Тұлға адамның психологиялық қасиеттерінің жүйесі ретінде Темперамент


Темпераменттің физиологиялық негізі



бет2/3
Дата02.05.2023
өлшемі19,65 Kb.
#89212
1   2   3
Темпераменттің физиологиялық негізі – жүйке жүйесінің жалпы типі болып табылады. И.П. Павловтың пікірінше, темпераменттің физиологиялық негізінде қозу мен тежелу процестерінің қасиеттері: қозу, мен тежелу күші, олардың тепе - теңдігі және қозғалымпаздығы жатыр. И.П. Павлов қозу күші мен тежелу күшін жоғары жүйке жүйесінің бір-бірінен тәуелсіз қасиеттері ретінде бөліп қарастырды. Қозу күші жүйке талшықтарының жұмысқа қабілеттілігін бейнелейді. Тежелу күші тежеуді жүзеге асыратын жүйке жүйесінің қызметі.
Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы. И.П. Павловтың нерв жүйесінің типтері туралы ілімі бойынша 4 түрлі темперамент өкілдері бойынша сипатталады.

Мәселен, нерв процестері күшті, бірі екіншісіне тен, келмейтш адамдар көбінесе ұйтқымалы, қимыл-қозғалысқа шапшаң келді.


Олар- ұстамсыз, күйіп-пісуге ылғи да дайын тұратын күйгелек адамдар. Істі бұрқыратып істегенмен, олаодың кейде қолын бір сілтеп сылқ түсетін кездері де болады.Бұлар -холерик темперамен-тінің өкілдері. Павлов холериктерді жылдам, тез әсерленгіш, жалындап атып тұратын жауынгер тип деп атады. Сангвиник темпераментінің өкілі, Павловтың айтуынша, қуатты, тұрлаулы, ширақ тип ойнақы, еті тірі бірақ кез келген істі бастап тастап жүре береді. Ол жұмысқа қаблетті, беріліп істейді, басқа адамдармен тез тіл таба біледі, ұжым арасында өзін көңілді ұстайды, былайша айтқанда, ақ—көңіл, қызу істің адамы. Оның осал өнері -іс жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді, енді бірде жеңіл мінезділікке салынады. Бұл оның эмоцияларыйың тұрақсыздығынан және жалпы қозғалғыштығынан туатын жә йыттар.
Флегматик — темпераментіндегі адам көбінесе салмақты, сабырлы келеді. Олар кез келген сезім білдіре бермейді, асықпай, баппен жүріп-тұрады, сезімдері сыртқа шақпайды десе де болады. Осы темпераменттің бір осал жері -қимыл-қозғалыстың баяулығы, өмірде болып жатқан жағдайларға селсоқ қарайтындығы, оң тайлықтың жоқтығы. Бірақ мұның ұстамдылығы, салқын қандылығы, адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын қасиет болып табылады.
Меланхолик — темпераментінің адамға әсер етпейтін нәрсе жоқ, бірақ әсер еткен нәрсесінің бәріне өз сезімін білдіре бермейді не де болса ішінде жүреді. Мұндай темпераментте адам өзге адамдармен щнша көп жүғыспайды, бірақ тиісті жерінде айтайын дегенін айта алады. Тұйықтық, өз
ойына шомуға бейім тұрушылық орынсыз и балылық — осы темпераменттің ең бір нашар жағы.
Грек тілінен аударғанда «мінез»- «із қалдыру» деген түсінік береді.Шынымен де мінез- адамның қоғамдық ортада жүріп қалыптасатын «белгісі».
Демек, «мінез- бір-бірімен белгілі байланысы бар адамның қасиеттерінің ерекшелігі». Аристотель мінез жөнінде төмендегідей сөздер айтқан «Мінез дегеніміз қыр-сырын көре жүріп, кісінің қадір-қасиетін анықтайтын нәрсе» 
Нақты адамды сипаттау және бағалау кезінде оның мінезі туралы айтады. Әрбір адам басқа адамдардан өзінің даралық ерекшеліктеріне қарай ажыратылады. Мінез деген психологиялық қасиеттің төркіні, гректің “charakter” деген сөзінен шыққан. Мәнісі – іс қалдыру. Психологияда бұл жеке, дербес мағынада, адамдарға байланысты ұғым. Психологияда мінез түсінігі адам іс-әрекеті және мінез-құлқы формасында көрінеиін жеке-дара психикалық қасиеттердің жиынтығы. 
Мінез - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде әрқилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын білдіреді. Мінез – бұл адамның әлеуметтік мінез-құлқының ерекшелігі, ол әлеуметтік топтағы адамдардың жүктелген ісін орындауда, адам аралық қарым-қатынасында көрініп отырады. Мінез ерекшеліктері адамның даралық, өзіндік психологиялық қасиеттері. Дегенмен, адам бойындағы барлық ерекшеліктердің бәрі бірдей. Мыслаы, естудің нәзіктігі, көздің көргіштігі, есте сақтаудың шапшаңдығы, ақыл-ойдың тереңдігі мінез ерекшеліктеріне жатпайды. Адамның іс-әекеті сол іске деген қатынасымен қатар қатар ерік-жігеріне, көңіл-күйіне, зеректігіне, ақыл-ойына да байланысты болады. Соның нәтижесінде адамның әр алуан психикалық процестер оның іс-әрекет түрлеріне ықпал етіп, адамның ақыл-ойын, көңіл-күйін, эмоциясын, ерік-жігер қасиеттерінің ерекшеліктерін айқын аңғартады. Мінез өмір бойы қалыптасуы мүмкін. Мінез қалыптасуына адам ойларына, сезімдеріне және ын таларына да байланысты болады. Сонымен, адамның өмір сүру ерекшлігімен қатар оның мінезі де қалыптасады. Осыған орай, өмір бейнесі, қоғамдық талаптар және нақты өмірлік жағдайлар мінез қалыптасуында мәнді рөлге ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет