаеваға және шараға қатысқан барлық
белсенді студенттерге «Іле Алатауы» мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі атынан алғыс хат берілді.
Қыздар университетінің еңбек жасағы қалада
өткізілетін түрі акциялардан қалмайды. Бұған
дейін жасақ мүшелері «Өз ағашыңды отырғыз»
акциясы аясында Медеу шатқалына ағаш
отырғызып, алғысқа бөленген еді.
Мөлдір БОРАНЖАНОВА,
«Жасыл ел» жастар еңбек
жасағының төрайымы
Жаған бегім – Қазақ хандығын
құрушылардың бірі Жәнібек ханның
жары, Шайбани әулетінің атақты ханы
Мұхаммед Шайбанидің інісі Махмұд
сұлтанның шешесінің туған сіңлісі.
Қазақ хандығын құру жолында аян
бай тер төккен Жәнібек ханның жары
Жаған бегім шынайы ақылдылық пен
даналықтың белгісіндей. Ханның жары
бала тәрбиесінде ұлдарына қайсарлық пен
өжеттікті, ұлтшылдықты сіңіріп өсірген
деп айтуға әбден болады. Жәнібек ханның
бел баласы Қасым хандай батырды туған
ана қазақ халқының тарихында беделді
әйелдерді бірі болды деуге толық негіз бар.
Бүкіл Орталық Азияның әміршісі
Мұхаммед Шайбани ханның әскерін 1510
жылғы қысқы жорықта Қасым әскері
талқандағаннан соң, Қазақ Ордасының
күшқұдіреті шартарапқа тарайды. Қазақ
жұрты Қасым сұлтанды ежелгі түрік
дәстүрі бойынша ақ киізге отырғызып,
хан көтереді. Ортағасырлық тарихшы Аб
даллах бен Мұхаммед бен Әли Насруллах
өзінің «Зубадат әлАсар» атты кітабында:
«Қасым хан бүкіл Дешті Қыпшақтың пади
шахы болды. Ол ұлы істер жасау үшін туған
адам еді. Қасым ханның қисапсыз әскері
қазақтар мен ноғайлардан құралған еді»
деп жазады. «ТарихиРашиди», «Шай
банинама», тағы басқа деректемелердегі
мәліметтерге қарағанда, қазақтардың
этникалық территориясының негізгі
аудандары қазақ хандығына Қасым хан
ҰЛЫ ДАЛА ҚЫЗДАРЫ
Қасым ханның анасы Жаған бегім
Өз ағашымыз бар
ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ –
БҮГІНГІ ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ
Кешегі күн өтіп кетті, ол – өзінше бір
тарих. Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін
қаншама қилы-қилы заманды бастан
өткергені айдан анық. Кейде шын мәнінде
өскелең ұрпақ Тәуелсіздіктің қадіріне
жетпей жүре ме деген үрей де бар. Ол
үшін үнемі қазақ халқының басынан өткен
ащы тағдырды жадымызда сақтағанымыз
абзал.
Ес дәптер
Жазушының жалпыдан айырмасы
өмірдің өрнегін өрмек етіп өре білуінде,
көркемдікті көре білуінде, айқын
дүниені айшықтап бере білуінде.
***
Абыройлы істің азабы – құлдікі, ерлігі
– ердікі, беделі – бидікі, берекесі –
елдікі.
***
Жеген асың сайлы, жатар төсегің
жайлы болсын.
***
Этно-рэп – әрі ән, әрі би.
Арқалантқан арыны – сақтардың
сарыны, ұлы даланың думандатқан
дабылы.
***
Тәтті өтіріктің артын ащы шындық
ашады.
***
Өтірік ұялатындар шын ұятқа
қалдыратындар.
***
Студент білімсіз болса, мұғалім
тәлімсіз болады. Біреуі қысылмайды,
біреуі қымсынбайды.
***
Баласына дұрыс тәрбие бере алмаған
кісі қоғамның алдында қылмыскер.
Өйткені, бір бала бір рулы елдің басы,
қауымның іргетасы.
***
Байлық та, билік те – сынақ.
***
Ғаламзат, ғаламзаттың гауһары –
Адамзат.
***
Тәніңді күтуді табаныңнан баста.
***
Ұлттық саясаттың деңгейі ұлттық
рухтың деңгейімен өлшенеді.
***
Ішіңде бұлқынып өлген берекелі сөздің
обалын өзің көтересің, сыртыңа
алқынып шығып айқындалған
айшықты сөздің сауабын ел
арқалайды.
***
Әйелдің киім үлгісі көз сүрінетін емес,
көз сүйінетін, көңіл тулататын
емес, көңіл қуантатын әсем де әрлі,
әдепті да сәнді, сыпайы да сымбат-
ты болғанда ғана әйелдің өзі сый-
құрметке лайық қабылданады. Денеңді
жабыңқырап жүру қорлану емес, сұқ
назардан қорғану. Ашылыңқырап,
шашылыңқырап жүру анайылыққа
алдану, ашкөздерге арбалу.
Ғалия ҚАЙДАУЫЛҚЫЗЫНЫҢ
«1001 түйін» кітабынан
Көктемнің соңғы айының соңғы
күні, яғни 31 мамыр – Саяси қуғын
сүргін құрбандарын еске алу күні. Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың арнайы жарлығымен
1997 жылы жалпы ұлттың татулық пен
саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу
жылы болып жарияланып, ҚР Үкіметіне
жыл сайын 31 мамырда боздақтарға
арналған ісшара өткізіп отыру жүктелген
еді. Парасатты басшының мақсаты – ұлт
болашағы, ұрпақтың қамы екені белгілі.
Тарихымыздың қойнауына жұтылып кет
кен жылдарды үнемі еске алып, жарыққа
шығару арқылы елдегі қоғамдықсаяси
тұрақтылықтың қадірін түсінуіміз қажет.
Саяси қуғынсүргін жылдары Алаштың
кемеңгер ардақтылары жазықсыз жаза
ланып, жапа шекті. Орыстың отарлаушы
әкімшілікжазалаушы жүйесі үлкенді де,
кішіні де, тіпті нәзікжанды дейтін әйелді
аяған жоқ. Қазақстан халқы ГУЛАГ, КАР
ЛАГ, АЛЖИР сынды түсініксіз түрмелерді
көрді, ату жазасына кесілді. Айтуға ауыз
бармаса да, тілге тиек етуге тура келеді,
мұнда А.Бөкейханов, А.Байтұрсынов,
М.Дулатов, О.Жандосов, С.Сейфуллин,
І.Жансүгіров, Б.Майлин, М.Тынышбаев,
Т.Рысқұлов, М.Жұмабаев, С.Асфендияров
секілді қазақ интеллегенциясының сүт
бетіндегі қаймақтары құрбан болып кете
барды. Тіпті Қазақстандағы саяси қуғын
сүргін 194050 жылдарда да жалғасып,
Қ . С ә т б а е в , М . Ә у е з о в , А . Ж ұ б а н о в ,
Е.Бекмахановтар соның құрбаны болды.
1991 жылы 26 сәуірде «Қуғынсүргінге
АКЦИЯ
Суретті салған Ә.Бақтыгереев.
ұшыраған халықтарды ақтау» туралы заң
қабылданған. XX ғасырдың 30 жылда
рында «халық жаулары» ретінде жазықсыз
атылып, сталиндік үлкен террордың
құрбандары тәуелсіздік алғаннан кейін
ұ л т т ы ң а д а л ұ л д а р ы м е н б а т ы р л а
ры екендіктері ашық әрі жарқын дауы
спен айтыла бастады. Жазықсыз құрбан
болғандардың отбасы мен ұрпақтары да
еркін жүріптұратын болды. Бұл уақыт
көшімен бірге ақиқатты астары ақтарылып,
шындықтың беті ашылған ерекше жеңіс.
192030 жылдардағы Қазақстандағы
ашаршылық апаты мен Алаш азаматтарын
ешқашан ұмытуға хақымыз жоқ. «Малым–
жанымның садағасы, жаным – арымның
садағасы» деп өмір сүрген халықтың
қолындағы бар малын, дүниесін «Асыра
сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деп
ұрандатып үкіметке өткіздірткен, одан
қала бере халықтың көзі ашық, көкірегі ояу
азаматтарын бірінен соң бірін халық жауы
деп танып, репрессияға ұшыратқан қанды
қол қырғынның зардабы оңай болған жоқ.
1932–33 жылдардағы аштықта 4 миллион
нан аса адам қырылып қалған. Бұл –
қанша уақыт өтсе де тарыдай шашылған
қазақтың басына түскен үлкен нәубет,
ұмытылмайтын ғасыр қасіреті!
Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген, –
деп жырлаған Жұбан Молдағалиев. Бізге
Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ, оның
жолында қаншама қиындықты бастан
кештік, байлығымызды жоғалттық. Енді
өткенге салауат айтып, құрмет көрсетіп,
дербестігімізді сақтап, елдігімізді бекемдеу
керекпіз.
Арай ЖҰМАШҚЫЗЫ
тұсында біріктірілген деп көрсетіледі.
Байтақ далада қазақтардың басын қосып,
ел билеген Қасым ханның анасы Жаған
бегім туралы көп мәлімет жоқ.
Тарихшы ғалым Нұрлан Атығаев:
«Қасым мен Қамбар сұлтанның анасы
Жаған бегімнің шығу тегі әлі белгісіз
болып отыр. XVI ғасырдың басында
жазылған Молла Шадидың «Фатхнаме»,
Камал адДин Бинаидың «Шайбани
наме» және авторы белгісіз «Таварихи
гузидайи нусратнаме» (бұл шығарманы
жазуға өзбек билеушісі Мұхаммед Шай
бани тікелей қатысқан) шығармаларында
Қасымның шешесі Жаған бегім мен
Шибан ұрпағы Махмұд сұлтанның анасы
Ақкөзі бегім апалысіңлілі болды деп
көрсетіледі. Камал адДин Бинаи Ақкөзі
бегім «Алтан хан ұрпағы» деп жазады.
В.П.Юдин пікірінше, Алтан хан (Алтын
хан) атауымен әртүрлі әулеттердің, соның
ішінде Қытай билеушілері аталып жүрді.
Ортағасырлық тарихшы Ходжамқұли
Балхи өзінің «Тарихи Қыпшақхани»
атты шығармасында Ақкөзі бегім «Қытай
билеушісінің қызы» деп анық көрсетеді.
Алайда Жаған бегім осы кезеңде Қытайда
билік құрған Мин әулетімен туыстық
байланыста болды деп сеніммен айтуға
қосымша деректер қажет. Бізге белгілі
деректерде, ең алдымен Қытай жыл
намаларында ондай мәліметтер жоқ.
Сонымен қатар, осы кезеңде қазақтар
Қытаймен қарымқатынаста болмады
деп үзілдікесілді айтуға да болмайды.
Қазақтармен тығыз байланыста болған
моғұл билеушілерінің Мин әулетімен
қарымқатынас ұстағаны туралы де
ректерде мәліметтер бар» деген пікір
білдіреді. Ғалымның пікірнен кейін әлі де
толық зерттеу қажет екендігін түсінеміз.
Жәнібек ханға жар болған, Қасым хандай
ұлды тәрбелеген Жаған бегім бесік тербет
кен ана ретінде, ел бастаған дана ретінде
өзінің тарихи бағасын алу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |